"Шұғыла-Радуга" газеті

Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газеті 1966 жылдың 1 шілдесінен бастап шығады. Басылым аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері қазақ және орыс тілдерінде жарық көреді. Таралымы – 3000 дана, аудан аумағында таратылады. Газет «Шұғыла-Радуга» газеті редакциясында компьютерде теріліп, беттеліп, Тараз қаласындағы «Қанатты қалам әлемі» ЖШС баспаханасында басылады. Газет ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде 12.11.2014 жылы тіркелген.

Меншік иесі: Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газеті редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қаржының негізгі бөлігі (85-90 пайызы) мемлекеттік тапсырыс беруші ретінде аудан әкімдігінен бөлінеді.

Редакцияның мекен-жайы: Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы Абай көшесі №78.

Серіктестер