Super User

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт URL-ы: http://www.joomshaper.com

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жариялаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымен таныса отырып, еліміздің кешегі, бүгінгі және болашақтағы даму жолдары туралы мол ақпарат алдым. Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи орнын анықтап, небәрі 26 жыл ішінде даму мен тұрақтанудың ерекше үлгісін көрсеткен жас мемлекетіміздің болашаққа жасалған нық қадамдары нәтижелі болды.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға көбейтуді тапсырды. Әрине, бұл Елбасының келешек ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп отырған ұлағатты ұстазға деген құрметі деп білемін.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы биылғы жылдың басты құжатында 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырды. «Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі. Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет», – деді Елбасы.
Иә, ел мерейін асыратын биылғы жылдың басты құжатынан біз – ұстаздар қауымы үлкен үміт күтеміз.
Ақмарал Қыдырбекова,
Амангелді атындағы орта мектептің мұғалімі.

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 00:00

Дамудың жаңа мүмкіндіктері

Халқымыздың тұрмыс-тіршілігіндегі, еліміздің экономикалық үрдісіндегі ілгері қадамдар мен болашаққа бағдарлар Елбасының жыл сайын жарияланатын Жолдауында дәйекті түрде айқындалып отырады. Мемлекет басшысының құнды құжатынан жыл сайын өзгеріс, қарқынды қадам күтеміз.
Елбасының биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен таныса отырып, ел өрісі мен өркениетінің әлемдік талғамға кеңінен құлаш сермегенін аңғардым. Ел өмірінің барлық саласын қамтыған Жолдау тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына бастайды деп сеніммен айта аламын.
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты бұл Жолдауында біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала беретінін айтқан Елбасы маңызды 10 мәселені атап көрсетті. Олар – индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің жаңа көшбасшысына айналуы тиіс екені, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі, көлік-логистика инфрақұрылымын арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын қайта жаңғырту, адами капитал, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, «Ақылды қалалар» – «Ақылды ұлт» үшін қағидасы.
Ендігі жерде біз Жолдау жүктеген міндеттер мен тапсырмалар үдесінен шығуға тиіспіз. Себебі бұл – қазіргі таңдағы жаһандық тұрғыда әлемде болып жатқан өзгерістерге сәйкестендіріліп жасалған үлкен бағдарлама. Елбасының ой-тұжырымдарынан туындаған тапсырмалар толық орындалған жағдайда мемлекетіміздің зор жетістіктерге жететініне сенімім кәміл. Біз өсіріп отырған ұрпақтың Мемлекет басшысы алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыра алатынына көзім жетеді.
Алпысбай Жұмаханов,
аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы.

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 00:00

Жаңа көкжиектерге шығарады

Президент Жолдауы – Қазақстан халқының және билігінің алдындағы шешілуге тиісті мақсат-міндеттер, жоспарлар мен шаралар. Олар қоғамның өзгеруіне байланысты өзгеріп отыруы міндетті. Ғылыми негізделген, осындай нақты міндеттерді шешу жоспарлары бар мемлекеттер ғана ойдағыдай дамуға қол жеткізеді. Оны әлемдік тәжірибе үнемі дәлелдеп келеді. Қазақстан – осындай мемлекет. Елбасының көрегендігі арқасында аз уақытта толағай табыстарға жетіп келеміз.
Елбасы жариялаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында ел экономикасын дамытудың басым 10 бағытын көрсетіп берді.
Ұлт көшбасшысының алысты болжаған көреген саясаты нәтижесінде біздің еліміз биік белестерді бағындырды. Қазақстан 2017 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды, жаңа жылдан бастап біз оған төрағалық етудеміз. ТМД елдері арасында бірінші болып бүкіләлемдік мамандандырылған ЭКСПО көрмесін өткіздік.
Елбасымыздың дәл осындай нақты, уақытылы және сенімді түрде белгілеген жоспарлары мен міндеттерінен бастау алғанын ескерсек, бұл Жолдаудың мақсаттарын да орындап шығарымыз анық.
Өндіріс пен жаңа технологияларды үздіксіз жетілдіру, ауыл шаруашылығын заманауи деңгейге көтеру, білім мен денсаулық сақтаудың сапалық жағынан жоғарылай түсуіне мән беру сияқты жаңа мақсаттар мен әлеуметтік саланы нығайта түсу, әсіресе, білім беру саласының негізгі күші – мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсарта түсу мәселелері халықтың жоғары қолдауына ие болып отыр.
Бүкіл халықты нақты, айқын мақсаттарға бағыттап келе жатқан Елбасының бұл Жолдауы да әрбір қазақстандықтың рухын көтеріп, жаңа көкжиектерге бастарына күмән жоқ.
Нұрлан Несіпбеков,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 00:00

Жарқын болашаққа бағдар

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына өз Жолдауын арнап, тәуелсіз Қазақстанның дамуының басты бағыттарын белгілеп келеді.
Күні кеше Мемлекет басшысы халыққа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялап, өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделудің және табысқа жетудің 10 міндетін атап көрсетті. 
Оның ішінде ең алдымен индустрияландыруға, әсіресе кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға, кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды белсенді түрде енгізуге, «Ақылды технологиялар» арқылы аграрлық ғылымды дамытуға, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізуге, қаржы секторын қайта жаңғыртуға айрықша назар аударылып отыр. Сондай-ақ Елбасының биылғы Жолдауында әр жылда негізгі міндетке айналып келе жатқан әлеуметтік салаға да ерекше көңіл бөлінді. 
Онда жастарды жаңа технологиялық жағдайға дайындаудың маңызды шарттары айтылып, білім берудің жаңа сапалық көрсеткіштері айқындалды. Осы ретте Елбасы білім беру мекемелері арасында бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру жүйесі енгізілетінін ерекше атап өтіп, азаматтарды әлеуметтік қаржылай қолдаудың басым бағыттарына тоқталды.
Елбасының биылғы Жолдауы – заманға сай тарихи өрлеу дәуіріне бастайтын, барша қазақстандықтарды ортақ мақсат жолында жұмылдыратын, әрбір азаматты нақты іс-әрекетпен өсуге жетелейтін, біртұтас ұлт болу қадамымызды айқындайтын өте маңызды құжат. Оны абыроймен атқару – баршамыздың абыройлы міндетіміз.

Рүстем Бегалиев,
аудандық мәслихаттың хатшысы.

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 00:00

Жарқын болашақ кепілі

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы халықтың көкейінде жүрген көптеген құндылықтарды дөп басты. Соның ішінде білімнің салтанат құруын ерекше атап өткен жөн.
Ұлт көшбасшысының «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды» деген  сөздері ойлы адамға әсер етері сөзсіз.
Шынында, тәуелсіздік алып, ел іргесі берік бола бастаған тұста Елбасы көрегендік танытып, «Болашақ» бағдарламасын қолға алды. Осы бағдарламаның арқасында мыңдаған жастар «талаптың тұлпарына мініп», әлемдегі ең беделді деген оқу орындарында білім алды. Оқуын тәмамдаған қаншама түлек бүгінде ел игілігі үшін қызмет жасап келеді. «Болашақ» талай жастың жарқын болашағына жол ашты. Одан басқа да бірталай жобалар жүзеге асты. Атап айтар болсам, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы да сан түлектің бойында үміт отын жақты. Оқу орнын бітіріп, қолына дипломын алған қаншама жас маман ауыл-ауылдарда жұмыс жасап, сол аймақтың өсіп-өркендеуіне үлес қосып келеді. Елбасы өзі айтқандай, елімізде өте жоғары деңгейдегі университеттер мен зияткерлік мектептер ашылды. Өзіміздің жоғарғы оқу орындары да атынан ат үркетін әлемдегі көптеген университеттермен иық тірестіре алатын деңгейге жетті. Сән-салтанаты жарасқан отандық білім ордаларына жаһан қызыға да, қызғана да қарайды. Оқимын, білім аламын деген адамға мемлекетіміз бөгет болмайды, керісінше, қолдау көрсетіп, демеу болады. ЖОО-нан бөлек, еліміздегі зияткерлік мектептердің де деңгейі өте биік. Халықаралық олимпиадаларда жүлделі орын алып жүрген оқушыларымыз – осы сөзіміздің дәлелі. Зияткерлік мектептер сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеп жатыр. Жоғарыда аталған жетістіктеріміздің бәрі елімізде білімнің қаншалықты салтанат құрғанын аңғартып тұр. Осылардың барлығы әуелі тәуелсіздіктің, сосын Елбасының сарабдал саясатының жемісі.
«Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек», – дейді Мемлекет басшысы өз мақаласында. Расында, дамыған елдердің ішінен өз орнымызды ойып тұрып аламыз десек, алдымен білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбауымыз қажет. Себебі, білім салтанат құрған елдің болашағы жарқын, келешегі кемел болмақ.

Рина Жұмаділова,
Б.Тайшапұлы атындағы орта мектептің директоры.

Сәрсенбі күні Шайқорық орта мектебінің жанынан 50 балаға арналған «Сәдуәлі» шағын орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы, аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова қатысты.
Ауыл тұрғындары алдында сөз алған Ерлан Қыдыралыұлы Шайқорық ауылының тұрғындарын осы шағын орталықтың ашылуымен құттықтап, ұжым жұмысына табыс тіледі. Жылы лебіздер легін жалғаған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынбай Рысбаев шағын орталықтың ашылуына ықпал етіп, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған аудан басшыларына ризашылығын білдірді.
Ізгі тілектерден кейін Ерлан Қыдыралыұлы мен Орынбай Рысбаев жаңа шағын орталықтың кермесін қиып, ғимарат ішін көпшілікпен бірге аралап көрді. Заманауи құрал-жабдықтармен толық жарақтандырылған орталық тұрғындар көңілінен шықты.
Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға жалғасты.

Құрбанәлі Шахабай,
«Шұғыла».

Сенбі, 06 Қаңтар 2018 00:00

Есте қалар ерекше күн

Жаңа жыл мерекесі жақындағанда балғын балалар Аяз ата мен Ақшақарды асыға күтеді. Қоржын толы қызыл қапты арқалаған Аяз ата алдында тақпақтарын айтып, әндерін шырқап мәз-мейрам болатын балалар құр алақан қайтпайтынын сезеді. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Гродеково ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ауылдық Мадениет үйінде «Жана жыл келді!» атты мерекелік шарада ертегілер еліне саяхат жасап, ән айтып, би билеген балғындар Аяз атадан сыйлық алды. Шараға, негізінен, әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардың балалары мен мүмкіндігі шектеулі жандар шақырылды. Жасыл шырша жарқыраған кеште ауыл әкімі Б.Қожабеков, «Талас» шекара комендантының тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бойынша орынбасары Д.Амренов, «Айшабибі» шекаралық бақылау бөлімшесінің бастығы А.Жарқынбек балаларды мерекесімен құттықтап, жаңажылдық сыйлықтарын тапсырды.
Жаңажылдық кеш соңында ата-аналар ауыл әкімшілігі мен «Талас» шекара комендатурасы қызметкерлеріне алғысын жеткізді.
Г. Даулбаева,
Гродеково ауылдық округінің бас маман-салық агенті.

Сенбі, 06 Қаңтар 2018 00:00

Жаңа жылдың тұңғыш перзенті

«Көп бала көгергенімізге жақсы», «Балалы үй – базар» деп жатамыз. Өткен жылы Жасөркен ауылының тұрғыны Аида Жебегенова 8 ақпан күні дүниеге Шерхан, Дархан, Ерхан есімді үшемді әкеліп, аудан халқын бір қуантып тастаған еді.
Рас, биылғы жылдың басында өмірге үшем келмесе де, 2 қаңтар күні дүние есігін қыз бала ашып, 2018 жылдың тұңғыш перзенті болып тіркелді.
Асалық алтын құрсақты ана Динара Жалайырдың бұл екінші перзенті. Тұңғыштары ұл болатын. Бүгінде баланың да, ананың да денсаулықтары жақсы.
Дүйсенбек Орманов,
«Шұғылы».

Сенбі, 06 Қаңтар 2018 00:00

Рухымызды көтеретін күш

Білім саласында жұмыс жасайтын біз үшін рухани жаңғыру деген сөз жағымды естілді. Өйткені, білім алу үшін адамның бойы мен салмағы, түр-келбеті маңызды емес, керісінше, рухани дүниесі мен санасы маңызды.
Экономикамыздың қуатты, қорғанысымыздың мығым, тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуы үшін санасы биік, өрісі кең, өскелең ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.
Мемлекет басшысы елімізге қай кезде не керек екенін дөп басып, дұрыс талдау жасай білетін, жасампаз көшбасшы екенін тағы да дәлелдеді. Расында, тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап еліміз алдымен экономиканы көтеруге ден қойды. Мемлекеттің барлық тарапы ел экономикасын аяқтан тұрғызу үшін жұмылдырылды. Егемендік алған 26 жыл ішінде бұл ұлы мақсат орындалды. Елдің еңсесі көтеріліп, қаржылық қиындықтарды жеңдік. Қазақстанның ел ішіндегі өзіндік экономикалық жолы қалыптасты.
Ендігі мақсат рухани жаңғыру болмақ. Елбасы елімізді рухани жаңғыртудың бірегей бағдарламасын ұсынып, осы бағытты айқындап берді. Бағдарламаның кіріспесінде рухани жаңғырудың маңыздылығына қысқа да нұсқа тоқтала кеткен Елбасымыз рухани жаңғырудың ХХ ғасырда да болғанын айтты. Бірақ, ол кездегі батыстық жаңғырудың басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында деп көрсетті. Халқымыздың өзімізге тән рухани жаңғыруы керек екенін жеткізді.
Елбасы елімізді рухани жаңғыртудың бірегей бағдарламасында орындалмайтын арман мен бұлыңғыр мақсаттан аулақ болуға шақырды. «Тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындалмайтын елес идеологияларға шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз емес. Өткен ғасырдың басты үш идеологиясы – коммунизм, фашизм және либерализм біздің көз алдымызда күйреді» деп турасын айтты. Шындығында, өткеніңе қарап сабақ алмасаң, келешектің кемел болуы мүмкін емес. Елбасы айтқандай, нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.
Рухани жаңғыртудың бірегей бағдарламасында ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін көздеген маңызды бір бөлігі – ұлттық бірегейлікті сақтау деп айтылды.
Елбасымыз ұлттық бірегейлікті сақтаудың өзін екі бөлікке бөлді. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.
Кез келген ұлттың салт-дәстүрлерінің ішінде озығы мен тозығы қатар жүреді. Егер ұлтымыздың дәстүрін сақтаймыз деп өткенін түгел қабылдасақ, онда ілгерілеушіліктен айырыларымыз ақиқат. Біз мәдениетті ұлт ретінде өзіміздің озық тұстарымызды одан әрі дамыта түсіп, сонымен қатар заман талабына сай жаңа көзқарастардан да қашпауымыз керек. Бұл бағдарламада осы жағы басты назарға ұсталған. Бізге қатты әсер еткен тұсы «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана». Міне, осыдан артық не айтуға болады. Егер ел болып осы мақсат жолында жүретін болсақ, халқымыздың болашағы жарқын болары сөзсіз.
Ғылым саласында жұмыс жасайтын біз үшін де рухани шабыттың орны бөлек. Егер ұлттық құндылықтардан іргемізді аулақ салатын болсақ, роботқа айналып шыға келеміз. Сондықтан, Елбасымыз айтқандай, тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани кодымызды сақтай отырып, әлемнен өз орнымызды табамыз.
Сондай-ақ, Елбасымыз рухани жаңғыртудың бірегей бағдарламасында прагматизм ұғымына кеңінен тоқталды. «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді».
Әсіресе, оқу-ағарту саласында прагматизмнің алар орны бөлек болмақ. Егерде уақыт талабына сай қызмет жасамайтын болсақ, қалыптасқан үрдістен аспайтын болсақ, дамудың ауылы алыс болмақ. Сондықтан, білім беру саласында білек түріп қызмет жасап жатқан әрбір маман Елбасымыздың осы бағдарламасын оқып, терең түсінуі керек. Егер осы бағдарлама негізінде санамызды жаңғыртып, ойымызды дұрыс бағыттайтын болсақ, еліміздің ертеңі ертегідей нұрлы болмақ. Тарихтың талай сынағынан өткен халқымыздың ендігі қиындықтарға төтеп беруінің бірден-бір жолы осы. Рухани жаңғыру – рухымызды көтеретін күш.

Рауан Төлендиев,
Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектептің мұғалімі.

Сенбі, 06 Қаңтар 2018 00:00

Бағдарлама аясында

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» деген болатын Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында. 
Бұл мақала жарық көрген сәттен бастап әр аймақта қызу қолдау тауып, мақаладан туындаған мақсат-міндеттер іске асырылып келеді. Мәселен, Қаракемер ауылдық кітапханасында оқырмандарға «Рухани жаңғыру – жарқын болашақ кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда келген әрбір оқырман өзіне қажетті мәліметтер мен кітаптарын алып тұрды. Сондай-ақ, «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылып, жастарға кеңінен насихатталды. Ал, қазақ қолөнерін насихаттауда кітапхана жанынан құрылған «Шебер қолдар» клубы мүшелерінің қолдан жасалған «Атадан қалған асыл мұра» атты қолөнер туындылары қойылды.
Бұдан бөлек, «Өссе тілім, мен де бірге өсемін» поэзия кеші мен «Әдеби серуен» өткізілді. Шара барысында ауылдың тарихы мен ауылдың еңбегі сіңген белді азаматтардың игілікті істері жайлы ақпараттар берілді.

Шолпан Шайдаева,
Қаракемер ауылдық кітапханасының меңгерушісі.

Серіктестер