Super User

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт URL-ы: http://www.joomshaper.com

Ауданда 7294 зейнеткер болса, оның 5543-і аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі екен. Жақында ауданның 17 ауылдық округінен 36 ардагер Астана қаласына арнайы барып, «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалап қайтты. Саяхат алдында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қазанбасов оларды арнайы қабылдап, сапарға шығарып салды. Ардагерлердің денсаулығын бақылауда ұстау үшін, игі жақсылармен бірге аудандық аурухананың бір дәрігері ілесе барғанын айта кету керек. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаевтың айтуынша, сапар шығыны демеуші­лердің көмегімен өтелген көрінеді.
– Бізді Астанаға Тараз қаласының теміржол бекетінен «Алтын керуен» туристік фирмасының басшысы Альбина Веймар шығарып салды. Ол жақтан аталған фирманың өкілдері күтіп алып, бар жағдайымызды жасады. Олардың екі күнге жоспарланған іс-шараларына қатыса отырып, бас қаланың көрікті жерлерінің бәрін араладық. Әсіресе,  биіктігі сексен метрді құрайтын «Нұр Әлем» Қазақстан павильоны ерекше әсерге бөледі. Онда Қытай, Корея, Германия, Малайзия және басқа көптеген мемлекеттердің павильондарын аралап, әлемдік ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқанын сезіндік. Күн сәулесі мен желден, судан пайда болатын қуат көздерінің куәсі болдық. Сонымен қатар, шетелдік туристер де бірінші қабатта орналасқан қазақстандық павильон арқылы еліміздің жетістігімен танысып жатты. Екінші күні «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайы соғып, Құран бағыштадық. Есілдің жағалауында болып, еңсесі тіктелген ел тағдырына шүкір дестік. Қазақстанның ұлттық мұражайы, Бәйтерек, Ханшатыры секілді көрікті жердің барлығын аралап, елге ерекше әсермен оралдық. Аз уақытта осындай алып та әсем қала салып, болашақ үшін әлемдік деңгейде дүниежүзін өзіне аударған көрме ұйымдастырып отырған Елбасымызға рахмет, – дейді Бақыт Уәлиұлы.
83 жастағы Рахат ауылының тұрғыны Бейсенбек Асқаров та Астанадан алған әсерін бізбен бөліскен еді. «Астанаға соңғы рет осыдан 12 жыл бұрын барғанмын. Ол кезде де елдігімізді айғақтайтын Елорданың ажарына сүйсініп қайтқан болатынмын. Бірақ, қазір одан сайын келбеттеніп, өзгере түскен екен. Осы кейбір адамдар шетелге барып келіп, мақтап жататыны бар. Мен оларды шетелге барғанына мақтанып жүр деп есептеймін. Әйтпесе, біздің Астана, біздің Қазақстан қай мемлекеттен кем. Менің пайымымша, жер бетінде Астанаға жететін қала жоқ. Тағы бір айта кетерлігі, ол жақтан болашақта адамдар көмір, газ секілді бойынан зиянды зат бөлетін отыннан бас тартып, таза табиғи өнім тұтына бастайтынын сезініп қайттық», – дейді қария.

Сайлаухан Ашанов,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Қазақстандық әрбір азамат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауынан тек жағымды жаңалық пен бағалы бастамалар күтеді. Биылғы жылдың басты құжа­тында да барлық сала қамтылған. Әсіресе, келешек ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына бағыт-бағдар беретін білім саласына ерекше көңіл бөлінген.
Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмнің алдын алу, қылмыстық жазасын өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру мәселелері айтылды.
Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты өз бетімен ізденуге үндеп, осы бағытта оқыту бағдарламаларын жетілдіруді тапсырды. Сонымен қатар IT-білімді, қаржылық сауаттылықты, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігін сөз етті.
Елбасы жас ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау және бұл іске діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажеттігіне ерекше тоқталды.
Расында, бүгінгі аға буын, орта буын өкілдерінің негізгі миссиясы – жастардың көкірек көзін ашып қана қоймай, олардың рухани дүниетанымын байытып, мемлекетшіл, толерантты, ұлтжанды ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру.
Мектеп мұғалімі балаға сабақ берумен қатар оны ізгілікке баулыса, ата-ана ұлы мен қызының тәрбиесін жіті қадағаласа, дін қызметкерлері көркем уағыздарымен имандылыққа ұйытса, қарияларымыз бен зиялы ағаларымыз тәлімін айтса – бала көргені мен естігеніне амал ететін болады.
Өресі биік, пайымы кең, салмақты, байыпты, иманды ұрпақ ұлттың ұлы мақсаты мен мұратын орындауға үлкен үлес қоспақ.
Халыққа жолданған құжатта көрсетілген тапсырмалар мен міндеттерді жұрт болып жұмылып жүзеге асыруымыз қажет.

Динара Қасымова,
аудан әкімдігі білім бөлімінің сектор меңгерушісі.

Сәрсебі, 19 Шілде 2017 08:57

Ел ертеңі – сенімді қолда

Жастардың бойына белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті сезіну, уақыт талабына сай өздігінен шешім қабылдай алатын жастарды тәрбиелеу, отансүйгіштік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында аудандық орталық кітапханада қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары Қ.Асхатаева мен А.Құрымбаеваның ұйымдастыруымен «Еліміздің келешегі – жастардың қолында» тақырыбында пікір алмасу кеші өтті.
Кешке қатысушылардың бәрі де белсенді көрінді. Олардың әр сөзінен Отанға деген, туған жерге деген сүйіспеншілікті байқау қиын емес еді.
Расында, жастар – қоғамның қозғаушы күші, ел ертеңі. Егемен еліміздің ертеңгі тізгінін осы жастар ұстайды.
Осындайда:
– Жастарым, еңбекші елдің болатысың,
Сүзілген жібек баулы қанатысың... – деп ақын, әнші, сазгер Иса Байзақовша тебіренсек, еліміздің келешегі жастардың қолында екеніне сенесің.
Кешке қатысқан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанты Төленді Көпбергенов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Фатима Сейітжан және басқалардың ой-пікірлерін тыңдай отырып «Жастар – Тәуелсіздіктің тірегі» екеніне көзіміз жеткен.
Кеш сұрақ-жауапқа ұласқанда олар өздерін білімді, білікті екенін көрсете біліп, елдің өткені мен бүгініне, ертеңгі күніне үңілді. Олар дәйекті деректерді келтіруді де ұмытпады. Әрбір қатысушы жастардың ойында патриоттық сезімнің алаулап тұрғаны анық еді.
Қызықты да тартымды өткен пікір алмасу кешінде кітапханашы Қ.Асхатаева кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, кешке қатысушы жастарға алғысын жеткізді.

Сәрсебі, 19 Шілде 2017 08:56

Ардагерлерге құрмет

Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Талғатбек Татенов Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының 25 жылдық мерекесіне орай бізге берген сұхба­тында: «Зейнетте жүрген ардагер­лермен байланысымыз өте жақсы. Жиі бас қосып тұрамыз. Олар нағыз көмекшілеріміз» дегені бар-ды.
Талғатбек Болатбекұлы басқаратын аудандық ішкі істер бөлімі жанындағы ардагерлер кеңесімен ғана емес, Бақыт Сырлыбаев басшылық ететін аудандық ардагерлер кеңесімен де қарым-қатынасты нығайтқан.
Аудандық ішкі істер бөлімі мен бөлім жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрсейіт Әлімқұловтың мұрындық болуы­мен осы салада ұзақ жыл жемісті еңбек етіп, зейнетке шыққан Ғани Байназаров, Данияр Райымбердиев, Нұрғұлан Байділдаев, Дәурен Оразқұлов және Қайрат Рахманқұловты төрге оздырып, құрмет көрсетті. Салтанатты жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев, орынбасары Әзіретәлі Садыралиев қатысып, ішкі істер бөлімі­нің ардагерлеріне Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыстады.
Полиция полковнигі Талғатбек Татенов бір топ полиция қызметкер­лерінің кеудесіне мерекелік төсбелгі тақса, бір тобын Алғыс хатпен марапаттады. Осындай қошеметтен залда отырған ардагерлер де құр қалмады. Әсіресе, зейнетке жаңа шығып, бөлім басшысының қолынан зерлі шапан киіп, бағалы сыйлық алған бес ардагердің жөні бөлек болатын.
– Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрсейіт Әлімқұловқа, орынбасары Пернебек Әзімовке, кеңес мүшелері Сәпілмәлік Тажиевке, Мүсірепбек Юсуповке, Едіге Сұлтановқа, Асан Жақыповқа және басқаларға рахмет, – деді Талғатбек Болатбекұлы.
Жиын соңында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев:
– Бәріміздің илейтініміз бір терінің пұшпағы. Бәріміздің тілейтініміз – елдің амандығы, жұрттың тыныштығы.
Сіздер өзге салада еңбек етіп, сол жерден зейнетке шықтық демей, аудандық Ардагерлер үйіне де бас сұғып тұрыңыздар, – деді.

Защита своих потребительских прав на сегодняшний день – это уже не роскошь, а просто необходимость. Все, кто хоть раз уже попытался отстоять свои права потребителя, понял, что это значительно улучшает качество его жизни. Наша же задача состоит в том, чтобы таких людей было как можно больше, тогда и качество жизни страны в целом будет расти. Каждый человек должен знать свои права потребителя и знать, как себя защитить. Прежде всего, потребитель должен знать, что с потребительской точки зрения товар можно разделить на несколько категорий и каждая из них имеет свои особенности. Сегодня мы расскажем о товаре надлежащего качества. Это товар, качество которого соответствует всем необходимым параметрам и не имеет недостатков. Но и с ним могут возникнуть проблемы.
В связи с этим мы провели интервью с главным специалистом Департамента Комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Федосовой Татьяной Николаевной.

Татьяна Николаевна, если рассмотреть такой случай: полгода назад семья N купили в магазине 5 межкомнатных дверей. Ремонт у них приостановился, и они стали устанавливать их только сейчас. В процессе установки выяснилось, что одна дверь куплена не того размера. Все чеки имеются, дверь находится в упаковке. Они обратились в магазин с просьбой обменять дверь на другую нужного размера, но им отказали. Правы ли продавцы, или обмен по закону возможен?
– Продавец прав, так как обмен непродовольственного товара надлежащего качества возможен только в течение 14 дней, не считая дня его покупки.
– Могу ли я поменять одежду, купленное несколько дней назад в магазине? Дома я убедилась, что оно мне просто не подходит.
– Да, можете. В соответствии со ст.14 Закона РК «О защите прав потребителей» в течение 14 дней, не считая дня покупки, вы можете обменять такой товар на аналогичный, но подходящий по всем параметрам, если указанный товар не был в употреблении, сохранены его товарный вид, потребительские свойства, пломбы, фабричные ярлыки, а также имеется чек или иной документ, подтверждающий оплату данного товара. Если выбранный вами товар стоит дороже, то придется доплатить разницу в цене. В случае если подходящего товара не нашлось, потребитель может вернуть вещь и получить обратно уплаченную сумму. Данная норма относится исключительно к непродовольственным товарам.
– Например, купили сотовый телефон. Через полтора месяца он сломался. Как быть, ведь 14 дней уже прошли?
– В данном вопросе есть ошибка, которую очень часто допускает потребитель: срок 14 календарных дней установлен для обмена или возврата товара надлежащего качества, не бывшего в употреблении. В данном же случае мы имеем дело с некачественным товаром. В таком случае сроки обмена или возврата товара совсем другие, а именно в течение гарантийного срока, либо срока службы. Если же на товар не установлен гарантийный срок, то претензии по качеству можно предъявить в течение 2-х лет с момента покупки.
– Какие документы нужны предоставить потребителю для осуществления обмена или возврата?
– Должен быть документ, подтверждающий факт покупки товара у данного продавца, то есть чек. Его надо хранить до конца гарантийного срока, либо срока службы товара.
– Сроки обмена некачественного товара на новый товар?
– Некачественный товар продавец обязан заменить незамедлительно, а при необходимости дополнительной проверки (экспертизы) качества товара продавцом – в течение 30 календарных дней с момента предъявления соответствующего требования.
– Кто должен оплатить экспертизу качества товара?
– Стоимость дополнительной проверки оплачивается продавцом. Если в результате проверки установлено, что недостатки в товаре возникли по вине потребителя, либо третьих лиц, либо действий непреодолимой силы, потребитель обязан возместить продавцу расходы на проведение экспертизы, а также связанные с ее проведением расходы на транспортировку. Потребитель вправе принять участие в проверке качества и проведении экспертизы товара лично или через своего представителя.
– Знакомая купила в фирменном магазине пуховое одеяло, через 2 месяца из него начал активно лезть пух. Когда она обратилась в магазин с претензией ей сказали, что вся партия бракованная и предложили вернуть деньги. Она хотела обменять одеяло на такое же, но из новой партии. Работники сказали, что это невозможно, так как цены за 2 месяца значительно выросли. Правы ли работники магазина?
– В соответствии с п.п 4 п.1 ст.15 Закона «О защите прав потребителей», вы имеете право замены некачественного товара на товар аналогичной марки, а согласно п.7 ст.30 того же Закона при замене товара с недостатками на товар той же марки перерасчет цены не производится. Если же вы согласны на возврат денег, то он производится в случае повышения цены на товар, исходя из его цены на момент возврата денег, а в случае снижения цены – исходя из цены товара на момент покупки. Также, вы можете получить консультацию по вопросам защиты  прав потребителей по телефону бесплатной «горячей линии»: 8-8000-80-90-18 или по телефону: 51-96-49, 43-54-71.
– Спасибо вам, за предоставленную информацию.

Беседовала Кунзипа СИТАЛИЕВА.

Сәрсебі, 19 Шілде 2017 08:53

Бағасы базардағыдан арзан

Тауарларға қойылған бағаның шарықтауы қарапайым халыққа ауыр тиіп, қалтасын қағатыны жасырын емес.
Дегенмен, қалтаның қамын емес, халықтың жайын ойлаған кәсіпкерлердің арамызда болғаны қандай жақсы. Солардың бірі – Жалпақтөбе ауылындағы «Арнат» азық-түлік дүкені. Мұндағы тауар­лар базардағыдан едәуір төмен. Біз дүкен меңгерушісі Минара Сәрсенбаевадан «Тауар бағаларын төмендетуге не себеп?» деген сауалды алға тартқанымызда ол:
– Біздің қарғыс емес, алғыс арқалағымыз келеді. Онсыз да «шықпа, жаным, шықпа» деп күнделікті тамағын әзер тауып жүрген жандарды одан сайын қинағымыз келмейді. Ләжі болса тегін беруге бармыз. Жолдасым Құрбан Сүлейманов көкөніс өсірумен айналысады. Жиын-терім кезінде жыл сайын 10-15 жанұяға осы көкөністің түр-түрін және ұн, қант, күнбағыс майын, тағы басқа тауарларды тегін таратып береміз. Ауыл әкімдігі ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларға қатысуды үрдіске айналдырғанбыз. Біздегі баға базардағыдан арзан, яғни, сөредегі тауарлар қолжетімді бағамен сатылуда. Бізде спирттік өнімдер сатылмайды. Дүкенді ашқанымызға 5 жыл болды. Бүгінгі күнге дейін ешкімнен арыз-шағым естігеніміз жоқ. Күніне сауда жасауға 100-ге жуық адам келеді. Сондықтан тауарларымызды екі күнде бір жаңартып тұрамыз. Қызым Зухра – нағыз көмекшім, – деген Минара сөзін жалғастыра берер ме еді, дүкенге тұтынушылар кірген.
Өздерін ауыл тұрғындары Хаби Юнусов, Аубакир Тайров деп таныстырған олар: – Ардан аттамай, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсететін «Арнат» дүкенінің меңгерушісі Минараға, сатушы Зухраға ризашылығымыз шексіз. Баға тұрақтамай тұрған кезде бұлардың бағаны көтермеуі бізді қуантады. Керегімізді қолжетімді бағамен сатып аламыз, – дейді риза көңілмен.
Расында баға тұрақтамай, тауарлар қымбаттай түскен шақта арнаттықтардың тауарларын арзан бағамен сатуы кім-кімге де үлгі болса керек.

Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қ.Тұрсынов басқарманың 2017 жылдың бірін­ші жартысында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Жиналыста есептеу, талдау және жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы М.Бейсенбекова, салықтық  әкімшілендіру және мәжбүрлеп өндіру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Шымырқұлов, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы А.Турешов, тіркеу, ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің басшысы К.Исламов баяндама жасады.
Жалпы, Жамбыл ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы бойынша мемлекеттік бюджетке 1970,2 млн теңге, республикалық бюджетке 551,3 млн теңге, жергілікті бюджетке 1418,9 млн теңге түскен. Бюджет бойынша болжам сомаларының барлығы 100 пайыздан артық орындалған.
Жарты жыл ішінде аудан бойынша мүлікке билік етіп шектеу туралы 78 шешім шығып, оның ішінде 22 шешім уақытылы төленіп, банкрот бойынша 2 шешімнің күші жойылды. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлік салығынан 182,8 мың теңге, жер салығынан 165,3 мың теңге түскен.
Камералдық бақылау жұмыстарының нәтижесінде заңды тұлғалардың мүлік салығы бойынша 16 салық төлеушіге хабарлама жолданып, 6 салық төлеушіге қосымша 3297,4 мың теңге есептелген, жер салығы бойынша 19 салық төлеушіге хабарлама жолданып, 8 салық төлеушіге қосымша 512,5 мың теңге есептелген және барлығы толықтай өндіріліп отыр.
Жер телімдерін уақытша өтеулі мерзімге пайдаланғаны үшін 2 салық төлеушіге қосымша 22,9 мың теңгеге және қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша 20 салық төлеушіге қосымша 1308,4 мың теңгеге хабарлама жолданып, барлығы толықтай өндірілген. Мемлекеттік кірістер басқармасында 19057 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Салық кодексінің 391 және 409-баптарына өзерістер енгізілген. Яғни, жеке тұлғалардың жер және мүлік салықтарының төлеу мерзімдері есепті салықтық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей, яғни салықтық кезең аяқталғаннан кейін жүргiзілетін болды. Осыған байланысты, салықтық кезең ішінде, яғни 2017 жылы жергілікті бюджетке аталған салық түрлері бойынша түсімдер күтілмейді.

Сәрсебі, 19 Шілде 2017 08:51

Асаның астығы

Табыстың тайқазанын тасытып талайларды тәнті еткен «Берікқожа» шаруа қожалығының (төрайымы Асылкүл Дайырханова) диқандары биыл да жылдағы еңбек дәстүрінен танған жоқ.
Бұл шаруашылық егін және мал өсірумен айналы­сады. Берекесін бірліктен тауып жүрген берікқожалықтардың төскейі төлге, қырманы қызыл дәнге толып келеді.
Биыл шаруашылық 30 гектарға күздік бидай, 117 гектарға жаздық арпа орналастырған. Он күн бұрын егін оруды бастаған олар 30 гектар бидайды толық орып алған. Арпаның 50 пайызы орылып алынды. Түсім көңіл көншітеді. Қазір арпа ору науқаны қыза түскен. Енді 7-8 күнде егін орағын аяқтаймыз деп отыр берікқожалықтар.
Біз «Байшұқыр» аталатын жердегі екпінді еңбекке куә болғанбыз. «Нива» СК-5 астық комбайнының жүргізушісі Болат Келгенбаев пен тасымалдаушы Айболат Дайырхановтың Газ-53 автокөлігінде тыным жоқ. Күніне діттеген жерге 4-5 мәрте қатынайды. Демек, қырманға 20-25 тонна астық жеткізіледі.
Әрине, бұл бір шаруашылықтағы көрініс. Округ бойынша 130 шаруа қожалығы барын ескерсек, астық тасқыны бұдан да арта түсетіні анық.

Ержан Қалабаев,
Аса ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Сәрсебі, 19 Шілде 2017 00:00

Қоныс аударып, қолдау тап

Бүгінде кәсіп ашып, ісімді дөңгелетемін деген азаматтарға мемлекет тарапынан қолдаулар көп жасалғанымен, кейбір ауылдарда жұмыссыз бос жүргендер мен кәсіптің көзін таппай жатқандар да кездеседі. Осындайда қол қусырып отырғаннан ешнәрсе шықпайтынын білген жандар қара жұмысқа қабырғасын қайыстырмай пайданы жақыннан емес, еліміздің түкпір-түкпірінен іздеп жүргендерді көп естиміз.
Осы тұрғыда дүйсенбі күні ауданымызға Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданынан арнайы келген Октябрь ауылдық округінің әкімі Азамат Шәріпов «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының үшінші бағыты: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуға жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлердегі диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында азаматтарды Солтүстік Қазақстан облысына, оның ішінде аталмыш ауданға қоныс аударып, мемлекеттік бағдарлама аясында жүйелі жұмыс жасауға мол мүмкіндік бар екенін түсіндірді.
Азамат Сайранұлының сөзінен түйгеніміз, Мағжан Жұмабаев ауданы өсімдік шаруашылығымен айналысуға қолайлы аймақ. Онда жұмсақ және қатты сортты бидай, бұршақ тұқымдас және майлы дақылдар, көкөністер өсіріледі. Сонымен қатар мал ұстап, ірі қараның етті және сүтті тұқымдарын асырауға болады, оған ауданның 112 мың га жайылым жері мен 42,1 мың га шабындық жері бар. Орта есеппен мал басына 3 га жайылымнан келеді. Жалпы 150 мың бас мал ұстауға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, ауданда мұғалімдер, медицина қызметкерлері, бухгалтерлер мен экономистер, техникалық мамандық иелері, агрономдар, лаборанттар, жүк көліктерін жүргізушілер, механизаторлар, электриктер мен дәнекерлеушілер, малшылар, аспаздарға жұмыс орындары көп-ақ. Тек солтүстікке қоныс аударса, барынша қолдаулар жасалатынын мәлімдеді Азамат Шәріпов.
Жиынды ашып, жүргізген аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы ауылдық округ әкімдеріне тұрғындарға бұл айтылған мәселелерді хабарлауды тапсырып, көпшілік атынан келелі кездесу ұйымдастырған Азамат Сайранұлына алғыс айтты.

Сәрсебі, 19 Шілде 2017 00:00

Қоныс аударып, қолдау тап

Бүгінде кәсіп ашып, ісімді дөңгелетемін деген азаматтарға мемлекет тарапынан қолдаулар көп жасалғанымен, кейбір ауылдарда жұмыссыз бос жүргендер мен кәсіптің көзін таппай жатқандар да кездеседі. Осындайда қол қусырып отырғаннан ешнәрсе шықпайтынын білген жандар қара жұмысқа қабырғасын қайыстырмай пайданы жақыннан емес, еліміздің түкпір-түкпірінен іздеп жүргендерді көп естиміз.
Осы тұрғыда дүйсенбі күні ауданымызға Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданынан арнайы келген Октябрь ауылдық округінің әкімі Азамат Шәріпов «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының үшінші бағыты: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуға жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлердегі диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында азаматтарды Солтүстік Қазақстан облысына, оның ішінде аталмыш ауданға қоныс аударып, мемлекеттік бағдарлама аясында жүйелі жұмыс жасауға мол мүмкіндік бар екенін түсіндірді.
Азамат Сайранұлының сөзінен түйгеніміз, Мағжан Жұмабаев ауданы өсімдік шаруашылығымен айналысуға қолайлы аймақ. Онда жұмсақ және қатты сортты бидай, бұршақ тұқымдас және майлы дақылдар, көкөністер өсіріледі. Сонымен қатар мал ұстап, ірі қараның етті және сүтті тұқымдарын асырауға болады, оған ауданның 112 мың га жайылым жері мен 42,1 мың га шабындық жері бар. Орта есеппен мал басына 3 га жайылымнан келеді. Жалпы 150 мың бас мал ұстауға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, ауданда мұғалімдер, медицина қызметкерлері, бухгалтерлер мен экономистер, техникалық мамандық иелері, агрономдар, лаборанттар, жүк көліктерін жүргізушілер, механизаторлар, электриктер мен дәнекерлеушілер, малшылар, аспаздарға жұмыс орындары көп-ақ. Тек солтүстікке қоныс аударса, барынша қолдаулар жасалатынын мәлімдеді Азамат Шәріпов.
Жиынды ашып, жүргізген аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы ауылдық округ әкімдеріне тұрғындарға бұл айтылған мәселелерді хабарлауды тапсырып, көпшілік атынан келелі кездесу ұйымдастырған Азамат Сайранұлына алғыс айтты.

Серіктестер