Материалы отфильтрованы по дате: Қаңтар 2017
Сенбі, 28 Қаңтар 2017 00:00

Уақыт талабынан туындаған

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылдың 11 қаңтарында Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойғаны баршаға аян. Жұмыс тобы құрамына Парламент, Үкімет, Жоғарғы сот, өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, сонымен қатар заңгерлер мен ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың өкілдері енгізіліп, олар міндеттерін орындауға шұғыл кіріскен болатын. Содан көп өтпей Елбасының басшылығымен аталған жұмыс тобының іс-қимылы талқыланды.
Артынша, яғни 25 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті жұмыс тобы өз қызметін жалғастыра беретінін айта келіп, халыққа билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі туралы Үндеуін жариялады. Елімізді басқару жүйесін жаңғыртып, тиімді жолды таңдаған Елбасының әрбір сөзін ықыласпен тыңдадым. Ол біз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселені мәлім етті. Өйткені әлем көз алдымызда өзгеріп, заманның дидары жаңаланып жатқан қазіргі күрделі кезеңде үлкен реформалар жасаудың қажеттігі туып отыр. Басқару жүйесін жаңғыртатын кез келді. Елбасының Конституциялық реформа туралы Үндеуін сондықтан да қолдаймын, мақұлдаймын.
Мемлекет басшысы мұндай қадамды саналы түрде жасап отырғанын қадап айтты. Және де осындай саяси жаңғыртулардың жалғаса беретініне сенім білдірді. Конституцияға өзгерістер енгізуді қажет етпейтін, заңнамамен белгіленген өкілеттіктерді қайта бөлуді көздейтін ұстанымдарға тоқталған Елбасының бұл Үндеуі уақыттың талабынан туындап отыр деп есептеймін.

Бақыт СЫРЛЫБАЕВ,
Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Бөлім:  Саясат
Сенбі, 28 Қаңтар 2017 00:00

Парламент өкілеттігі кеңейеді

Мемлекет басшысының Конституциялық реформа туралы Үндеуін тәуелсіз еліміздегі саяси жаңғыртулардың жалғасы деп түсінемін. Еліміз егемендігін алған алғашқы жылдардан күні бүгінге дейін мемлекеттік басқару Елбасының ғана қолында болды. Бұл өте дұрыс шешім еді. Нәтижеде, Қазақстан барлық жағынан өсіп-өркендеді, демократиялық даму даңғылына түсіп, әлемге ұлы бастамаларымен танылды.
Ал, ендігі жерде президенттік бірқатар өкілеттікті Парламент пен Үкіметке берудің уақыты келді. Ең маңыздысы сол, Парламенттің өкілеттігі кеңейіп, құзыреті күшейеді, Үкіметтің ел алдындағы жауапкершілігі артады. Бұдан шығатын қорытынды, басқару жүйесінде жауапкершілік пен кәсібилік дамыған ел саяси-экономикалық тоқырауға ұшырамайтыны анық.
Ел тағдыры мен болашағын ойлаған Елбасының билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі бойынша Қазақстан халқына жолдаған Үндеуі ел азаматтарының кең қолдауына ие болады деп санаймын. Мемлекет басшысының ой-тұжырымдарынан туындап, халық талқысына түскен бұл мәселе республика дамуының жүйелі және заңды кезеңі болмақ. Себебі мемлекеттік басқару жүйесінде Парламент пен Үкіметтің рөлін пәрменді түрде күшейтудің мән-маңызы өте зор. Ең бастысы, елімізде жүргізіліп отырған реформалар мен олардың сәтті іске асырылуына мемлекеттік органдардың жоғары жауапкершілігі аса қажет.

Өмірбек БОТАЕВ,
Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты.

Бөлім:  Саясат
Сенбі, 28 Қаңтар 2017 00:00

Елдік мүддеге мән берілді

«Ауылына қарап азаматын таны» деген сөздің астарында үлкен мән-мағына жатыр. Бүгінде кез келген ауылға барсаңыз, жан жадыратар оңды істерді байқайсыз. Содан кейін ауылдың жанашыр азаматтары мен ауыл әкімінің жұмысын бағамдайсыз. Жоғары бағалайсыз. Жалпы, ауылға мемлекет тарапынан ерекше қолдау көрсетіліп келеді. Тіпті, екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарға да мол мүмкіндік берілген. Тек, жалқаулық танытпай, тірліктің көзін тапса болғаны.
Өткен жыл еліміз үшін де, өңірге қарасты округтер үшін де жемісті жыл болды. Оған Елбасының тапсырмасына орай жыл ішінде атқарған жұмыстарын тиянақтап, халық алдында есеп беріп жатқан ауылдық округ әкімдерінің кездесулерінде көз жеткіздік.
Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Қайрат Жатқанбаевтың тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі Қызылшарық ауылында өтті. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Аманалы Құрбанов, «Бектөбе» шаруа қожалығының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Жеңіс Махашев, «Амангелді» өндірістік кооперативінің басшысы Қасымхан Қанаев қатысқан жиында ауыл әкімі 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында атқарған жұмысы туралы тұрғындар алдында есеп беріп, ауыл халқының тілегін тыңдады. Ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы О.Шералин: «Амангелді орта мектебінде әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасынан шыққан 50-ге жуық оқушы бар. Осы балаларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлықтан бөлек, сіздер қандай көмек бере аласыздар?» – десе, ауыл тұрғыны А.Орынбасаров Құлжабай көшесіне жаңа трансформатор орнату керектігін тілге тиек етті. Зейнеткер Ж.Андабаева ауыл тұрғындары қашан таза ауызсуға қол жеткізеді деген сауалына жауап іздесе, ауыл тұрғыны Е.Мырзалиев ауылдық Мәдениет үйінде жастарға арналған үйірме жұмыс істемейтінін алға тартты.
* * *
Қызылқайнар ауылдық округінің әкімі Зайнилда Сматовтың Жасөркен ауылының тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуіне аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қуаныш Бүркітәлиев, «Жасөркен» шекара заставасының басшысы Талапжан Сағадатұлы қатысты. Әуелі ауыл әкімі есепті мерзім аралығында атқарған жұмысы жайында баяндап, тұрғындар тілегіне құлақ түрді. Зейнеткер Керім Егембердиев округ әкімінің жұмысын жоғары бағалап, таза ауызсуға қашан қол жеткіземіз деген сауалын жолдады. Ауыл тұрғыны Тазагүл Папышеваның: «Ауылда мал ұрлығы көбейді. Қолды болған мал табылмайды. Учаскелік полиция инспекторларынан қайыр болмай тұр. Ұрлықтың алдын алу үшін арнайы топ жасақтап, түнгі мезгілде кезекшілік ұйымдастырсақ» деген ұсынысын тұрғындар қолдай кетті. Жасөркен ауылдық қоғамдастық кеңесінің төрағасы Қалдыбек Шаюсупов Б.Абдуллаев көшесін күрделі жөндеуден өткізуді сұрады.
* * *
Қарой ауылдық округінің әкімі Жақсыбек Исақовтың Октябрь ауылында өткізген есеп беру кездесуіне аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Маржан Байгелди, «Fortis» ЖШС-тің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Данияр Жузанов қатысты. Ауыл әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстары жайында баяндап, ауыл халқының тілегін тыңдады. Ауыл тұрғындары О.Сүйерқұлов пен Т.Құрманалиев бірі жол, енді бірі Октябрь ауылының атауын өзгерту туралы ұсынысын білдірсе, А.Меңдібаев ескірген электр бағаналарын ауыстыру керектігін алға тартты.
* * *
Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі Еркебай Рсалиевтің Жаңаөткел ауылында өткен есеп беру кездесуіне облыс әкімінің бас инспекторы Сейіт Календеров, облыс әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Мамажанов, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Келесов қатысты. Округ әкімі ауыл халқының алдында өткен жылы атқарған жұмыстары туралы кеңінен баяндады. Кездесуде тұрғындар елдік мүддеге мән берді. Ауыл тұрғыны Әбу Пердебек Өрнек-Тоғызтарау-Жаңаөткел бағытындағы тас жолдың күрделі жөндеуден өтуін назарға алса деген сауалын жолдады. А.Матросов атындағы негізгі мектептің аспазы Наталья Мартинова ауылдың солтүстік беткейінде орналасқан темір жолдың астынан мал айдап өтетін өткел жасап берсе деген тілегін білдірді.
* * *
Қаракемер ауылдық округіне қарасты Құмтиын ауылында өткен ауыл әкімінің есеп беру кездесуіне облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының маманы Болат Қалиев, аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Садыров қатысты. Әуелі ауыл әкімі Белғалы Сергеев 2016 жылы атқарылған, 2017 жылға жоспарланған жұмыстар жөнінде хабарлап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін назарға алды. Ауыл тұрғыны Қуанышбек Төлегенов ауылдағы көшелерге жарық орнатылса деген тілегін жеткізсе, зейнеткер Анатолий Будиловский: «Көгілдір отынға қашан қол жеткіземіз?» – деді. Ауыл тұрғыны Кеңесбек Керімбеков ауылға қоғамдық көлік қатынамайтынын алға тартса, Сүйен Тлеубердиев ауыл жастары бос уақыттарын тиімді пайдаланулары үшін шағын спорт алаңының салуына ықпал етуін сұрады.
* * *
Белғалы Сергеевтің есеп беру кездесуі Сеңгірбай ауылында жалғасты. Аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қайрат Ержігітов қатысқан жиында ауыл әкімі өткен жылы округтегі атқарылған жұмыстар жайында баяндады. Аядай ауылдағы ағайын ауыл әкімінің жұмысын жоғары бағалады. Зейнеткер Тәжібай Нұрбековтің: «Алдағы уақытта жер телімі беріле ме?» деген сауалына ауыл әкімі Сеңгірбай ауылының бас жоспары жасалғанын, алдағы уақытта қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер телімі берілетінін тілге тиек етті. Ауыл тұрғындары Тәңірберген Ізтелиев пен Анаржан Ақшалова Белғалы Жылқыбайұлының алдағы атқарар жұмысына сәттілік тіледі.
* * *
Көлқайнар ауылдық округінің әкімі Мұхтар Шайдаевтың тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі Еңбек ауылында өтті. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Аманалы Құрбанов қатысқан кездесуде ауыл әкімі есепті мерзім аралығында атқарған жұмысы жайында хабарлап, ауыл халқының ұсыныс-пікірлерін назарға алды. Ауыл тұрғыны Ж.Далабаев көгілдір отын, зейнеткер С.Аширов орталық Қапал көшесін жарықтандыру мәселесін көтерді. Ал, К.Мамытжанов ауылдағы мектептің заман талабына сай салынып, ел игілігіне берілгені және Көкөзек көшесінің күрделі жөндеуден өткені көңілге қанат бітіргенін қуана жеткізіп, ауыл әкімінің жұмысын жоғары бағалады.
* * *
Мұхтар Бекзатұлының Көлқайнар ауылында өткен есеп беру кездесуіне аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат Тілеубаев қатысты. Әуелі ауыл әкімінің баяндамасын тыңдаған тұрғындар тілегін білдіріп, ауылдағы өзекті мәселеге мән беруін өтінді. Зейнеткер К.Дайрабеков мектепке апаратын көшеге жарық орнатылса деген сауалын жолдаса, ауыл тұрғыны Ғ.Қалдыбекова Байзақ ауданына қарасты Абай ауылы мен Көлқайнар ауылын жалғап жатқан тас жолды күрделі жөндеуден өткізсе деген тілегін білдірді. Көлқайнар бастауыш мектебінің меңгерушісі Г.Манашбаева мектепке күрделі жөндеу жұмысына жәрдем беруін сұрады.
* * *
Пионер ауылдық округінің әкімі Самат Селеубаевтың Шайдана ауылының тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуіне аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» директоры Жасұлан Үсенбаев қатысты. Ауыл әкімі өткен жылы атқарған жұмысын баяндап, тұрғындардың тілегін тыңдады. Ауыл тұрғыны Ж.Әбілдаев Шайдана ауылындағы 100-ден астам оқушы Пионер ауылына барып оқитынын тілге тиек етіп, ауылдан жаңа мектептің бой көтеруіне қолдау көрсетуін сұраса, С.Өзенбаев: «Қазіргі таңда Ә.Жылқыбайұлы мен Ә.Нұрбаев көшелерімен жүру мүмкін болмай тұр. Себебі, ауылға «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауызсу құбыры тартылған кезде көшелер қазылып, сол күйі асфалть төселмей калып кеткен. Осы мәселені ретке келтіріп берсеңіз», – деді.
Ауыл әкімдерінің есеп беру кездесулеріндегі тұрғындар көтерген түйткілді мәселелер бойынша округ әкімдері нақты жауаптарын беріп, алдағы уақытта кезең-кезеңімен іске асатынын жеткізді.

Бөлім:  Саясат

Апта аралығында аудандық әділет басқармасының бас маманы Ардақ Бейсенбаева мен аумақтық бөлімшенің басшысы, аға сот орындаушы Ирина Сатыбалдиева аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» мәжіліс залында жергілікті халықты есепті кезеңде атқарған жұмыстар легінен хабардар етті. Онда аталған басқарманың бас маманы Ардақ Мизамқызы өткен жылы атқарған жұмысына кеңінен тоқталып өтті.
– Жамбыл аудандық әділет басқармасының негізгі міндеттері жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және халыққа құқықтық көмек көрсету болып табылады. Осы ретте басқарма қызметкерлері тарапынан жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласы бойынша 4333, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласы бойынша 66 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Халыққа құқықтық көмек көрсету саласы бойынша 29 бизнес субъектісімен кездесулер өткізіліп, заңгерлік көмек берілді. Ауданға қарасты 10 ауылдық округте азаматтардың заң көмегін алу тетіктерін жетілдіру бойынша қоғамдық кеңестер ұйымдастырылып, тұрғындардың сауалдарына заң шеңберінде жауаптар қайтарылды. Құқықтық жүйені жетілдіру, халыққа нотариалды заңи басқа да қызмет көрсету қазіргі заманғы талаптар деңгейіне сай жүргізілуде. Әділет органдарының басты мақсаты заңдылықты қамтамасыз ету, заң шығару, құқықтық ағарту жұмысының тиімділігін бұдан әрі көтеру, адам құқығын қорғау болса, бұл мақсаттар орындалуда, – деді ол өз сөзінде. Сондай-ақ бас маман баяндамадан соң тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарға нақты жауап берді.
Өз кезегінде аға сот орындаушы Ирина Тлеубекқызы аудан тұрғындарына өз саласы бойынша есепті мерзімде атқарылған жұмыстар жайында есеп беріп, мән-жайды тарқата баяндады.

Бөлім:  Қоғам

Елімізде көші-қон заңдарына түзетулер енгізіліп, азаматтардың уақытша мекенжайы бойынша тіркеуге тұруы міндеттелген. Қазір барлық өңірлерде тіркелу жұмыстары қызу жүргізілуде. Әйтсе де, көпшіліктің көкейінде неге, не үшін, кімдер тіркеледі, кімдер тіркелмейді деген сан алуан сауалдардың тұрғаны анық. Біздің тілшіміз уақытша тіркеу мәселелері бойынша сұрақтарға жауап іздеп Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі көші-қон полициясы тобының жетекші маманы Сандуғаш Қалжановаға жолыққан еді.
– Сандуғаш Жақсылыққызы! Уақытша тіркелу мәселесі қолға алынысымен халық алаңдай бастады. Неге? Жасырын бол­ма­са, тіркеу тәртібі туралы айтсаңыз.
– Халықтың алаңдауына еш негіз жоқ. Азаматтарды уақытша тіркеу тәртібі бұрыннан бар. Бұрын Үкімет қаулысымен жүзеге асырылып келсе, қазір тәртіп заңмен бекітілді. «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне экстремизм және терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға Елбасымыздың қол қойғаны баршаға мәлім. Осыдан кейін тұрғылықты жері бойынша тұрақ­ты және уақытша тіркеуге алу ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан басталғанын халық жақсы біледі деп ойлаймын.
– Ауданымызда тіркелу жағы қалай? Азаматтар қайда, кімге барып тіркелулері керек?
– Тіркеу жұмысы аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығында» біздің мекеме қызметкерлерімен жүргізіледі. Бүгінгі күнге дейін 824 адам тұрып жатқан жеріне тұрақты тіркелсе, 115 адам уақытша тіркелуден өтті.
– Ауылдық жерде тұрақты тіркеуде тұрып, аудан орталы­ғында немесе Тараз қаласында жұмыс атқарса, олар тіркелуге міндетті ме? Сондай-ақ, ауылдық жерде есепте тұратын жастар Аса ауылында тұратын бауырының үйінен қатынап оқитын болса, олардың жайы не болмақ?
– Ауылдық жерде тіркеуде болып, Тараз қаласында жұмыс атқарса немесе ауылдық жерде есепте болса, Аса ауылына қатынап оқитын болса, онда уақытша тіркелудің қажеті жоқ.
– Бізге Ерназар ауылында тұратын, бірақ, қазіргі тұрып жатқан үйінің құжаттары рәсімделмегендіктен, осындағы туысының үйінде отбасымен бірге тіркеуде тұрған Зура Кадірбаева хабарласып, «Біздің жағдайымыз не болмақ?» деген. Оған не дейсіз?
– Ол кісі үйінің құжаттары рәсімделгенше, сол туысының үйіне тіркеліп тұруға мүмкіндігі бар. Бірақ, өз үйінің құжатын мүмкіндігінше тезірек дайындауы керек. Өйткені кім қай жерде тұрады, сол мекенжай бойынша тіркелуге міндетті.
– Уақытша тіркеу мерзімі қашан аяқталады?
– Осы тұста айтарым, тіркеуге тұрмағандарды анықтау 1 наурызға дейін жалғасады, 7 наурыздан бастап бұл талапты орындамағандарға айыппұл салынады. Тіркелуші баж салығы үшін 226 теңге 9 тиын төлейді. Ал, тіркеу мерзімі шектелмейді. Уақытша тіркеу жұмысы үнемі жүргізілмек.
– Уақытша тіркеуге тұру үшін қандай құжаттар керек?
– Қажетті құжаттар – үй иесі мен тіркелушінің жеке куәліктері болуы тиіс.
– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Дүйсенбек Орманов.

Бөлім:  Қоғам
Сенбі, 28 Қаңтар 2017 00:00

Тәртіп жайы сөз болды

Соңғы уақытта АІІБ ардагерлер кеңесінің мүшелері жұртшылықпен кездесуді үрдіске айналдырған. Олар ата-аналармен және жастар­мен кездесулер өткізіп, құқық бұзушылықтың алдын алу жайында кеңінен әңгіме қозғап келеді. Күні кеше Гродиково ауылдық округі аппаратының қызметкерлерімен жүздескен АІІБ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрсейіт Әлімқұлов пен ҚР ІІМ еңбегі сіңген  қызметкер, полиция подполковнигі Сәпілмәлік Тажиев қоғамдық тәртіп жайына назар аударған.
Ардагерлердің округ аппараты қызметкерлерімен кездесуін біз де мақұл көргенбіз. Ауылдың барлық тұрғыны осында келіп тіркеуге тұрғандықтан, олар ауылдың үлкен-кішісін жақсы танып, біледі деген оймен кім немен шұғылданады, ауыл жастарының тәртібі қандай деген сауалдарға бірлесе жауап іздеген.
Кездесуге қатысқан округ әкімі аппаратының бас мамандары Рахия Нұрышева, Ержан Жұбатұлы, іс жүргізуші Қалдыбек Айтуаров, спорт нұсқаушысы Серік Қалпақов, статист Рамина Курбанова және ауылдық «Махат ата» мешітінің имамы Искандер Чалиев өз ойларын ортаға салып, кездесуге келген ардагерлерге алғыстарын жеткізді.
Кездесуге АІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Дархан Нұралиев және АІІБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Талғат Төребеков қатысып отырды.

Бөлім:  Қоғам

Жамбыл облысы ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің 2017 жылғы І тоқсанындағы жедел профилактикалық іс-шаралар өткізу кестесіне сәйкес қаңтар айының 25 мен 27-сі аралығында «Мирас» атты кешенді жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Құзырлы орган өкілдері мен аудан әкімдігінің білім бөлімі және аудандық орталық аурухана қызметкерлері бірлесіп өткізген шарада үкіметтік емес ұйым өкілдері мен ата-аналар белсенділік танытты.
Шараның негізгі мақсаты жасөспірімдер жасайтын қылмыстың алдын алу, құқыққа қарсы бағыттағы жасөспірімдер топтарын, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, спирттік ішімдіктерді пайдаланатын кәмелетке толмағандарды, үлгерімі нашар жасөспірімдерді, сонымен қатар оларға алкогольдік ішімдік пен темекі өнімдерін сату арқылы қоғамға қарсы іс-әрекеттерге итермелейтін ересектерді анықтау және жауапқа тарту, түнгі мезгілде заңды тұлғалардың қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтап, мекеме иелеріне және ата-аналарына әкімшілік шаралар қолдану болатын.

Дархан Нұралиев,
аудандық ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры.

Бөлім:  Қоғам
Сенбі, 28 Қаңтар 2017 00:00

Жақсы нәтижеге қол жеткізді

Апта аралығында Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС-нің спорт кешенінде ересектер арасында «Джиу-джитсудан» жалауын желбіреткен облыс біріншілігі мәресіне жетті. Оған облысқа қарасты аудандардан келген 120-ға жуық спортшы қатысып, өзара күш сынасты. Дүбірлі сында ауданымыздың намысын қорғаған шығыс жекпе-жегінің майталмандары жақсы нәтижеге қол жеткізді. Екі күнге созылған біріншілікте 69 келі салмақта жерлесіміз Ислам Тлеміске шақ келер қарсылас табылмады. Ол өткізген жекпе-жектерінің барлығын уақытынан бұрын аяқтап, облыс біріншілігінің жеңімпазы ретінде Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Одан бөлек, айтулы жарыста 53 келі салмақта өнер көрсеткен тағы бір жерлесіміз Мұхаметжан Сиябеков үшінші жүлдені қанжығасына байлады.
Осы орайда біз ауданымызды облысқа паш еткен оғландарымыздың бапкері Абзал Әбілдашевты әңгімеге тартқан болатынбыз. Ол бізбен әңгімесінде шәкірттерінің  алдағы уақытта бұдан да биік белестерден көрінетініне сенім білдірді.

Бөлім:  Спорт
Сенбі, 28 Қаңтар 2017 00:00

Рейд ұйымдастырылды

Дүйсенбі күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ іс» тақырыбында аудандағы денсаулық сақтау ұйымдарына рейд ұйымдастырған болатын. Партия аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Айбол Темірбек пен партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Бақытжан Кикбаев аудандық аурухана мен емханаға партия жарғысы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес туралы ережеге сәйкес рейд жүргізді. Олар рейд барысында ақ халатты жандардан сауалнама алып, тақырыпқа қатысты сұрақтарына тұщымды жауап берді. Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілік, оған жол бермеу жайында кеңінен әңгімелеп, оның салдарын айтты.

Бөлім:  Нұр Отан
Сәрсебі, 25 Қаңтар 2017 00:00

Ауыл халқының айтары бар

Ауыл әкімдерінің есеп беру кездесулері жалғасуда. Өткен аптаның жұмасы күні Көлқайнар ауылдық округінің әкімі Мұхтар Шайдаевтың тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі Жамбыл ауылында өтті. Аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиев қатысқан басқосуда ауыл әкімі өткен жылғы округтегі атқарылған жұмыстарын баяндап, тұрғындар тілегіне құлақ түрді.
Жамбыл ауылына газ бен ауызсу құбыры тартылған. Көше күрделі жөндеуден өтіп, жаңа медициналық пункт ел игілігіне берілген. Мұндағы тұрғындардың тілегі ортақ: «Ауылдан жаңа мектеп ғимараты бой көтерсе», – дейді. Зейнеткер Е.Әлиев: «Ауыл әкімінің өткен жылы атқарған жұмысын жоғары бағалаймын. Себебі, тек Жамбыл ауылында емес, округке қарасты ауылдарда да жан жадыратар ілкімді істер атқарылып жатыр. Әрине, алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табатынына сенімдімін», – деп ауылдағы өзекті мәселенің бірі – мектеп оң шешімін тапса деген сауалын жолдады. Өйткені Жамбыл бастауыш мектебінде 62 оқушы білім алса, жоғары сыныпта оқитын 71 оқушы Аса ауылында орналасқан мектепке қатынап оқиды. Сондай-ақ, ауыл тұрғыны М.Қонысбекова Жамбыл көшесін жарықтандырып беруін өтінді. Кездесуде Мұхтар Бекзатұлы көтерілген мәселелер бойынша алдағы уақытта тиісті жұмыстар ақтарылатынын алға тартты.
* * *
Мұхтар Шайдаевтың тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі Қостөбе ауылында жалғасты. Аудан әкімі аппаратының басшысы Абай Бекбосын қатысқан жиында әуелі ауыл әкімі есепті мерзім аралығында атқарған жұмысын баяндап, тұрғындар тілегін назарға алды. Зейнеткер Сара Базарбекова 40 орындық Қостөбе бастауыш мектебінде бүгінде 65 оқушы білім алып жатқанын жеткізіп, алдағы уақытта білім беру мекемесін кеңейтіп беруін өтінсе, ауыл тұрғыны Қанат Бекполов: «Ауыл тұрғындарының көпшілігі егін және мал шаруашылығын қолға алған. Бірақ, соңғы жылдары жайылымның тарылуына байланысты малды күтіп-бағу қиын болып тұр», – деп осы мәселеге мән беруін сұрады. Ал, Жақсыбек Ділманов көшелерді жарықтандыру мәселесін қаузады.
* * *
Жамбыл ауылдық округінің әкімі Бақыт Садырбаевтың Қоңыртөбе ауылында өткен есеп беру кездесуіне аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқар Байдалиев қатысты. Округ әкімі өткен жылы атқарған жұмысы жайында кеңінен баяндап, ауыл халқының тілегін тыңдады. Ауыл тұрғыны Жандос Қожамжаров Қоңыртөбе-Шайқорық стансасы аралығындағы тас жол­ды жөндеуден өткізуін сұраса, Құдайберген Тәжікеев «Таза ауыз­су құбыры қашан тартылады?» де­ген сауалына жауап іздеді. Бағила Манапова Садовая, Клубная көшеле­рін жарықтандырып беруін өтінді. 
* * *
Гродиково ауылдық округінің әкімі Әсет Үрпековтің есеп беру кездесуі Қызылдихан ауылында өтті. Аудан әкімдігі «Таза мекен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Нұрқасым Үкібаев, аудандық Мәдениет үйінің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Индира Тоғанбаева, аудан әкімдігі ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі Даурен Шамгунов қатысқан жиында ауыл әкімі өткен 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы атқарған жұмысы туралы тұрғындар алдында есеп беріп, ұсыныс-пікірлерін қаперге алды. Ауыл тұрғыны Қ.Хабиев электр бағаналарының сымдары тозғанын, жел тұрып, жауын-шашын жауған күндері жарық сөніп қалатынын жеткізсе, Б.Данаев пен М.Тлекеев ауыл әкімінің атқарған жұмысын жоғары бағалап, алдағы уақытта жаңа мектеп пен медициналық пункттің салынуына ықпал етуін өтінді.

Бөлім:  Саясат
Бет 1 -ші 5 беттен

Серіктестер