Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)
Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты партияның «Сәтті қадам» жобасы аясында аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» мәжіліс залында аудандағы жұмыссыз жастардың жас кәсіпкерлермен кездесуін ұйымдастырды. Кездесуде аудандағы жас кәсіпкер Маңғаз Омаров жастарға «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алу, бизнес жобаның дұрыс жазылу жолдарын түсіндірсе, тағы бір жас кәсіпкер Нұрбек Сәкенов жеке кәсіпкер ретінде тіркелу жолдары, оған қажетті құжаттардың тізімі жайлы әңгімелеп берді. Кәсіпкерлердің сөзін жалғаған партия аудандық филиалының консультанты Төленді Көпбергенов кәсіпкерлікпен айналысуға арналған мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алу жолдары туралы айтып, биылғы мектеп түлектерімен жұмысты жандандыру, олармен уақытылы ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізу…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жастар – өмірдің сәні, болашақты жалғастырушылар. Биік арман, үлкен мақсат, сезім, махаббат, жаңа жоспарлар, тың идеялар... Бұның барлығы жастарды бейнелейтін өзіндік қайталанбас сәттер. Сонымен қоса, жастар – қоғамның ең белсенді өкілдері, қозғаушы күші. Соңғы жылдары елімізде осы кейінгі буын өкілдеріне үлкен көңіл бөлінуде. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, олардың спортқа деген ынтасын арттыру мемлекетіміздегі жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.Халықаралық жастар күніне орай аудан әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатымен бірлесе Тастөбе ауылында жастар арасында гір тасын көтеру, арқан тартыс, қол күресі, қазақ күресі, көкпар, теңге ілу, аударыспақ секілді спорт түрлерінен…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жастардың бойына белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті сезіну, уақыт талабына сай өздігінен шешім қабылдай алатын жастарды тәрбиелеу, отансүйгіштік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында аудандық орталық кітапханада қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары Қ.Асхатаева мен А.Құрымбаеваның ұйымдастыруымен «Еліміздің келешегі – жастардың қолында» тақырыбында пікір алмасу кеші өтті.Кешке қатысушылардың бәрі де белсенді көрінді. Олардың әр сөзінен Отанға деген, туған жерге деген сүйіспеншілікті байқау қиын емес еді. Расында, жастар – қоғамның қозғаушы күші, ел ертеңі. Егемен еліміздің ертеңгі тізгінін осы жастар ұстайды.Осындайда:– Жастарым, еңбекші елдің болатысың,Сүзілген жібек баулы қанатысың... – деп ақын, әнші, сазгер Иса Байзақовша тебіренсек, еліміздің келешегі жастардың қолында екеніне сенесің.Кешке қатысқан «Нұр…

Серіктестер