Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жуырда Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облысқа қарасты аудандардың Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлері арасында «Жастар таңдауы – спорт!» атты облыстық спартакиада өткізілді. Спартакиадада спорттың 5 түрінен, яғни, қол күресі, гір тасын көтеру, қашықтыққа секіру, белтемірге тартылу, кіші футбол секілді ойын түрлерінен командалар өзара күш сынасты. Нәтижесінде, аудандағы орталықтың қызметкері Е.Алпысбаев қол күресінен ІІ орын иеленсе, Е.Құрманбековке ІІІ орын бұйырды. Маханбет Рахымжанов бастап барған Жамбыл ауданы әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» командасы спартакиаданың командалық қорытынды есебі бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленіп қайтты. Сонымен қатар «Қазақстан-2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы 2005 жылы Елбасының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты халыққа Жолдауы негізінде құрылған көшбасшы жастар ұйымы болып табылады. Сол жылы «Жасыл ел» еңбек жасағының республикалық штабы өз жұмысын бастаған болатын. Елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы білімгерлер мен жұмыссыз жастарды ақылы еңбекпен қамтамасыз ету – «Жасыл ел» еңбек жасағының басты мақсаты. Бұл мақсатты орындау барысында еліміздің барлық облыстарында жасақ қызметі жанданып, әр аймақтың жастары өскен өлкелерін абаттандыру жолында біраз тындырымды тірліктер тындырды.Біздің ауданда да «Жасыл ел» еңбек жасағының жұмысы жоғары деңгейде. Биыл аудан көлемінде құрылған «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері Аса, Өрнек, Пионер, Қарой…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
«Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру барысында аудан әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» жастарға кеңес беру кабинетін (үйлестірушісі Нұрбек Сәкенов) ашты. Кабинеттің ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Белғали Сергеев: «Бүгін аудандық «Жастар ресурстық орталығында» жастарға кеңес беру кабинеті ашылды. Енді аудан жастары дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері құқықтық, психологиялық, мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар бойынша кеңес ала алады. Жастарға аудан әкімдігі білім бөлімінің, аудандық орталық аурухананың, халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары кеңес беретін болады», – деді өз сөзінде. Жастарға кеңес беру кабинетінің ашылуына аталған орталықтың ауылдық округтердегі кеңесшілері, аудандық халықты жұмыспен қамту…

Жастар кеші Таңдаулы

Бөлім:  Жастар
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жаңа жыл қарсаңында Аса ауылындағы орталық алаңда аудан әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері аудан жастарына арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеш өткізді. Аудандық Мәдениет үйінің музыка жетекшісі Ғарифулла Лұқмановтың әуелеткен әнімен басталған кеште жастар хормен ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырып, шырша шамын жақты. Тауық жылын жылы лебіздерімен шығарып салып, Ит жылын қарсы алған жастар барлығы бірге шеңбер болып, шыршаны айнала биледі. Аяз атаға тақпақтар айтып беріп, тәтті сыйлықтар алды. Орталық ұйымдастырған лотерея ойынына қатысып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Сахнадан жас өнерпаздардың әндерін тыңдап, билеген билерін тамашалады. Соңынан аталмыш орталықтың директоры Маханбет Рақымжанов аудандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Әрбір ер азамат ат жалын тартып, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін өз атасының ғана емес, Отанының да ұлы екенін ұмытпағаны жөн шығар. Азамат ұмытпауға тиіс ең маңызды мәселе – Отан алдындағы әскери борышын өтеу. Өйткені жастарға бүкіл ел үлкен сенім артады. Шекарамыз мығым, әскеріміз мықты деп түн ұйқысын төрт бөлмей тыныш ұйықтайды олар.Сенімді серік еткен Полатқосшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есеп жүргізушісі Сәкен Мырзабай жоспарланған іс-шара бойынша 2001-2002 жылдары туылған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне диспансеризациялық байқаудан өтуге жататын жасөспірімдерді жеткізу жұмыстарын жүргізуі осындағы әкімшілік қызметкерлерін де, ауыл ардагерлерін де, дәрігерлерді де, мектеп мұғалімдерін де бей-жай қалдырмаған. Сол күні…

Серіктестер