Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Алдағы жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілетіні белгілі. Бұл жөнінде қосымша ақпарат алу мақсатында газет тілшісі аудан әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының директоры Асқар Жанқоразовпен сұхбаттасқан еді. – Асқар Әбдімәжітұлы, атаулы әлеуметтік көмек алуға кімдер үміткер бола алады?– 2018 жылдың 1 қаңтарынан атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізіле бастайды. Бұл дегеніміз жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады және де бұған жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Қыс – қатал сыншы. Бұл – жыл сайын дәлелденіп жүрген шынайы қағида. Қыр астында тұрған қатал маусымның салғырттық пен енжарлықты көтермейтіні тағы ақиқат. Әзірге ауа райы шуақты қабақ танытып тұрғанымен, күні ертең-ақ тосын мінез көрсетіп, қаһарына мінетіні, сөйтіп адам баласын әбігерге салып қоятыны ешкімге құпия емес. Сол себепті қыс мезгіліне тыңғылықты дайындық, жоғары жауапкершілік керек. Осыған орай әзірлік кезеңін ойдағыдай тиянақтаған ауданымыздың тиісті саласы ендігі кезекте жылыту маусымының барысын қатаң қадағалауда.Қысқы жылыту маусымының өту барысы туралы мәселе дүйсенбі күні арнайы штаб отырысында жан-жақты талқыланды. Ауыл әкімдерінің, аудан әкімдігі мен мекеме-ұйым басшыларының, «Жамбыл-жылу» кәсіпорнының, мектеп директорлары мен штаб мүшелерінің қатысуымен өткен…

Серіктестер