Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Биыл қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ спорт журна­лис­тикасының негізін қалаған тұлға, редакторлық мектеп қалыптас­тырған даңқты қаламгер-публицист Сейдахмет Бердіқұловтың туылғанына 85 жыл.Осыған орай, жуырда аудандық орталық кітапхана оқу залы бөлімінің кітапханашысы Нұрипа Манабаеваның ұйымдастыруымен «Жүрегіне қаламын сүйеген» атты әдеби серуен өтті. Жазушының шығармаларын насихаттау және жастарды кітап оқуға баулуды мақсат еткен шараға Аса дайындық білім беру орталығының, Б.Момышұлы атындағы орта мектептің оқушылары және Қойгелді, Б.Момышұлы көшелерінің тұрғындары қатысты.Жылжымалы әдеби се­руен барысында көпшілікке Сейдахмет Бердіқұловтың өмір­баяны жайында кеңінен ақпа­рат беріліп, «Таңдамалы» шығар­малар жинағының 2 томы мен «Тұйғын», «Үшінші подъезд», «Пердесіз көңіл» және 3 томдық шығармалар жинағына топтастырылған повестері мен естеліктері, әңгімелері, эсселері, новеллалары…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Книга – верный и неизменный наш спутник. Она остается главным источником, из которого мы черпаем знания. Самое главное – книга нам открывает, прежде всего, самих себя. Когда вы читаете книгу, вы находите сходство с собой и своими поступками. Книга позволяет побывать в любых частях света, познакомиться с жизнью замечательных людей.Ежегодно отмечается Всемирный день книг и авторского права, который был провозглашён на 28-й сессии ЮНЕСКО 15 ноября 1995 года. Этот праздник отмечается ежегодно начиная с 1996 года. Наше время – время великих достижений науки, техники. Но из всех чудес, созданных человеком, наиболее великим А.Горький считал книгу. В ней заключен огромный духовный…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Мақаламыздың тақырыбын бұлай қоюымыз тегін емес. Ғ.Қайырбековтың осы бір тамаша өлең жолы ұстаздар қауымының қадірі мен қасиетін, бар болмысын асқақтатып тұрғандай. Жер бетіндегі барша мамандық атаулының төресі – ұстаздық десек, қателеспеспіз. Себебі, барлық адам ұстаздан тәлім алады, хат таниды. «Ұстаздық ұлық емес, ұлы қызмет», – деп кешегі батыр Бауыржан бекер айтпаса керек-ті. Ұстаздың бойында біліммен қатар сан түрлі өнер ұштасып жататыны даусыз.Бейсенбі күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл аудандық комитеті филиалының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты облыстық VII фестивальда бұған тағы бір көз жеткізіп қайттық. Аталған шара Ресейдің Кемерово қаласында болған…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жамбыл Жабаевтың рухқа толы өршіл өлеңдері – жастарға мол мұра, асыл қазына. 28 ақпан – жыр алыбының туған күні. Осы айтулы датаға орай аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және №1 орта мектептің бірлесе ұйымдас­тыруымен «Жыраулық дәстүр­дің алтын діңгегі» атты әдеби жәрмең­ке өтті. Жыр алыбының өлеңдерін оқи отырып, жастардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық қиялын шыңдауды мақсат еткен шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары мен №1 орта мектептің кітапханашылары А.Абдықадырова және А.Тәжіқұлова қатысты.Шара барысында «Жүз жыл жыр­ла­ған жүрек» тақырыбында оқу залының кітапханашысы Ғ.Ойықбаева ақынның өмірі мен шығарма­шылығы жайлы мәлімет берсе, №1 орта мектептің 7…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Қазақтың маңдайына біткен, XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың рухқа толы өршіл өлеңдері бүгінгі ұрпақ үшін мол мұра, асыл қазына. Жыр алыбының өлеңінен нәр алып, оның рухты жырларынан сусындап жүрген жас буынның қарасы қалың. Мұны біз жыр дүлдүлінің 172 жылдығына орай Амангелді атындағы орта мектепте ұйымдастырылған «Жамбыл оқулары» атты аудандық байқау кезінде тағы бір мәрте байқадық. Жыр алыбына арналған байқауға жалпы саны 24 үміткер қатысты.Байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деп Абай айтқандай, қатысушылар Жамбылға арнаған арнау өлеңдері бойынша сынға түсті. Осы кезеңде өлең жазуға бейімі бар, поэзияның ауылына ат байлағысы келетін ынталы өрендердің бар екенін…

Серіктестер