Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
«Көп бала көгергенімізге жақсы», «Балалы үй – базар» деп жатамыз. Өткен жылы Жасөркен ауылының тұрғыны Аида Жебегенова 8 ақпан күні дүниеге Шерхан, Дархан, Ерхан есімді үшемді әкеліп, аудан халқын бір қуантып тастаған еді.Рас, биылғы жылдың басында өмірге үшем келмесе де, 2 қаңтар күні дүние есігін қыз бала ашып, 2018 жылдың тұңғыш перзенті болып тіркелді.Асалық алтын құрсақты ана Динара Жалайырдың бұл екінші перзенті. Тұңғыштары ұл болатын. Бүгінде баланың да, ананың да денсаулықтары жақсы.Дүйсенбек Орманов,«Шұғылы».
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Өткен жылға лайықты баға беріп, болашаққа тың қадам жасайтын, адамзат баласына рухани серпіліс беретін, жарқын өмірге жол сілтейтін айтулы мереке бұл.2017 жыл еліміз үшін берекелі әрі жемісті жыл болды. Тарих қойнауына еніп бара жатқан Тауық жылына еш өкпе жоқ. Себебі, бұл жылы еліміз айтарлықтай мол жетістікке қол жеткізді. Еуразияның алып кеңістігінде әлемге танылған құдіретті мемлекет атанды. Шапағаттың шарапатын көрген Жамбыл ауданы да осындай жақсылықтардан кенде емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында көрініс тапқан Қазақстанның үшінші жаңғыруы бастау алып, қоғамдық санаға серпіліс әкелген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тарихи мақаласымен жарасымды жалғасын тапты. Даму мен өркендеуді көздеген Ұлт Жоспарының…

Бақытқа бөлеген думанды кеш Таңдаулы

Бөлім:  Қоғам
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жаңа жыл – қуанышқа толы мерекелердің бірі. Өткен жылға тәубе десіп, келер күнге зор үмітпен қадам басар кез. Бір жылда жеткен жетістіктеріміз бен жіберген кемшіліктерімізді ой елегінен өткізіп саралайтын сәт бұл. Келе жатқан жыл жақсылық сыйлайды деп кеудемізге сенім ұялатып, үміт отын жағу. Бұл күні шаттықтың бесігінде тербелмейтін жан қалмайды. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін осы бір кезді тағатсыздана тосады.Көңіл тебірентер әсем әуен, көркі көзді арбайтын, тамаша безендірілген жасыл шырша, Аяз ата, Қарша қыз, әртүрлі ертегі кейіпкерлері, бақыттан жүздері бал-бұл жайнаған балалар. Осылардың барлығына біз Тараз қаласындағы “Арай-Плаза” бизнес орталығында өткен аудан әкімінің шыршасында куә болдық. Аудан әкімінің дәстүрлі Жаңа…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Кеше Жамбыл аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Алпысбай Жұмахановтың басшылығымен қоғамдық кеңес отырысы өтті. Онда аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қуаныш Бүркітәлиев қоғамдық кеңес мүшелері алдында ауданның 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті бойынша кеңінен түсініктеме берді. Хабарламашы білім саласы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, көлік және коммуникация, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы және басқа қызметтер бойынша бөлінген қаражат туралы егжей-тегжейлі баяндады.Отырыста пікір білдірген қоғамдық кеңестің мүшелері аудан бюджетінің жобасын талқылады. Қорытындыда аудандық бюджет жобасы мақұлданып, бекітуге ұсыным берілді.
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев бізбен хабарласып жағымды жаңалығын жеткізген. Жаңалығы сол, ауданымыздың Құрметті азаматы, Аса ауылының тұрғыны Жақсылық Сәлемовке Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаевтың өкімімен «Жамбыл облысының «Құрметті ардагері» атағы беріліпті. Шындығында, ауданның өркен­деуіне сүбелі үлес қосқан Жақсылық Сәлемовтің еңбегі өлшеусіз. Бүгінде 76 жасқа қадам басқан жайсаң ағаның жақсы істері жастарға үлгі болып қала бермек.Дүйсенбек Орманов,«Шұғыла».

Серіктестер