Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Қарияның кесімді сөзі елімді, кейуананың кесімді сөзі келінді тәрбиелеген елдің ұрпағымыз. Дінге берік, тілге адал, сенім мен сабырды, ұқыптылық пен төзімділікті ұстанған елдің жалғасымыз. Сондықтан да кез келген адамды дос, басшыны да, қосшыны да адал, дәрігер мен емшіні ажалдан аралаушы дейміз.Емші демекші, сөзімен де, ісімен де жан-дүниеңді баурап, асқынған ауруыңды жазып, денсаулық сыйлайтын емшінің алдын көрген жан осындай ойда болары хақ. Осы тұста айтарымыз, емші деген жалаң сөзден гөрі «халық емшісі» дегеніміз жөн болар.Бүгінде «халық емшісі» атанған жерлесіміз, Ерназар ауылының тумасы, Бірлесу-Еңбек ауылының тұрғыны, Аса ауылындағы «Ислам рухани медицинасы» орталығының меңгерушісі Гүлнәр Сүлейменованың алдын көргендер ризашылық сезімде жүр. Олай дейтініміз,…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Әр­бір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі» деп тектен-текке айтпаса керек. Сөз жоқ, қазақтың қай жерін алып қарамаңыз – киелі. Ол – адамзаттың алтын бесігі. Сол алтын бесікте тербетіліп өскен ұл мен қыз күндердің күнінде кіндік қаны тамған жерге еліміздің көк туын желбірететіні анық. Яғни, зәулім ғимараттар салып, төңіректі жасыл желекке орайтыны айқын.Әрине, сол халықтың ойлайтыны да, тілегі де – тыныштық, амандық-саулық. Денсаулық болса, талай толымды істер атқарылып, толағай табыстарға кенелетініміз даусыз. Бұл тұрғыда Елбасы ұдайы…

Құрбан айт құтты болсын! Таңдаулы

Бөлім:  Қоғам
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы Қазанбасовтың аудан тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтауы Қадірменді жамағат! Сіздерді мұсылман қауымының ең ұлық мейрамы – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл мереке – адами ізгі дәстүрді дәріптейтін, исламның жасампаз мұратын білдіретін қасиетті мейрам. Құрбан айтта бірлік пен игілік, мейірім мен кешірім салтанат құрады. Мереке күндері мұсылман бауырлар қайырлы да ізгі амалдар арқылы Жаратушыға жақындап, Алланың разылығы үшін құрбан шалады, қиналғанға қамқорлық танытып, қайырымдылық жасайды.Құрбан айт татулықтың басты тірегіне айналды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлық мерекенің алғашқы күнін ресми түрде демалыс етіп жариялады. Бұл парасатты шешім халықтар достығы мен бірлігін нығайта түсуге өз септігін тигізері сөзсіз. Біз…

Аудан ахуалы жақсы Таңдаулы

Бөлім:  Қоғам
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Сәрсенбі күні ҚР Парламенті Сенатының депутаты Абдалы Нұралиев ауданымызға жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол Жалпақтөбе, Гродеково, Айшабибі, Тастөбе, Еңбек ауылдарындағы әлеуметтік және өндірістік нысандарды аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, аудандық мәслихаттың хатшысы Рүстем Бегалиев, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы, бөлім басшылары, ауыл әкімдерімен бірге аралап көрді. Нысандардың тыныс-тіршілігімен, жұмыс барысымен жан-жақты танысқан топ ғимараттардағы жылу жүйесіне мән беріп, от жағу торабының, қазандықтардың қысқа дайындығын саралады. Сенатор мекеме басшыларымен емен-жарқын әңгімелесіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.Гродеково ауылындағы «Алтын белгі» кооперативінде болған Абдалы Тоқбергенұлы осы жылы 22 қосалқы шаруашылықтан құрылған кооперативтің мүшелерімен жүздесіп, жағдай сұрасты. Сүт өндіру бағытында мал өсірумен және егіншілікпен айналысатын…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Аудандық ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметі тамыз айының 8-і мен 15-і аралығында аудан аумағындағы жолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу профилактикалық іс-шарасын өткізді. Шара барысында жол-патрульдік полиция тобы мен учаскелік полиция инспекторлары темір тұлпарды тізгіндеген азаматтарға жылдамдықты шамадан тыс асырмауға, қауіпсіздік белбеуін тағып жүруге, мас күйінде көлік басқармауға, ұялы және радио құрылғыларымен сөйлеспеуге және көліктің алдыңғы бүйір жақтағы терезелеріне жабынды жапсыруға жол берілмейтінін ескертіп, заңға бағынбағандар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің баптарына сәйкес жауапқа тартылатынын назарына салды.Дархан Нұралиев,аудандық ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметінің бастығы. 

Серіктестер