Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Отбасы ұғымын ашып көрсетуге келгенде оған әркімнің өресі жеткенімен, тілі жете бермейтіні анық. Мемлекеттің іргелілігі мен беріктігі, тұрақтылығы мен дамылсыз өркендеуі сыпайылық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, тәрбиелік секілді өзге де құнды қасиеттерге ие әр отбасынан бастау алады. Жалпы, отбасы – ұлттық құндылықты жас ұрпаққа жеткізіп, отбасы мүшелерінің қоғамға пайда келтірер тұлға болып қалыптасуына жол ашатын үлкен мектеп. Сондықтан да әркім ең алдымен отбасы ұғымына тәрбиенің тіні ретінде қарайды. Аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен өткен «Береке отбасынан басталады» атты сайыс көпшіліктің жарыс қызығын тамашалауынан бөлек, отбасы туралы мол мағлұматқа кенелуіне мүмкіндік берді. Сайысқа қатысушы отбасы мүшелері өздерін таныстыра отырып, бар өнерін ортаға салды. Мақал-мәтелдің…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Отан қорғау – ер азаматтың борышы. Әрбір жас ел іргесі бүтін болсын деген ниетпен елін, жерін, туған-туысын әскери міндетін өтеу арқылы қорғайды. Бойында патриоттық рухы басым азамат әскерге баруға жұлқынып түруға тиіс. Бірақ ел ішінде азаматтық борышын өтеуден жалтаратындар да бар екен. Олар «Мен әскерге барғым келмейді» деп кесіп айтпаса да, ниеттері түсініксіз. Қарой ауылдық округі әкімдігінің бас маман-әскери есеп жүргізушісі Бахром Шербаевтың айтуынша, мерзімді әскери міндетін өтеуі тиіс азаматтардың әскерге жарамдылығын анықтау мақсатында дәрігерлік тексеруден өтуі керектігі жөніндегі шақырту қағазын алып барғанда кейбірі осы кезде үйінде болмай шығады. Ата-аналары баласы Астана немесе Алматы секілді үлкен қалаларда жұмыс істеп жүргенін…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Таяуда аудандық газет редакциясына «Қазақстан ардагерлері Жамбыл облысы бойынша ерекше тәуекелді солдаттар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Таранов пен төраға кеңесшісі Дүйсенбек Тауасаров арнайы келді. Отаншылдық, елжандылық, патриоттық, ерлік пен елдік туралы әңгіме қозғалған кездесу соңында Александр Владимирович басылымның бас редакторы Сансызбай Махамбетқұлов пен бөлім меңгерушісі Дүйсенбек Ормановқа «Мейірім мен адамзат» медалін табыстады.

Мейірбандық мейрамы Таңдаулы

Бөлім:  Қоғам
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Құрбан айт – ізгілік пен мейірбандықтың, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы. Осынау айтулы күндерде жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады. Біздің елімізде Құрбан айт әртүрлі этностар мен дін өкілдері арасында өзара сыйластықтың, достық пен бірліктің бірегей дәстүрлерін сақтауға және оны нығайта түсуге ықпал етеді. Мейірім мерекесінде таңмен таласа тұрған тұрғындар Аса ауылын­дағы «Бәйдібек» мешітіне ағылып келіп жатты. Айт намазын Алланың жердегі үйінде оқуға асық­қан жергілікті жұртшылықтың қара­сы қалың болды. Мешітке ниет етіп кел­­ген жамағатқа ауданның бас има­мы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы тағылымы мол уағыз айтты. Айтулы мейрамның қадір-қасиеті жайлы әңгімелеп…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы №1-5-6-151/3232-И нұсқауы бойынша балалар жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанбауы үшін, сондай-ақ жаңа оқу жылының қарсаңында балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұруына байланысты дағдыларын нығайту мақсатында Жергілікті полиция қызметі және әкімшілік полиция бөлімшесінің күшімен бұқаралық ақпарат құралдарын қатыстыра отырып, 21-31 тамыз және 1-5 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз – балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шара өткізу жоспарланған болатын.Осыған орай білім мекемелерінде жасөспірімдердің қатысуымен жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы, профилактикалық сабақтар, жол жүрісі қауіпсіздігі тақырыбында дәрістер, «Үздік мұғалім», «ЖЖҚ-ның ең үздік сыныбы», «Ең үздік мектеп» секілді түрлі конкурстар өткізілмек. Білім беру бөлімі жергілікті атқарушы орган өкілдерін қатыстырып, БЖКЖ…

Серіктестер