Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
«Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шықсын» дейді қазақ. Туған жерінің атын асқақтатып, ел намысын абыроймен қорғап жүрген азаматтар бізде баршылық. Ал, ел намысы үшін тер төккен ерлерге құрмет көрсету, қала берді саналы азаматтарды тәрбиелеп шығарған отбасын қадірлеп, оларға ізет жасау, өнегелі істерін көпке үлгі ету – қоғам үшін ортақ парыз. Ауылымыздың ғана емес, аудан, облыс, тіпті республикаға танымал Дәулет Пахриденов ҚР бойынша самбо және қазақ күресінен еңбек сіңірген спорт шебері. Ол биыл 3-5 қыркүйек аралығында Түркияның Адания қаласында өткен «Түрік Аba» күресі ойындарынан жүлделі ІІ орын иеленген еді. Осы жеңісі үшін ол арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жақында құрамында…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Бар жақсылық отбасы берген тәрбиеден бастау алатындықтан Отбасы күнін атап өтудің маңызы зор. Сонымен қатар, барымызды насихаттап, өнегелі отбасын үлгі тұтудың өзгелер үшін берері де мол. Осыны мақсат тұтқан «Жастар ресурстық орталығы» мен Аса ауылдық округі әкімі аппараты бірлесіп, «Үлгілі отбасы – қоғам тірегі» тақырыбында өзгелер тәлім аларлық отбасылар мен жаңадан отау тіккендер арасында «дөңгелек үстел» отырысын ұйымдастырды. Онда үлгілі отбасы ретінде қатысқандар жас отбасы мүшелеріне арнап ғибратқа толы сыр шертіп, ақыл-кеңес берді. Басқосуда үйдің іші береке мен тыныштыққа, түсіністік пен сүйіспеншілікке толы болуы үшін адам ас-ауқатсыз қалып, тіпті нәр татпаған күннің өзінде шаңырақ бақытын жоғалтпауы тиіс деген пікірлер айтылды.…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Еңбек – адам өмірінің мәні. Еңбексіз адам ешқандай жетістікке қол жеткізе алмайды. Ешкім де онсыз мұратқа жетіп, биікке шықпайды. Адал термен тапқан нанның да дәмі тәтті. «Еңбек ер атандырады» дейді халқымыз. Сондықтан да тіршілікте бағы жанып, абыройы асқандардың барлығы да қажырлы еңбегімен құрметке бөленген адамдар деп айтуға болады. Елімізде елеулі еңбек етіп жүрген адамдардың барлығы да абыройлы. Жер бетінде жақсылық атты ұғым барда шынайы бақыт, еңбек бақыты да қоғамның бір құндылығы ретінде сақталып қалатыны анық. Елбасы 2013 жылдың 22 қарашасында арнаулы Жарлыққа қол қойып, Еңбек күнін жариялаған еді. Содан бері бұл мереке жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтіледі. Ондағы…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Бейсенбіде Аса ауылдық округі әкімінің аппаратында өткен жылу беру маусымына дайындық барысы туралы штаб отырысын округ әкімі Бауыржан Қалшымбетов жүргізді. Жергілікті мектеп дирек­торлары мен балабақша меңгерушілері қатысқан штаб отырысында 2017-2018 жылғы жылу беру маусымына дайындық барысы, «Жамбыл-жылу» орталықтандырылған қазан­дық­тарының жылыту маусы­мына дайындығы, қазан­дықтарды балама генераторлармен және отынмен қамту, Ю.Гагарин атындағы орта мектеп генераторының мәселесі, Рахат бастауыш мектебін көмір отынымен қамту, орталықтандырылған су жүйесіне қосу және мектеп ауласына асфальтты төсем төсеу, жергілікті мекемелердің аулаларына және бөліністі аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізу, күл-қоқыс шығару үшін тиісті мекемелермен келісімшартқа тұру секілді мәселелер жан-жақты қаралып, қызу талқыланды. Отырысты қорытындылаған Бауыржан Құттыбайұлы ауылдағы мекеме басшыларына қыс…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Биыл Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылғанына 25 жыл толғаны белгілі. Осы жылдар ішінде қайтпас қайсарлық, талмас қажырлылық танытып, қызық та қиын қызметке төтеп бере алған қызметкерлердің бір шоғыры бүгінде зейнетте жүр.Таяуда аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Талғатбек Татенов аудандық ішкі істер ардагерлері ұйымының төрағасы Нұрсейіт Әлімқұловқа, төрағаның орынбасары Пернебек Әзімовке, ардагерлер кеңесінің мүшелері Сәпілмәлік Тәжиевке, Асан Жақыповқа, Орынбай Рысбаевқа, Едігеш Сұлтановқа, Нает Іргебаевқа, Нұржан Тоқбергеновке, Болат Исақовқа, Дәурен Оразқұловқа, Самат Ерімбетовке, Алдаберген Серікбаевқа Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Тлеген Мәткеновтың бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне – 25 жыл» мерекелік медалін салтанатты жағдайда…

Серіктестер