Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Нарық шарықтап тұрған шақта халықтың қарық болмасы анық. Осындайда азық-түлік тауарлары бағаларын қолжетімді етіп, халықтың сұранысын қанағаттандыратын жол табылса, жергілікті халық қуанғаннан бөркін аспанға атары даусыз. Тап осындай қуанышты сәтті 30 қыркүйек күні Тараз қаласындағы «Достық» алаңында өткен көрме-жәрмеңкеде көріп, көңіліміз толған.Алаңға қатар-қатар қойылған ақ шатырлардың астындағы сөрелерде ауыл шаруашылығы өнімдері, яғни, ет-сүт өнімдері, бакалея, жеміс-жидек және көкөніс түрлері тұнып тұрды. Мұнда не жоқ дейсіз. Бәрі бар. Мәселен, Жамбыл ауданынан апарылған 150 дана нан өнімдері, 210 литр сүт өнімдері, 10 келі құрт, 200 келі бал, 200 келі асқабақ, 5,3 тонна пияз, 1 тоннаға жуық картоп, 1 тонна сәбіз, 1050 келі…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Ақсақалдар сарқылмас дариялар,Әр сөзінен көңілге бақ ұялар.Сіздерді құрметтейміз, қадірлейміз,Аяулы ардагерлер, қариялар, – деген өлең жолдарымен өрнектеліп, қазыналы қарттарымызды ардақтауға арналған мерекелік шара Аса ауылдық округі әкімшілігі, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, «Жастар ресурстық орталығы», аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мекемесі бірлесіп ұйымдастыруымен Аса ауылындағы «Береке» дәмханасында өтті. Дастархан басында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев бастаған бір топ ақсақалдар С.Ережепбаев, Ж.Сәлемов, С.Күзербаев, Р.Жапаров, А.Балқыбеков, Б.Асқаров, А.Сапарбеков, Б.Төлентаев, М.Қасымбеков, А.Сыдықов, Т.Туғанбаев бас қосып, өнегелі әңгімелерін айтып, өткен күннің естеліктерімен бөлісті. Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Аида Қалисаева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанты Бақытжан Кикбаев, «Жастар…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық пен құрмет көрсететін күн. Үлкендерге деген құрмет пен оларға ұдайы қамқорлық мемлекетіміздің, Елбасымыздың әлеуметтік саясатының басым бағыты болып табылады. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейді халық даналығы. Сол айтқандай, үйінде қариясы бар жанұя – қазыналы, берекелі отбасы. Сондықтан да, қарияларға қамқор болу – жалпы қоғамның және әрбіріміздің міндетіміз. Өйткені жасы ұлғайған адамдар – мемлекетіміздің алтын қоры, ұлтымыздың, салт-дәстүріміздің, дініміз бен діліміздің сақтаушысы, жастарды отансүйгіштікке баулитын, ата-бабаның өнегелі жолын ұмыттырмайтын жалғастырушы. Қария болу деген сөз – елдің басы болу, ақылын айтар…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Үлкенді құрметтеу, сыйлау бабалардан қалған қасиет деп ұғынсақ, қателеспегеніміз шығар. Ақылдың кеніне айналған ата-апаларымызды төрге оздыру, алдынан кесіп өтпеу, көмектесу басты парызымыз екені даусыз.Мектеп жанындағы «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұстанған ұстанымы да осы, яғни, қарттарға қашанда құрмет көрсету. Қарттар күні қарсаңында жасұландықтар ауылдың қарт тұрғындары, еңбек ардагерлері Мелдебек ата мен Жарқынай апаның үйіне барып, ауланы қоқыстан тазартып, бақшадағы көкөністерді жинап беріп қайтты. Тіпті, ата-апаларының көңілдерін көтеру ниетімен мерекелік концерт те ұйымдастырды. Сол күні Мелдебек ата мен Жарқынай апаның үйінде нағыз мереке болды. Балалардың бірі әуелете ән салса, бірі би биледі. Балаларға риза болған ата мен апа алғыс айтып,…

Отбасы – өмір айнасы Таңдаулы

Бөлім:  Қоғам
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жуырда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Пионер» БПҰ төрайымы Алмат Жұмаділованың ұйымдастыруымен «дөңгелек үстел» отырысы өтті. «Мерейлі отбасы» тақырыбында өткен шараға жас отбасылар, ұзақ жыл отасқан жанұялар, жастар қатысты.Әуелі Алмат Тұрмаханбетқызы жиналғандарды айтулы мерекесімен құттықтап, партияның отбасы құндылықтарына арналған жобаларымен таныстырды. Сонымен қатар отбасын нығайту, оны сақтап қалудың жолдары туралы кеңінен сөз қозғады.Жиында сөз алған ауылдың ақжаулықты анасы Ханшайым Дүйсенова құдай қосқан қосағымен қиын кезеңдерде өмір сүргеніне қарамастан әрқашан татулықты, сыйластықты алғашқы орынға қойғанын, бір-біріне деген құрмет әлі күнге басты ұстаным екенін айтып, өздерінің алғашқы таныстықтары, қызықты оқиғалары туралы жастарға әңгімелеп берді. Бұл күнде ұлды ұяға, қызды қияға қондырған асыл…

Серіктестер