Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен семинар-сабақта Жамбыл ауданының мемлекеттік архивінің директоры Келсінай Күлекеева «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» №263 бұйрық желтоқсан айынан бастап қолданысқа енгізілгенін хабарлады. – Аталмыш бұйрықта, яғни жаңа тізбеде бірқатар өзгерістер бар. Атап айтқанда, бұрынғы құжатпен салыстырғанда 158 тармақ қысқартылып, алдыңғы тізбеге қарағанда түсінікті әрі анық жазылған.Соның ішінде, міндетті медициналық сақтандыру жарналарын аудару бойынша тұлғалардың (жұмыскерлердің) тізімдері мен төлем тапсырмаларын (төлем шоттары) сақтау мерзімі – 75 жыл, азаматтардың жеке істерін сақтау мерзімі тұрақты сақтауға жататын құжат болып есептеліп отыр.Мекеме қайта құрылған немесе атауы өзгергенде, толықтырулар мен…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева мамыр айында өңірімізге іссапармен келіп, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевпен кездескен болатын. Онда облыс тұрғындарының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу деңгейі, олардың қаржылық сауаттылығын арттыру және зейнетақы жүйесін жаңғырту сұрақтары бойынша ақпарат беру мәселелері жан-жақты талқыланған еді. Осы келелі кездесуде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» мен облыс әкімдігі арасында меморандумға қол қойылып, соның аясында маңызды мәселелерді шешу бойынша бірлескен шаралар өткізу көзделген болатын. Сонымен қатар «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында БЖЗҚ мен жергілікті атқарушы орган арасында әріптестік қарым-қатынас орнатып, ұзақ мерзімді, нәтижелі және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту ұйғарылған еді. Осыған орай, яғни, меморандумға…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Аудандық «Казпочта» АҚ Жамбыл байланыс торабында валюта айырбастау қызмет түрі ашылды. Енді аудан тұрғындары қалаға бармай-ақ, аудандық «Казпочта» байланыс торабына барып, өз қаражаттарын евро, доллар, рубль, сом секілді валюталарға айырбастай алады. Күні кеше валюта айырбастау қызметінде доллар сатылымға түсті.Қазіргі таңда «Казпочта» деңгейі 2-ші банк деңгейіне көтерілуде. Аудандық «Казпочта» байланыс торабының қызметкерлері жергі­лікті тұрғындарға көптеген қаржы­лық және агенттік, темір жол және авиа билеттерді сату секіл­ді қызметтерді көрсетіп келеді. «Банк Хоум кредит» және «Альфа банк» несиелерін рәсімдеу арқылы несиелер береді. Тұрғындар поштадан сәлемдеме жіберуге және интернет арқылы тапсырыс берген сәлемдемелерді супермаркет сәлемдемесі арқылы алуларына болады. Барлық пошта­лық төлемдерді, несие төлем­дерінің барлық түрлері…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай орталық алаңда ұйымдастырылған мерекелік іс-шара соңында өңір жұртшылығы аудандық Ардагерлер үйіне ағылды. Мұнда ардагерлер үшін бильярд ойнайтын заманауи тұрғыда жабдықталған арнайы бөлме ашылды.Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Бақыт Қазанбасов:– Қариялар – алтын қазынамыз. Олар кейінгі ұрпаққа жарқын өмір сыйлады. Елі үшін еңбек етті. Ендеше сол ардагерлерімізді неге сыйламасқа, неге құрметтемеске?! Еңбектің рахаты, бейнеттің зейнеті болуы керек қой. Зейнетте жүрген ардагерлеріміз үшін еш ауданда жоқ әсем ғимарат пайдалануға берілді. Мұнда олар шахмат, дойбы ойнап жүрсе, енді бильярд ойнайтын болады, – деп ардагерлерді мерекемен құттықтап, үстел үстінде жатқан шарды ойынға қосты.Қуанышты сәтке аудан әкімінің орынбасары…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Елімізде қоғамдық бірлестіктердің атқарар тірлігі көп-ақ. Адамдардың жанұялық жағдайы, денсаулығы, жұмысы, жүріп-тұруы, не керек, бірлестік өз мүшелерінің өмір салтына айрықша көңіл бөлетіні қуантады. Яғни, бірлестіктердің қоғамдағы белсенділігі ерекше сипатта.Осындай бірлестіктердің бірі – «Жамбыл облысының айрықша тәуекелді солдаттар бөлімшелері, мүгедектер мен ардагерлері және жауынгер-интернационалистері» қоғамдық бірлестігі.Осы қоғамдық бірлестіктің облыстағы төрағасы Александр Владимирович Тарановтың айтуынша, бірлестік бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келеді. Әйтсе де бүгінде бірлестіктің атауы, жарғысы өзгеріп, жұмыс бағыты да жаңаша тұрғыда өрби бастаған. Тіпті, бірлестік мүшесі екендігін растайтын куәлік те басқа қалыпқа ауысқан. Қоғамдық ұйымның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу үшін бірлестік кураторы Сагидуллин Нұрмаханұлы мен кеңесшісі Дүйсембек Тауасаровпен сұхбаттасқанымызда: –…

Серіктестер