Нәпақа – нәресте нәсібесі Таңдаулы

Бөлім:  Қоғам
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Бүгінде елімізде алимент төлеуден жалтаратындар саны көбейген. Олар көбінесе алимент төлемеудің әрқилы айласын тауып, өз баласын «тірі жетімек» етіп жүр. Бірі жұмыс орнын жасырса, енді бірі жалақысының аздығын айтып, ар-ожданын шеттетіп қойған. Ал, алимент алуға мәжбүр болып отырған балалар мен сот орындаушыларының есігін жағалап жүрген аналардың жайы кімдерді толғандырмақ?Аудандық әділет басқармасы мен мемлекеттік аға сот орындаушысы Ирина Сатыбалдиеваның ұйымдастыруымен өткен «Нәпақа – нәресте нәсібесі» атты мәжілісте осы сұрақтың жауабын іздегенбіз.Негізі, әділет органдарында атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кәмелет жасқа толмаған балалардың пайдасына алимент өндіру санатындағы атқарушылық құжаттарына аса көп көңіл бөлінген. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, ҚР Әділет,…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жуырда Аса ауылдық округі әкімі аппаратында ауыл тұрғындарының қатысуымен өткен жиында темір жол тәртібі кеңінен түсіндірілді. Ауыл әкімі Бауыржан Қалшымбетов ашып, жүргізген басқосуда Жамбыл жол дистанциясының бас инженері Нұрмахан Қалиев, жетекші инженер Еркебұлан Қалабаев, Жамбыл жол дистанциясының №5 өндірістік бөлімі бастығының орынбасары Сакен Есеев, жол технигі Алтынбек Жанысбаев, Аса стансасының бастығы Нұрлан Казбеков, аудан әкімдігі ветеринария бөлімінің бақылау және қадағалау секторының бас маманы Төрехан Болтаев тұрғындарға темір жол қауіпті аймақ екенін айтып, темір жолдың жағалауына мал жаюға болмайтынын ескертті.Жиында сөз алған жетекші инженер Еркебұлан Ибрашұлы: «Темір жол өткелдерінде автокөлік жүргізушілерінің темір жол ережелерін бұзуы, адамдардың белгіленбеген жерден өтуі, жергілікті тұрғындардың…

Жаңа заң жобасы аясында Таңдаулы

Бөлім:  Қоғам
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Дүйсенбі күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық әділет басқармасының ұйымдастыруымен ҚР «Құқықтық көмек туралы» Заңының жобасы, сондай-ақ ілеспе жоба аясында конференция өтті.Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, аппарат басшысы Абай Бекбосын, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен аудандық ішкі істер бөлімі, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері және құзырлы орган өкілдері қатысқан конференцияда аудандық әділет басқармасының басшысы Назира Құлманова баяндама жасады.– Заң жобасы Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлы­ғымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010-2020 жыл­дарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін іске асыруға бағытталған. Тұжырым­дама бойынша құқық қорғау және сот жүйесін, сондай-ақ құқық қорғау институттарын дамытудың негізгі бағыттарының бірі ретін­де азаматтардың…

Кәсіби мереке құрметіне Таңдаулы

Бөлім:  Қоғам
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Егіншінің де, кеншінің де, сарбаз бен сардардың да, ұстаз бен есепшінің де кәсіби мерекесі бар. Осындай кәсіби мерекелердің бірі – ішкі істер саласындағы бөлімшелер қатарындағы қылмыстық іздестіру (криминалдық полиция) бөлімшесі қызметкерлерінің күні.Негізі, кеңес үкіметі тұсында құрылған бұл іздестіру тобына биыл 99 жыл толып отыр. Содан бері бұл кәсіби мереке аталып өтіледі.Бүгін де солай болды. Із кесушілердің қуанышына ортақтаса аудандық ішкі істер бөліміне келген аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбеков, аудан прокурорының орынбасары Алмаз Асылбеков сала қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап, істеріне ілгерілеушілік, жұмыстарына табыс тіледі. Тілектерін Нұрлан Күдербайұлы да, Алмаз Әбдінұрұлы да, кезінде…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жамбыл аудандық пошта байланыс торабының орталық операциялық учаскесінің ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев, «Қазпошта» акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалы экономика бөлімінің бас маманы Нұрқожа Сержанов, заң бөлімінің басшысы Назым Сарыүйсінбек, қаржы бөлімінің бас маманы Азамат Сапаралиев пен шаруашылық бөлімінің бас маманы Айман Жұмабекова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы «ӘТВЕО» департаменті Жамбыл аудандық бөлімшесінің басшысы Марат Үлеков арнайы шақырылды.Пошта байланыс орталығының басшысы Бақытжан Мырқалықов пен орталық операциялық учаскесінің бастығы Бақыт Сайранбекова келген қонақтарды пошта байланыс орталығының ішкі жұмыстарымен және ондағы жаңа құрылғылармен таныстырды. Мамандардың айтуы бойынша, аудандық…

Серіктестер