Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Адам көйлегі көк, уайымы жоқ болуы үшін жұмыссыз болмауы керек. Сондықтан да мемлекет адал еңбектің дәмін татсам деген ниеттегі азаматтарға үнемі қолдау көрсетумен келеді. Осы ретте айта кетер бір жәйт, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жұмыссыз жүрген жас мамандар мен кәсіппен айналысқысы келгендерге айтарлықтай көмегін тигізуде. Екі қолға бір күрек іздегендерге осы бағдарлама аясында еңбек жәрмеңкесінің тигізер септігі мол. Осы жолғы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған еңбек жәрмеңкесіне келген тұрғындардың қарасы қалың болды. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында өткізілген жиынға аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік…

Серіктестер