Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Әрбір баланың жүрегінде мектеп табалдырығын алғаш аттаған сәтте мейірлене күліп қарсы алған ұстазы мәңгіге қалады. Ойын баласы атанып жүріп мектепке аяқ басқанда «тарыдай болып кіріп, таудай болып шығасың» дегендей, мектеп пен ұстаздың адам өмірінде алар орны үлкен.Бүгінде саналы ғұмырын бала тәрбиелеуге арнаған ардагер ұстаздарды еңбек еткен ұжымына, қимас ұя мектебіне шақырып құрметке бөлеу игі дәстүрге айналып келе жатқаны қуантады. Осындай сый-құрметтің үлгісін көріп өскен өскелең ұрпақ ұлтымыздың рухани құндылықтарын бойына сіңіріп, кемелденетініне сенеміз. Жуырда Б.Момышұлы атындағы орта мектепте Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Жаныңда жүр жақсы адам» атты ардагер ұстаздар Үміт Мұсалиева, Аманкүл Тоқбергенова, Ұлдаркүл…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Шайқорық ауылдық клубы мен кітапхана және Жамбыл ауылдық округі әйелдер кеңесінің төраймы Рыскүл Нұрманованың ұйымдастыруымен «Бағдарламалық маңызды құжат» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.Жамбыл ауылдық округінің әкімі Б.Садырбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Рысбаев, ардагер ұстаз Қ.Жүндібаев, Шайқорық орта мектебінің кітапханашысы Ж.Шымырбаева қатысқан отырыста ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Рысбаев мақалада көрсетілген негізгі бағыттарға тоқталды. Сонымен қатар басқосуда еліміздің экономикалық өрлеу кезеңінде рухани бастамашылықтарды ұмытпау қажеттілігіне тоқталып, ұлттық код, руханият пен тіл мәселесі жөнінде салмақты пікірлер айтылды.Бұдан кейін сөз алған тарих пәнінің мұғалімі, зейнеткер Ф.Бишенова «Тегін білу – тектілік» тақырыбында баяндама…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын басшылыққа алған Қ.Сартбаев атындағы орта мектеп мұғалімдері «Туған мектепке тағзым» атты акция ұйымдастырды.Онда осы мектептің әр жылдардағы түлектері, бүгінде ауыл, аудан, облыс және республика көлемінде қызмет атқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген 40-қа жуық азамат арнайы шақырылған еді.Акция барысында келелі мәселелер кеңінен қозғалып, қонақтар мектептің бүгіні мен ертеңіне көз жүгіртті. Ауылдағы әлеуметтік мәселелер де қозғалды.Түлектердің сөзінен туған ауыл мен өздері білім алған мектепке қолұшын беруге әзір екенін аңғарғанбыз. Шындығында, олардың арнайы қойылған қайырымдылық жәшігіне қаражат салуы елге, жерге деген сүйіспеншіліктің белгісі екені даусыз.Осындай қайырымды, мейірімді жерлестерінің барына қуанған мектептің өнерлі өрендері әннен…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын басшылыққа ала отырып, жас ұрпақтың туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілігін ояту, жергілікті өнерлі тұлғалардың шығармашылығымен таныстыру мақсатында Ерназар ауылдық кітапхана меңгерушісі Айгерім Умиралиеваның ұйымдастыруымен жергілікті ақын, сазгер әрі әнші, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагер-ұстаз Төлепберген Үрістембековтің «Құштар көңіл» атты шығармашылық кеші өтті.Кешті тамашалауға аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Аида Қалисаева, директордың орынбасары Әсия Ойықбаева және ауыл ақсақалдары, батыр аналар, Б.Кейкиев атындағы орта мектептің ұстаздары мен оқушылары қатысты.Іс-шара барысында жергілікті ақынның «Рухани жаңғыру», «Тәуелсізбіз», «Үш тілім», «Туған жерім – мекенім», «Туған жерім – тұғырым», «Шалқыма», «Қызым Динаға», «Абайменен мақтанам», «Шер-аға», «Салт-дәстүрім – байлығым» жырларын…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес аудан аумағында көптеген игілікті іс-шаралар өткізілуде. Күні кеше ғана Өрнек ауылындағы №17 Жамбыл техникалық колледжінде «Рухани жаңғыру» орталығы ашылды. Орталықтың кермесін қиып, жиылған жұртшылық пен білімгерлерді құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова:– Бүгінгі таңда Елбасымыз бағдарламалық мақаласында атап айтқандай, жаһандану мен әлемдік бәсекелестік дәуірінде ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалу өте маңызды. Бәрімізге белгілі, бұл ауылдан есімі тарихта қалған азаматтар шыққан. Елдік пен ерлік дәстүрі ұрпақтар сабақтастығы арқылы жаңартылып, жалғасын таппақ. Сол себепті рухани жаңғырудың терең мәні мен мағынасын ұғынуымыз керек, – деді.«Рухани жаңғыру» орталығының ашылуына арналған концерттік бағдарлама көпшілік көңілінен шықты.…

Серіктестер