Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Қазіргі таңда «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспары бағдарламасы аясында құқық қорғау қызметі мен қылмыстық процесті ізгілендіру мақсатында сот жүйесіне өзгертулер мен толықтырулар ұсынылған жоба мүдделі құқық қорғау органдарымен зерделенуде. Осыған орай, аудандық соттың төрағасы Досжан Төленбеков аудан прокурорының орынбасары Алмаз Асылбеков, аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу ісі жөніндегі бөлім бастығының міндетін атқарушы Асқар Бұрханов, аудандық әділет басқармасының басшысы Назира Құлманова, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қуаныш Тұрсынов, аудандық Заң кеңесінің қорғаушысы Фарида Бекмұхамбетованың қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысын өткізді. Жиынға қатысушылар сот жүйесін модернизациялау мақсатында құрылған жұмыс тобының 7 бағыт бойынша өзгертулер мен толықтырулар ұсынылған заң жобасын талқыға салды.…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Бейсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның аудандық прокуратурамен бірлескен отырысы өтті.Аудан прокуроры Нұрлан Қарашолақ, комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары және мектептердегі кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі полиция инспекторлары мен мобильдік топ мүшелері қатысқан комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова ашып, жүргізді.Кеңейтілген отырыста аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова аудан әкімдігінің білім бөлімі жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық кеңесінде атқарылып жатқан жұмыстар жайында кеңінен баяндады. Баяндамашының сөзіне сүйенсек, 2016 жылдың қорытындысы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 82 бала қорғаншылық, қамқоршылықта тіркелген. Ал, 2017 жылдың бүгінгі…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
– Тәртіпті өзімізден бастауымыз керек, – дейді аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Талғатбек Татенов. Олай деуінің өзіндік себебі де бар шығар. Жасырары жоқ, соңғы уақытта облыс көлемінде ішкі істер органында қызмет ететіндер арасында қабылдаған анттарын бұзып, олқылыққа жол беретіндер кездесіп қалып жүр. Олардың бірі ішімдік ішіп ұсталса, бірі қоғамдық орында бір-бірімен төбелесіп, көпшілікке мазақ болды. Енді бірі жемқорлыққа жол берген.Басшы Талғатбек Болатұлын осы мәселе мазаласа керек, барлық бөлімше қызметкерлерінің және осы салада ұзақ жылдар қызмет етіп, бүгінде зейнетте жүрген ардагер­лердің басын қосып, келеңсіз жағдай­ды ескерту мақсатында аудан прокурорының орынбасары Алмас Асылбековтың қатысуымен жиын өткізді. Жиында маңызды мәселе кеңі­нен…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Сотта іс жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылдың маусым айынан бері сот өндірісіне «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу», «Тыңдалған істердің тізімі», «Сот жолдамасы», «Төрелік» ақпараттық жүйесі, сот процесіне қатысушыларды sms-хабарлама және электронды пошта арқылы хабарландыру жүйесі мен гибридті-электронды пошта арқылы «Қазпошта» АҚ және сот органдарының ақпараттық жүйелерінің бірлескен қызметімен, сондай-ақ сот процесін аудио-бейнетіркеу жүйесі секілді заманауи ақпараттық технологиялар енгізілді. Заманауи технологиялардың бірі – «Сот кабинеті» сервисі, ол 2016 жылдан бері пайдаланушыларға жетілдірілген түрде қызмет көрсетіп келеді. Бұл – электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн жүйесіне қолжетімді терезе болып табылады. Сервис арқылы…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен жеке сот орындаушыларға және адвокаттарға қатысты салық салу сомасындағы өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл Салық кодексінің 614-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен мемлекеттік кірістер органдары арқылы орындалады. Салық заңдылығын бұзған, салық мерзімдерін сақтамаған, салық органдарының қойған талаптарын орындамаған салық төлеушілер осы әрекеттері үшін айыппұл төлейді. Дегенмен, кейде айыппұл салынған жеке тұлғадан айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмай жатады. Осы кезде қаулы шығарған сот немесе уәкілетті орган айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін сот орындаушысына жүктейді. Бұл туралы аудандағы кірістер басқармасы…

Серіктестер