Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Шайқорық ауылдық клу­бында кітап­хана меңгерушісі Жанат Акшалованың ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017 – еліміздің бола­шағы» атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты мен «Ақбота» балабақ­шасының қызметкерлері, ауыл­дық округтің ардагерлері қатысты.Кітапхананың тұрақты оқырманы Ақнұр Алпысбай ашып, жүргізген шарада ауылдық клубтың музыка жетекшісі Мөлдір Алшерова халықаралық көрме жайлы кеңінен баяндаса, Алина Қыдырбай, Гүлім Мірәлі, Самал Сарыбай, Анель Тұрғынбекова ЭКСПО-ға арнаған өлеңдерін оқыды. Еңселі Елордада өтіп жатқан халықаралық көрмені тамашалап қайтқан ауылдың қариялары Шохан Болысбеков пен Рәбіл Оңғарбаев өз әсерлерімен бөлісті. Шарада «Жауқазын» бишілер тобы «Балдәурен» биімен көпшіліктің қошеметіне бөленсе, ауылдық клубтың мәдени ұйымдастырушысы Нұрлыбек Таласбаев пен ауылдың жас өрендері Бекзат Жаралқасын,…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, ұзақ дайындық пен үлкен жауапкершілікті талап ететін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі көпшілікті таңқалдырудан жаңылар емес. Күллі әлемнің назарын өзіне аударған көрмені тәуелсіз қазақ елінің балғындары да тамашалауда. Осы уақытқа дейін ауданға қарасты білім беру мекемелерінің оқушылары еңселі Елордада өтіп жатқан теңдесі жоқ көрмені кезең-кезеңімен көріп қайтқан болатын. Ал, тамыз айының 7-10 аралығында халықаралық көрмені 96 оқушы қызықтап қайтты.– Ару қала Астанада өтіп жатқан көрме әрбір қазақстандық азамат үшін маңызды. Өйткені, осындай айтулы шара аясында қазақ елінің аты асқақтай түсті. Кез келген азаматты әдемі әсерге бөлейтін әр елдің ұлттық павильондары өзіне тән болмысымен баурап алады. Ал, еліміздің…

Тараздың тамаша күндері Таңдаулы

Бөлім:  ЭКСПО
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Еңселі Елорда төрінде өтіп жатқан әр облыстың мәдени күндері көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Өйткені, небәрі 4-5 күнде сол өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, рухани ләззат алуда.Елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлап, тарихы тереңде жатқан Тараздың таңғажайып құнды дүниелерімен таныстырып, Сарыарқаның сары даласына 1500 шақырым жерден керуен аттандырып жұртшылықты таң-тамаша еткен Жамбыл облысының Астанадағы мәдени күндері жоғары деңгейде өтті. Бес күн бойы сәні мен салтанаты жарасқан Арқа төсіндегі Астана әсем әнге тербелді. Ал, Тараздан Астанаға бет бұрған «Көне Тараздан – асқақ Астанаға тарту» этно-керуенінің елордаға жетуі, «Қазанат» қалалық ипподромындағы этноауылда өткізілген мәдени-көпшілік шаралар, аспан астындағы «Тараз – тарихтың діңгегі» атты көрмесі, ЭКСПО…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жаңа мыңжылдықтағы жаһандық прогрестің тетігі Отанымыздың жүрегінде орналасқан. Себебі, еліміз үшін өсу мен өркендеудің дәуірі Астана төрінен басталатындығының дәлелі – биылғы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі. Санадағы серпіліспен ілгерілеудің көшіне тезірек ілесудің жаңа мүмкіндігін ұсынып отырған да осы көрме. Жер жүзіне «Future energy», тың технологиялар мен жаһандық жасыл экономика, озық идеялар үлгісін насихаттаудың орталығына айналып отырған Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің игіліктеріне тәнті болған адамдар саны күн өткен сайын артып келе жатқаны қуантады. Әлем назарын өзіне тартқан халықаралық көрменің игілігін газет-теледидардан естіп-көріп жүрген бір бөлек, павильондарын арнайы барып тамашалау бір бөлек дүние. Газетіміздің алдыңғы сандарында аудан ардагерлері халықаралық көрмені тамашалау үшін Астанаға барып келгенін…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Ауданда 7294 зейнеткер болса, оның 5543-і аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі екен. Жақында ауданның 17 ауылдық округінен 36 ардагер Астана қаласына арнайы барып, «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалап қайтты. Саяхат алдында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қазанбасов оларды арнайы қабылдап, сапарға шығарып салды. Ардагерлердің денсаулығын бақылауда ұстау үшін, игі жақсылармен бірге аудандық аурухананың бір дәрігері ілесе барғанын айта кету керек. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаевтың айтуынша, сапар шығыны демеуші­лердің көмегімен өтелген көрінеді. – Бізді Астанаға Тараз қаласының теміржол бекетінен «Алтын керуен» туристік фирмасының басшысы Альбина Веймар шығарып салды. Ол жақтан аталған фирманың өкілдері күтіп алып, бар жағдайымызды жасады. Олардың екі күнге жоспарланған…

Серіктестер