Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Пионер ауылдық округінде ауыл әкімі Самат Селеубаевтың өзі бас болып округ аумағында тұратын мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған және көпбалалы аналарға әлеуметтік сыйқалта ұсынуды дағдыға айналдырған. Биылдың өзінде округ әкімі 30-ға жуық адамға көмек қолын созыпты.Сол дәстүр Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні де жалғасып, Самат Әпсадықұлы ауылдың үш азаматына, яғни мүмкіндігі шектеулі Бейбіт Әкімжановқа, көпбалалы ана Алмагүл Нұржановаға, аз қамтылған отбасының азаматы Мақсат Тұяқовқа шай, күріш, қант, конфет, вермишель және басқа да азық-түлік толтырылған әлеуметтік сыйқалтаны үйді-үйлеріне арнайы кіріп, табыстады.– Бізге мерекелік көңіл-күй сыйлаған ауыл әкіміне және аппарат қызметкерлеріне аналық алғысымды айтамын. Көп-көп рахмет, – деді көпбалалы ана Алмагүл…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Ауданда орналасқан оңалту орталығы мекемесінің балалары мен Б.Момышұлы атындағы орта мектеп оқушыларының бір-біріне достық қарым-қатынасы «Мейірім шуағы» атты ұран аясында дәстүрлі іс-шаралармен жалғасуда. Жуырда Б.Момышұлы атындағы орта мектеп мұғалімі Динара Келімбетова «Жас ұлан» ұйымының балаларымен бірлесіп, Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының аудандық филиалында «Жан жылуы – балаға» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Концерт Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы КММ филиалының директоры Жанна Баубекованың тілек сөзімен ашылды.Бағдарламада 9-11 сынып оқушылары даярлаған әзіл-сықақ қойылымдары, «Қызыл телпек» ертегісі сахналанып, әндер орындалды. Сонымен қатар балалармен «Шаттық шеңбері» ойыны жүргізіліп, балдырғандар да оқушылармен бірге ортаға шығып, би билеп, мәз-мейрам болды.…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Табиғаттың тосын сыйын болжап біле алмайсың. Биылғы көктем айында еріген қардың әсерінен аудандағы біраз елді мекендерге су жайылғанын көргенбіз. Дәл осындай қауіп Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Бектөбе ауылына да төнген. Ауылдың оң жақ тұсындағы үлкен канал жауынның әсерінен арнасынан асып, ауылдың ішкі көшелеріне су жайылған болатын. Осындайда ақ ниет пен еш риясыз, алғыс алуды ғана көздеген «Амангелді» өндірістік кооперативінің басшысы Қасымхан Қанаев пен «Жақсынбет» шаруа қожалығының басшысы Серік Халықов арамыздан табылды. Жомарт жандар өз техникаларымен канал жағасын ретке келтіріп, төнген қауіпті сейілткен еді. Сонымен қатар өздерімен бірге ерте келген ауыл азаматтары да бар көмегін аямай, көптің алғысына бөленді.Қоғамда осындай абзал…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Адамзаттың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Бұл – адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға ғана тән ерекшелік. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Аллаға шүкір, арамызда өзгеге мейірімін төгіп тұратын азаматтар аз емес. Жуырда аудандық ішкі істер бөлімінің тәртіп сақшылары Жасөркен, Б.Момышұлы атындағы орта мектептегі көпбалалы отбасынан шыққан, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, жетім және жартылай жетім балаларға көмек қолын созды. Ел ішіндегі тыныштықты күзеткен жомарт жандардың бұл ісі көңілге қанат бітіреді.– Қайырымдылық – қазақ халқына тән қасиет. Жаңа оқу жылы қарсаңында тұрмыс тауқыметін тартқан отбасы балаларына көмек беріп, олардың мектепке баруына толық жағдай жасау…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Қазақ халқы – бірін-бірі ерекше сыйлап, қолындағы барын ұсынып, соңғы малын сойып үлестіретін дархан көңіл халық.Расында, есік қаққан жат кісіні кері қайтармайтын, қолындағы бір үзім нанын бөліп беретін ер көңілді адамдардың арамызда болғаны қандай жақсы. Жасырары жоқ, бар болса да, жоқ дейтін шықбермес Шығайбайлар да арамызда жүр. Бірақ, сол Шығайбайлар кімге не істесе алдына сол келетінін сезер ме екен? Әй, қайдам? Дегенмен, барды қанағат тұтатын қарапайым халық алдарынан жақсылықтың шығатынына кәміл сенеді. Сірә, сол сенім шығар, құдайына шүкіршілік айтқан олар күнде болмаса да, жылына бірнеше мәрте жомарт жандардың ыстық ықыласына бөленетіні бар.Кеше Конституция күніне және Құрбан айт мерекесіне орай Пионер…

Серіктестер