Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында алтыншы шақырылған Жамбыл аудандық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімдігінің бірқатар бөлім басшылары мен ұйым-мекеме басшылары қатысып отырды. Сессияда «Жамбыл ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарын бекіту туралы»; «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы»; «Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округінің Пригородное, Октябрь ауылдарының атауын өзгерту туралы» мәселелер қаралып, алтыншы шақырылған Жамбыл аудандық мәслихатының «Аумақтық әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының», «Әкімшілік-аумақтық құрылыс, жер, халықтың денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, халықтың аз қамтамасыз етілген…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Алтыншы шақырылған Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттары белгіленген кестеге сәйкес өздері сайланған округтерге барып, есептік кезеңде атқарған жұмыстары туралы жергілікті тұрғындар алдында есеп беруде. №10 сайлау округінен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Бегалы Ералиев есепті кездесуін Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратында өткізді. Халық қалаулысының баяндамасына құлақ түрген шайқорықтықтар әрі қарай көкейде жүрген сауалдарын қойды. Жамбыл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынбай Рысбаев ауылға медпункт қажет екенін алға тартса, зейнеткер Кеңес Тойбаев ауылда дәріхана ашу, банкомат орнату туралы сөз қозғады. Өз кезегінде депутат сөз болған мәселелер назардан тыс қалмайтынын жеткізді.№2 сайлау округінен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Елена Щербакованың есепті кездесуі Гродеково ауылдық округі әкімі…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
АПТА АРАЛЫҒЫНДА АЛТЫНШЫ ШАҚЫРЫЛҒАН ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ БЕЛГІЛЕНГЕН КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ӨЗДЕРІ САЙЛАНҒАН ОКРУГТЕРДЕ БОЛЫП, ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ. №5 сайлау округінен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Жанділдә Сыздықовтың есепті кездесуі Бесжылдық ауылындағы Ысмайылұлы атындағы орта мектептің акт залында өтті. Есепті баяндамасынан кейін халық қалаулысы жергілікті тұрғындардың өтініш-тілектеріне құлақ түрді. Ауыл тұрғыны Құлымбет Жүндібаев ауылға шағын спорт алаңы қажет екенін тілге тиек етсе, Жаңабек Жұмабеков кездесу өтіп жатқан мектепке газ жүргізілсе деген тілегін жеткізді. Өз кезегінде мектеп директоры Алихан Дуанаев депутаттың есебін оң бағалап, жұмысына сәттілік тіледі.Халық қалаулысының есепті кездесуі Ақбұлым ауылдық округі әкімі аппаратының…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Дүйсенбіде аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында алтыншы шақырылған Жамбыл аудандық мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, бірқатар бөлім және мекеме басшылары қатысты. Сессияда «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін көмек беру туралы» аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Келесов хабарлама жасады. Сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелер толығымен қаралып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.Ильяс Қалыбеков,«Шұғыла».
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жуырда аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында алтыншы шақырылған Жамбыл аудандық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясы өтті.Сессияның күн тәртібіндегі «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жамбыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №7-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қуаныш Бүркітәлиев, Жамбыл ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарын бекіту туралы аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Бауыржан Тоқтасынов хабарлама жасады.Сессияда қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Күнзипа Ситалиева,«Шұғыла».

Серіктестер