Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Әр адамның көкейінде бір сұрақ. Сол сұраққа жауап табу – бұл үлкен мәселе. Кеше ауданымызда болған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Қарымсақов аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында қоғамдық қабылдау өткізіп, бір топ аудан тұрғындарын тыңдады.Қоғамдық қабылдауға келген Өрнек ауылының тұрғыны Әлішер Сұраншы: – Қытай мемлекетінен кіші диірмен құралын алып келіп, шаруа қожалығының басына электр желісін тарту үшін құжаттар жинастырып жүр едім. Сол үшін мемлекет тарапынан қалай электр желісін жүргізуге болады? – десе, Аса ауылының тұрғыны Бауыржан Искаков: – Жер…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Кеше аудан прокурорының орынбасары Алмаз Асылбеков пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбеков Аса ауылдық округі әкімінің аппаратында қоғамдық қабылдау өткізіп, жеке сұрақтарымен келген асалықтардың өтініш-тілектеріне құлақ түрді. Қабылдауда ауыл тұрғындары Динара Садықова: «Мен «Бәйтерек» массиві тұрғындарының атынан келіп тұрмын. Біз жақтағы үйлерге әлі күнге дейін газ бен электр желісі тартылмаған. Соған ықпал етулеріңізді өтініп сұраймын» десе, Айжанар Абдыканова жер кезегінде №228-ші болып тұрғанын тілге тиек етіп, жер учаскелері тұрғын үй салуға қашан берілетіні туралы сұрады. Ал Ержан Қалабаев «Бәйтерек» массивінде бой көтеріп келе жатқан үшқабатты тұрғын үйден ипотекаға пәтер алу мәселесін сөз етті. Жеке қабылдауға…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Қоғамдық қабылдау – билік пен бұқара арасындағы алтын көпір іспетті. Тұрғын­дардың тілегі мен мұң-мұқтажы кез келген басшы үшін маңызды. Дүйсенбі күні аудан әкімі Бақыт Қазанбасов «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарын қабылдады. Қабылдауда тұрғындар аудан басшысына көкейде жүрген мәселелерін арқалай келді. Айшабибі ауылдық округіне қарасты Қаратау ауылының тұрғыны, зейнеткер Бижан Мұқадас 13 тамыз күні қысқа деп жинаған мал азығы қора-жайымен бірге отқа оранғанын, қызыл жалын белгісіз себептермен тұтанғанын тілге тиек етіп, аудан әкімінен қораны қайта қалпына келтіру үшін көмек сұрады. Қарияның сөзін соңына дейін тыңдаған өңір басшысы қаржылай көмек беретінін жеткізді. Ал, Аса ауылының тұрғыны, көпбалалы…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Өткен аптада аудандық мәслихаттың депутаттары өздері сайланған ауылдық округтердегі азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауын жалғастырды. Халық қалаулылары қабылдауға келген азаматтардың өтініш-тілектеріне құлақ түріп, елге ортақ өзекті мәселелерге мән берді.№14 сайлау округінен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Нуритдин Бегманов көлқайнарлықтар мен пионерліктерді бір күнде жеке-жеке қабылдады. Оның қабылдауында болған Көлқайнар ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Омаров халық қалаулысына: «Тастөбе ауылындағы Рысқұлов көшесі бойындағы тозығы жеткен электр бағаналары ауыстырылып, көше жарықтандырылса», – десе, Пионер ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Қоңырбаев Шайдана ауылында бала санының жыл санап өсуіне байланысты шайданалықтарға 140 орындық жаңа мектеп қажет екенін сөз етті. №5 сайлау округінен сайланған аудандық…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Сәрсенбі күні аудан әкімі Мәден Мұсаев Айшабибі ауылдық округінде ауыл тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдап, өтініш-тілектерін назарға алды.Қабылдауға келген зейнеткер Мырзабай Артықбаев өңіріміздің жылдан жылға өркендеп, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің біршама өскендігін мақтан етіп, ауыл әкімі Райымбек Сейітовтің жұмысына ризашылығын білдірді. Еңбек ардагері оқушылар көп жүретін С.Әбішұлы және Қ.Бүрлібаев көшелерін асфальттап беруін сұраса, қабылдауға келесі кірген мектеп директоры Жарқын Қалыбаев Айшабибі орта мектебінде оқушылар санының артуына байланысты Жібек жолы бойындағы ескі ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, бастауыш сыныптықтарды сонда ауыстырсақ деген ұсынысын жеткізді.Тұрғындарды мұқият тыңдаған Мәден Тоқтарбайұлы көтерілген мәселелердің шешілетінін айтып, ауыл әкіміне тиісті тапсырмалар жүктеді.

Серіктестер