Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жексенбіде Жасөркен ауылындағы мейрамханада жергілікті тұрғындар күллі мұсылман жұрты асыға күтетін Мұхаммед пайғамбардың туған күні – Мәуліт мейрамын атап өтті. Мерекелік дастархан басында тұрғындарды ауыл әкімі Зайнилда Сматов, облыстық мәслихаттың депутаты Махамбет Дүйсембаев айтулы мейраммен құттықтап, тілектерін айтты. Қасиетті мерекеде сөз алған ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы: «Мұсылман жұртшылығы Алла Елшісі Мұхаммедтің (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) туған күніне орай əр жылдың рабиғул-аууали айының 12-күні Мəуліт мерекесін тойлап келеді. Бұл мереке Хақ Елшісіне деген ерекше сүйіспеншіліктен туындағаны айқын. Ұйымдастырылып отырған мерекелік отырыстың мақсаты Алла Елшісінің (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) өнегелі, ғибратты өмірін жақыннан тану. Сондықтан мұндай…

Нұры тасыған мереке Таңдаулы

Бөлім:  Дін
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Бүкіл мұсылман халқының он сегіз мың ғалам иесі – Алла тағала, оның елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа салаллаһу ғалейкум уәссаламға ризашылық сүйіспеншілігі шексіз. Пайғамбарымыздың ғұрыптары, имандылық негіздері өмірімізге бағыт-бағдар беретін ұстаным екенін ешкім жоққа шығара алмас. Мәуліт – мұсылмандар үшін үлкен мереке. Бұл ай Пайғамба­рымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келуімен ерекшеленеді. Мәуліт мерекесін тойлаудағы басты мақсатымыз – Пайғамбарымызды тану.Осындай мәнді де мағыналы мереке аудан аумағында да өтіп жатыр. Соның бірі ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Әмірбековтің ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығында» өтті.Зал халыққа лық толды. Бәрі де Мәуліт айында исламның құндылықтарын насихаттау, уағыз айту және мұқтаж жандарға көмектесу адами әрі мұсылмандық парыз…

Қасиетті мереке басталды Таңдаулы

Бөлім:  Дін
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Өткен аптада күллі мұсылман әлеміне ортақ Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың туған күні – Мәуліт мерекесі басталды. Қасиетті мерекені қызылқайнарлықтар ауылдағы «Бейсеу ата» мешітінде атап өтті. Мешітке жиналған жамағатқа ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Әмірбеков бұл мейрамның мәні мен маңызы туралы әңгімеледі.– Бірнеше ғасырдан бері тойланып келе жатқан бұл мерекенің басты мақсаты – Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың іс-әрекеттерін насихаттау, оған салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру болып табылады. Мәулітте мұсылман жамағаты Құран сүрелерін, пайғамбарымыздың дүниеге келуіне байланысты түскен аяттарды дауыстап оқиды. Мұсылмандар ұлық пайғамбарымызға деген сүйіспеншіліктері мен қуаныштарын білдіргені үшін сауапқа бөленеді,…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Дүйсенбіде аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Дін саясатында ақпараттық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізу» тақыбырында конференция өтті. Ауданға қарасты ауылдық округтердің әкімдері, жастар кеңесшілері, ауылдардағы мешіт имамдары қатысқан конференцияны аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова ашып, жүргізіп отырды.Конференцияда аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы Бақытжан Құтжан дін саласы бойынша бекітілген желілік кестеге сәйкес 7 айдың қорытындысы туралы баяндама жасады.– Бүгінгі күні ауданда заңсыз миссионерлік қызмет көрсету және діни мақсаттағы әдебиеттер мен заттарды заңсыз сату, тарату фактілері орын алмаған. Діни ахуал тұрақты.…

Келелі кездесу

Бөлім:  Дін
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Аудан әкімдігінің ішкі сая­сат бөлімі мен облыстық пікір­сайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің бірлесе ұйым­дастыруымен жуырда Айша­бибі, Қаратөбе, Гродиково, Қызыл­қайнар, Жамбыл, Қаракемер, Ақбұ­лым, Пионер, Көлқайнар ауыл­дық округтерінде «Жастар арасында діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары» тақырыбында кездесулер өткізілді. Ауыл тұрғындарының діни сауаттылығын арттыруды мақсат еткен дінтанушы, теолог Ержан Аманбаев асыл дініміздің құндылықтары жайында кеңінен мағлұмат беріп, соңғы жылдары дәстүрлі діннен хабары жоқ азамат­тар­дың көбейгенін, осының салдарынан ислам дініне үрке қарайтын адамдардың қарасы қалындағанын жеткізді. Келелі кездесуде Ержан Маханұлы дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегіне ерген азаматтардың сыртқы белгілеріне тоқталып, жастардың жат ағымдардың арбауында кетпеуі үшін қажетті ақпарат берді. Жиын соңында қатысушыларға…

Серіктестер