Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова аудандағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қабылдады. – Бұқаралық ақпарат құралдары – халық пен биліктің арасындағы алтын көпір. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында жүргізіліп жатқан саясаттың жүзеге асырылуы журналистер арқылы насихатталады. Сіздердің мәселе көтерген мақалаларыңыз маңызды болып табылады. Қазақтың біртуар перзенті Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек», – деп мерзімді басылымның ел өміріндегі маңыздылығын айқындап берді. Расында, кез келген азамат қоғамда болып жатқан оқиғаларды, жылт еткен жағымды жаңалықтарды мерзімді басылым арқылы оқып,…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Апта аяғында аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығында» мемлекеттік қызметшілер күніне орай спорттың бірнеше түрінен жарыстар ұйымдастырылды. Жамбыл аудандық кәсіподағы ұйымы мен аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілген шарада аудандағы мемлекеттік қызметкерлер спорттың қол күресі, үстел теннисі, дойбыдан сынға түсті. Жарыстың ашылу салтанатында аталған бөлімнің басшысы Қайрат Ержігітов сөз алып, шараға қатысқан мемлекеттік қызметкерлерді жарыстың мақсатымен, ережелерімен, өту тәртібімен таныстырып, оларға сәттілік тіледі. Жылы лебіздер легін ҚР мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы Мадияр Сәмбетов, аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиев жалғап, қатысушыларға ізгі тілектерін жеткізді.Спорттық шара…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мемлекеттік қызметкерлердің қабілет-қарымдысына, соның ішінде қазақ тіліне қамшы салдырмайтындарына жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек. Әсіресе, мемлекеттік қызметке қабылданған қазақ қазақша сөйлеуі керек», – деген болатын. Мемлекет басшысы жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында да мемлекеттік тілдің маңыздылығын әрдайым қадап айтып келеді. Осы орайда, мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді дамыту барысында айтарлықтай жұмыстар атқарып, тіліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты облыстық конкурсқа аудандық кезеңнен сүрінбей өткен командалар қатысты. Конкурсқа ауданымыздан барған Аса ауылдық округінің «Тіл сақшылары» командасы ана тіліне деген ізгі құрметін көрсетіп, жүлделі үшінші орынды жеңіп…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.Баршаға белгілі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2003 жылы әр жылдың 23 маусымын мемлекеттік қызметші күні деп атап өту жөнінде ұйғарым жасаған болатын. Бұл шараның халықаралық аренада мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің статусын көтеруге оң ықпал еткені ақиқат. Осыған орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 23 маусымды Мемлекеттік қызметші күні деп жариялап, арнайы Жарлыққа қол қойды.Айтулы күнге орай аудан әкімі Мәден Мұсаев…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Таяуда Ю.Гагарин атындағы орта мектепте облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен аудандағы мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде аудан әкімдігінің бөлім басшылары және оның орынбасарлары, сектор меңгерушілері, бас мамандар мен жетекші мамандар арасында Қазтест сертификаттық тестілеу өткізілді.Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген нысаналы индикаторлардың бірі – «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесін 2020 жылға дейін В1, С1 деңгейінде кезең-кезеңімен тілдік білім сапасын арттыру мақсатында өткізілген тестілеуде қатысушылар жалпы еуропалық стандартқа сәйкес сөйлеу әрекетінің 4 түрі (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) бойынша тілдік коммуникативтік құзыреттіліктерінің…

Серіктестер