Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Қазақстанның ең қастерлі құндылығы – ел Тәуелсіздігі. Бұл – Елбасының сөзі. Ұлт көшбасшысының сарабдал саясатының арқасында 26 жыл ішінде Тәуелсіздігіміздің босағасы бекіп, қабырғасы қатайып, керегесі кеңейе түсті. Қазіргі қазақ елі әлем таныған егемен елге айналды.1986 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласының орталығында болған Желтоқсан оқиғасы қазақта қайсар әрі ұлтжанды ұл-қыздардың бар екенін әйгілеген еді. Сол оқиға қазақтың санасын дүр сілкіндіріп, Тәуелсіздіктің қайнар көзіне айналды. Еліміз үшін тарихи датаны бүгінгі ұрпақ ұрандатып еске алып, Тәуелсіздік жолында күрескен батырларымызға әрдайым тағзым етеді. Тәуелсіздік күні қарсаңында аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» мәжіліс залында аталмыш орталық пен «Мәңгілік ел» тәрбие және білім беру орталығы бірлесіп…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Келер жылы Арқа төсіндегі ару қала Астанаға – 20 жыл. Бұл уақыт тарих үшін қасқағым сәт болғанымен, осынау аз ғана жылдың ішінде елордамыз дәулеті мен сәулеті жарасқан әлемдегі сұлу шаһарлардың біріне айналды. Айтулы мерекеге орай республика аумағында түрлі іс-шаралар биылғы жылдан-ақ басталған.Арайлы Астананың 20 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай «Тараз» теміржол бекетінен аудандарға жол тартқан «Астана. Тәуелсіздік. Рухани жаңғыру» ақпараттық пойызы кеше Шайқорық-Аса-Жұма стансасына аялдады.Айтулы шараның мақсаты Астананың 20 жылдық мерейтойын жалпыхалықтық деңгейде өткізу, елорданың Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы ауқымды тарихи рөлі туралы, Астана – өңірлердің серпінді дамуының факторы екендігін шалғай елді мекен тұрғындарына жеткізу, сондай-ақ атаулы…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы Қазанбасовтың аудан тұрғындарын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтауы Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!Азаттықтың анасы – бостандық, Тәуелсіздіктің анасы – еркіндік. Жер шарын мекендеген барлық халық азаттықты арман етеді, еркіндікті мақсат тұтады. Біздің халық – ғасырлар бойы аңсаған, азаттығына қолы жеткен, арман-мұраты ізгілікпен өрілген ел. Байтақ ел, дария көңіл, дана қазақ халқының сайын даладан ғұмыр бойы іздегені – бірлік, тілегені – тұтастық!Қазақ «Қуана білгенге – құт қонады, бағалай білгенге – бақ қонады» дейді. Қазақстан бүгінде қыдыр дарып, бақ қонған, ырыс жайлаған елге айналды! Осы жалауы желбіреген жиырма…

Серіктестер