Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жамбыл облысы әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясы мүшелерінен құрылған мобильді топ семинар-кеңес өткізді. Аудан әкімінің орынбасары Жалғас Мұртаза семинарда ауыл әкімдері мен мектеп директорларына, бөлім, мекеме-ұйым басшыларына мобильді топ мүшелерінің аудандарда семинар-кеңес өткізу мақсатымен таныстырып, мобильді топтың жетекшісі, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің мүшесі Қасымхан Төлендиевке сөз кезегін ұсынды.Мобильді топтың жетекшісі Қасымхан Төлендиев қоғамда жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды күшейтуге арналған жүйелі жұмыстар атқарылып жатқандығын, соның ішінде, мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды тұлға жемқорлыққа жол берген жағдайда бұрын…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда, сондай-ақ, оның қолданыс аясын кеңейтуде ерекше маңызға ие қозғаушы күштің бірі көрнекі ақпараттар мен жарнамалар екендігі белгілі. Бірақ, көрнекі ақпараттардағы қателер, сауатсыз, олақ аудармалар, сөздік қолданыстағы кемшіліктер тіліміздің көркемдігіне әсер етеді.Осы орайда, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Бәйтерек-Жамбыл» қоғамдық бірлестігімен елді мекендердегі ауыл, көше атаулары мен аншлагтардағы, мемлекеттік мекеме маңдайшайларындағы заң талаптарының сақталуын түсіндіру мақсатында жуырда Гродеково, Қызылқайнар, Полатқосшы, Қарой, Бесағаш ауылдық округтерінде «Көрнекі ақпарат және деректеме тілі» атты семинар-кеңес өткізді.Шара барысында «Бәйтерек-Жамбыл» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Сабитбекова: «Мемлекеттің, ұлттың сипаты ең алдымен оның тілі мен ономас­тикалық атауларынан айқын көрі­неді. Елбасының: «Халқымыз жерге ат қою…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жуырда аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен «Кадрлық іс қағаздарды жүргізудегі «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің рөлі» атты семинарға аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен бас мамандары қатысты. Семинарды ашып, жүргізген аудан әкімі аппаратының басшысы Абай Бекбосын «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің маңыздылығын түсіндірді. Үстіміздегі жылдың 8-9 тамыз аралығында облыс әкімі аппараты жанынан құрылған жұмысшы тобының зерделеуі бойынша «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен ауданда штаттық режимде жұмыс жүргізу төменгі деңгейде екені анықталды. Анықталған кемшіліктер мен оны талапқа сай жүргізу жөнінде бағыт-бағдар беру үшін сөз алған аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы Жансая Оспанова мен бөлімшенің бас маманы Жансерік Аманбай «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде тиімді жұмыс жүргізу барысындағы…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Апта аяғында Бесағаш ауылының егістік алқабында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер» 019 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде, «Жамбыл облысында қант қызылшасының жаңа «Ақсу», «Тараз» будандарының тұқым шаруашылығын ұйымдастыру» атты инновациялық жобасы аясында «Егінжай күні» облыстық семинар-кеңесі өтті. Семинарға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралы, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Амангелді Әбдібеков, ауылдық округтердің әкімдері, шаруа қожалықтардың төрағалары қатысты.Кеңесте модератор, ҚазЕжӨШҒЗИ бас директорының орынбасары, жоба жетекшісі Шолпан Бастаубаева қатысушыларды жобаның мақсаты мен міндетінен, жаңалығы мен нәтижелілігінен құлағдар етті.– Біздегі жобаның мақсаты – облыста қант қызылшасының жаңа рұқсат етілген будандарын енгізу, тұқым шаруашылығын ұйымдастыру…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Бүгінде ауыл шаруашылығы саласындағы егіншілік кәсіпті өркендетудің басты кепілі – аз шығын жұмсап, мол өнім алу. Диқандар үшін мол түсімге кенелудің тағы бір тәсілі – жерді сапалы әрі сауатты тыңайта білу. Жақында Аса ауылында Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарының кәсіпкерлері мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің қатысуымен қант қызылшасы және жүгеріні құнарландырудың қыр-сыры айтылған үлкен семинар өтті. Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен «ЕвроХим-Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесе ұйымдастырған жиында мамандар қант қызылшасын өсіруде пайдаланылатын озық технологиялардың тиімділігі мен минералды тыңайтқыштарды қолданудың жолдарын түсіндірді. Онда алдымен «ЕвроХим» химиялық кешенінің бірнеше ірі жобаларды жүзеге асырумен айналысып келе жатқаны және азот, фосфор, калий секілді өзге де…

Серіктестер