Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Дүйсенбі күні аудан әкімі Бақыт Қазанбасов өткізген аппараттық кеңестің күн тәртібінде негізгі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағасын тұрақтандыру шаралары туралы мәселе қаралды.Кеңесте хабарлама жасаған аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиев бүгінгі күнге 2016 жылдың 28 желтоқсанымен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 14 түрі бойынша баға өсуі байқалғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, тазартылған күріш, тауықтың сан еті, сүт пен айран, сары май, пияз, асханалық қызылша, сәбіз, картоп, қант, ас тұзы, түйіршіктелген қара шай қымбаттаған. Жыл басынан бері азық-түлік тауарлары бағасы 2,6 пайызға, азық-түлік емес тауар бағасы 3,9 пайызға, ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 5,8 пайызға өскен.Хабарламашы жоғарыда…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың төрағалығымен өткен аудан әкімдігінің кезекті мәжілісінің күн тәртібіне егін жинау шараларын қорытындылау және күзгі егіс жұмыстарының барысы туралы мәселе қаралды.Негізгі мәселе бойынша хабарлама жасаған аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Аманалы Құрбанов биыл себілген дақылдар көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 1130 гектарға өскенін айтты. Ораққа түскен 11000 гектар масақты дәнді дақыл алқабынан 25190 тонна астық жиналған. Егін орағына 42 комбайн қатысып, 10 астық тазалағыш, 12 автотаразы пайдаланылған.Бүгінгі таңда мал азықтық дақылдар, көкөніс, бақша және майлы дақылдар, картоп жиналуда. Гектар түсімі әзірге қуантарлық. Сонымен қатар жылыжайда өсірілген көкөністердің бірінші айналымында өнім толық жиналып, екінші айналымның дақылдары күтіп-бапталуда.Баршаға белгілі,…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жаңа оқу жылы басталар шақ келіп жетті. Аудандағы білім беру мекемелерінің 2017-2018 оқу жылына дайындығы туралы мәселенің аудан әкімдігі мәжілісінің күн тәртібіне қойылғаны да сондықтан. Кеше аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың төрағалығымен өткен мәжілісте аудан әкімдігі білім бөлімі басшысының хабарламасы тыңдалып, талқыланды.Хабарламада айтылғандай, өңірдегі 58 білім беру мекемесінің жаңа оқу жылына әзірлігі бүгінгі күнге 98 пайызды құрайды. Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары 30 тамызда аяқталып, дайындық толығымен жүзеге аспақ. Биыл бұл мектептен басқа білім ордаларында да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жергілікті бюджеттен қаралған қаражатқа Исмаилов, Ильич, Амангелді, Макаренко атындағы, Еңбек орта мектептері мен Матросов атындағы…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова қатысқан кеңесте әлеуметтік жәрдемақылар жүйесін жаңғырту жайы сөз болды. Онда Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Арубаев пен осы басқарманың бас маманы Марал Ділдебекова әлеуметтік жәрдемақылар жүйесін жаңғыртудың ерекшеліктері мен негізгі мақсатына тоқтала келіп, «Өрлеу» бағдарламасы аясында шартты ақшалай көмек тағайындау, шартты ақшалай көмекті ақпараттандырылған бағдарлама арқылы тағайындау туралы және тағы басқа да келелі мәселелер қозғады.Оқыту-кеңесіне қатысқан ауыл әкімдері, жауапты мамандар әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және жұмыспен қамту орталығының басшылары мен қызметкерлері, яғни, 47 адамның алдында Марал Аманжолқызы шартты ақшалай көмекті тағайындау процесі туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, кеңеске қатысушыларды бүгінгі…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Сессиядан соң облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев аудан активімен кездесіп, ауданның жаңа әкімі Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлымен таныстырды. Аудан басшысының осы өңірде туып-өскенін, басқару ісінде бай тәжірибесі бар екенін, сол себепті үлкен сенім артып отырғанын жеткізген облыс басшысы Бақыт Алпысбайұлының алдағы қызметіне сәттілік тіледі.Киелі топырақ ұлылық туғызбай қоймайды. Талай танымал тұлғалар шыққан Жамбыл ауданын басқарған азаматтардың бүгінде жоғары да жауапты қызметтер атқарып жүргенін тілге тиек еткен Кәрім Насбекұлы өңір жұртшылығына алғыс айтты.Өз кезегінде Бақыт Алпысбайұлы облыс басшысы мен жерлестерінің сенімін ақтайтынын, бар қажыр-қайраты мен білік-тәжірибесін, білім-қабілетін аудан экономикасын дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге жұмсайтынын жеткізді.Сөз сөйлеуге шыққан ауданның Құрметті азаматтары Мақұлбек Байгелдиев пен…

Серіктестер