Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Әне-міне дегенше, бала бойына даналық қасиет дарытуға даяр барлық білім мекемелері жез қоңырауларын сыңғырлатқалы тұр. Ала жаздай алаңсыз демалған балалар жаңа оқу жылына жаңа леппен, ерекше көңіл-күймен қадам басуы тиіс. Бүгінде бауыр еті баласы үшін ата-ана біткен базарға сабылып, оларды мектепке даярлаудың қарбалас қамына кірісіп те кетті. Әйтсе де, ел ішінде өзге сыныптастарындай жарқырап киінуіне, білім кемесіне батыл мінуі үшін буынып-түйінуіне жоқтық қолбайлау жасап отырған жеткіншектер де жоқ емес. Дегенмен, көпбалалы жанұядан шыққан немесе әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары секілді мүмкіндігі аз оқушылардың жоғы жыл сайын «Нұр Отан» партия­сының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында түгенделіп отырғанын көз…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жаздың үш ай демалысында алаңсыз қызық қуған балалар үшін мектепке барып, достарымен қауышудың өзі бір мереке. Алғашқы қоңырау соғылар сәтте кез келген ата-ана баласының оқуға қажетті құрал-жабдығының түгел болуын қалайды. Осындайда бірнеше жылдан бері балалардың алаңсыз білім алуына «Мектепке жол» акциясының ықпалы тиіп келе жатқанын айта кетуіміз керек.Аталған акция аясында «SINOIL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Қайрат Ордабеков Б.Момышұлы атындағы орта мектептің бір оқушысына, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров Ю.Гагарин атындағы орта мектептің 3 оқушы­сына мектепке қажетті киімдер мен оқу жабдықтарын алып берді. «Жерде бір бала күлсе, көкте мың періште қуанады» дейді халық. Осындай игі іс жасап, алғыс алып жүрген…

Игі істің басында Таңдаулы

Бөлім:  Акция
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
«Даналар сөзі – ақылдың көзі» дегендей, халық арасында адамгершілік, жомарттылық туралы небір маржан сөздер бар. «Өзін ғана ойлаған, жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған, адамдықтың белгісі» деген сөз осы орайда дәл айтылған. Аға буын азаматтардың кеңпейілділігі кейінгілерге үлгі болсын деген ниетпен жария ететін игі істер бар. «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасының аясында ұйымдастырылатын «Мектепке жол» науқаны жылдағы дәстүрмен басталып та кетті. «Нұр Отан» партиясының Жамбыл аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы Рүстем Бегалиев Қаракемер ауылындағы Оразымбековтер отбасының мектеп жасындағы 3 баласына және Түрксіб ауылындағы Алшораз отбасының 3 баласына…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Ауданымызда «Ашық білім басқармасы» атты облыстық акция аясында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмилә Бекбатырова бастаған топ мүшелері қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда білім басқармасы жалпыға міндетті орта білім беруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы Г.Ертагина, техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы А.Жайлышева, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің білім сапасын басқару және менеджмент бөлімінің жетекшісі Ғ.Омарбекова, білім басқармасы кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының алдын алу бөлімінің бас маманы Н.Сүйманова, облыстық білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі орталығының бағдарламашысы Ж.Тайғараева мектеп директорлары мен орынбасарларының, мұғалімдердің «Баршаға арналған техникалық білім беру», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті біліммен қамту», «Қорғаншылық, қамқоршылық, патронаттық тәрбие», «Мектептегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру», «Білім…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 25 шілдедегі №3-18-3/2439-И хатына сәйкес 2017 жылғы 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының өткізілетіндігін хабарлайды. Акцияның мақсаты аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады. Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты жалпыға бірдей білім беретін мектептерде 2016 жылы тамыз айының 1-нен қыркүйек айының 30-ы аралығында «Балаларға бірге көмек көрсетейік!»…

Серіктестер