Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Бейсенбіде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Ерболат Әмірбеков Жалпақтөбе ауылына арнайы барып, В.Чкалов атындағы орта мектептің акт залында ұстаздармен кездесті.Кездесу барысында сөз алған бас маман: «Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі болып табылады. Оны болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Жемқорлықпен күрес күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары азаймай отыр. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға орай, сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының,…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбековтің басшылығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды іске асырудағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» жағдайын қалып­тастыру бойынша семинар-кеңес өтті.Партия аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес, партиялық бақылау комиссиясы, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес комиссиясы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы және ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысқан семинар-кеңесте партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұрқасым Үкібаев, аудан әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысы Жомарт Телеуов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Мадияр Сәмбетов, аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция капитаны…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Ауданда ХХІ ғасырдың қасіретіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес тұрақты жүргізіліп келеді. Соның нәтижесі болар, бүгінде бұл індетке бой алдыратын азаматтардың қатары сиреген. Тәуелсіз Қазақстанның баянды болашағына алаңдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыбайласттыққа қарсы күресті күшейту мақсатында арнайы заң қабылдап, түрлі бағдарламаларды дүниеге алып келді. Ал, ауданда келеңсіз көрініске қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында арнайы мобильдік топ құрылып, іске белсене кіріскен.Бүгінде аталмыш топ ауданға қарасты ауылдық округтерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бет жүзіне, лауазымына қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу қажет. Бүкіл халық болып мұндай індетке қарсы тұруымыз керек. Бұл – әрбір адамның азаматтық парызы» деген сөзі әр қазақстандықтың ұраны…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын болып өтті. Бөлім қызметкерлері мен ауданның белсенді жастары қатысқан басқосуға аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің бас маманы Ерлан Қалисаев арнайы шақырылды. Жиынды бөлім басшысы Белғалы Сергеев ашып, жүргізді. Ол сыбайлас жемқорлықпен күресте жазалаудан бұрын оған төзбейтін мәдениет қалыптастыру керек екенін, ол үшін бармақ басты, көз қысты әрекетпен қоғам болып жұмылып күресу қажет екенін ескертті.– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту туралы тапсырма берген болатын. Елбасының соңғы Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа байланысты қоғаммен жұмыс жүргізу керектігі нақты айтылды. Бұдан бөлек, қоғамда сыбайлас…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүгінгі қоғамда күн тәртібінен түспей келеді. Сол үшін де ұйым-мекемелерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, оның алдын алу жөнінде кеңесіп, әңгіме қозғалады. Осындай маңызды шаралардың бірі аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында өтіп, келелі мәселе сөз болды.Басқосуға ұйытқы болған орталық басшысы Еркебұлан Жұмажанов жиынның маңыз­дылығына тоқталып, арнайы шақырылған қонақтармен таныстыра келе: – Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететін, әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі болатын ең қауіпті құбылыс, – деді.Еркебұлан Ескермесұлының сөзін салмақтай түскен аудандық прокуратураның аға прокурорлары Азамат Мукаев пен Ұлан Қосановтың және аудандық мәслихаттың депутаты Нәйлә Ерғазиеваның сөздері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті бірлесе жүргізуге саяды.Жиында сыбайлас жемқорлыққа…

Серіктестер