Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі күнде өзекті мәселеге айналған. Қоғамдағы әділетсіздіктер мен заңсыздықтар сыбайлас жемқорлық салдарынан орын алып жатады. Онымен күрес әрбір азаматтың міндеті болса керек. Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Ғани Сейдуанов өткізген «Мемлекеттік органдардағы жемқорлық әрекеттерінің куәсі болғанда не істеу керек?» атты «дөңгелек үстел» отырысында басқарманың жетекші маманы Саида Шалимбетова салмақты әңгіме қозғады. – Жемқорлық – қызметтік лауа­зым­ды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану. Ол мемле­кеттік басқару жүйесін бұзып қана қоймай, экономикамыздың дамуын шектейді, әсіресе экономика саласында ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді. Алайда, көп жағдайда азаматтардың өзі лауазымды қызметкерлердің осын­дай қадамға баруына себепші болады. Сондықтан да…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Сыбайлас жемқорлық кең етек жайған қоғамда заңсыздықтан бөлек біреуді-біреу жолдан ығыстыру, нақақ жала жабу секілді әділетсіздіктер мен адамгершілікке жат түрлі әрекеттер де пайда болады. Бұның мемлекеттік құрылымды бұзып қана қоймай, еліміздің дамуына кері әсерін тигізетіні аян. Қоғамдағы көптеген әділетсіздіктер, заңсыздықтар сыбайлас жемқорлықтың өрбу салдарынан орын алады. Онымен күресте кез-келген азамат енжарлық танытпауға тиіс. Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» отырысында мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы Саида Шалимбетова осындай пікір білдірді. Өз баяндамасында ол адаммен адам тікелей қарым-қатынас орнатқан жерде міндетті түрде заңсыздыққа жол берілетінін айтып, ХХІ ғасырдағы техника-технологияның даму үдерісіне…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Бүгінде «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы және коммерциялық емес ұйымдар қауымдастығымен бірлесіп сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша, азаматтық қоғам тақырыбында жұртшылық арасында келелі кездесулер өткізуді дәстүрге айналдырған. Жақында осы «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев пен облыстық коммерциялық емес ұйымдар ассоциациясының төрайымы Айнұр Зауырбекова ауданымызға арнайы келді. Аудан тұрғындары мен мемлекеттік қызметшілер және жастар қатысқан жиынды аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова ашып, жүргізді. Жиында сөз алған Қасымхан Естемесұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу туралы арнайы шаралар мен заңдар қабылданып, нәтижесінде қоғамда заңсыздықтар біршама…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Қазақтың сөздік қорында «Бармақ басты, көз қысты» деген сөз тіркесі бар. Әдетте мұндай әрекетке белгілі бір қызметтің құлағын ұстаған дөкейлер немесе соған тікелей қатысы бар қызметкерлер мен дәурені жүріп тұрған адамдар аяқ басып жатады. Біреудің тірлігін біреу таныс-тамыр арқылы жеделдете бітіріп берсе, осының өзі өрескел заң бұзушылық. Себебі ол өзгелердің құқығын таптап, өз тірлігін елден ерек бітіртіп алып отыр. Айта берсе ауыз талатын осы тектес заңға томпақ әрекеттер жиынтығы бүгінде қазақ елінің өркендеуіне кедергі келтіріп тұрғаны өмір шындығы. Негізінен, сыбайлас жемқорлық әлемдегі дамушы елдерде де бұрын болған. Дегенмен олар осы келеңсіздікке қарсы нақты іс-әрекеттер жасай алуының арқасында былыққа батқан мемлекетін…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жуырда Гродиково ауылдық округінің әкімі Болат Қожабековтің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Оған ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Е.Әмірбеков қатысып, жемқорлықтың алдын алу бойынша баяндама жасады. – Сыбайластық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамның басты қауіп-қатерлерінің бірі. Сондықтан да оны болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары аз емес. Осындай келеңсіз құбылыстармен…

Серіктестер