Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Ауданда ХХІ ғасырдың қасіретіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес тұрақты жүргізіліп келеді. Соның нәтижесі болар, бүгінде бұл індетке бой алдыратын азаматтардың қатары сиреген. Тәуелсіз Қазақстанның баянды болашағына алаңдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыбайласттыққа қарсы күресті күшейту мақсатында арнайы заң қабылдап, түрлі бағдарламаларды дүниеге алып келді. Ал, ауданда келеңсіз көрініске қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында арнайы мобильдік топ құрылып, іске белсене кіріскен.Бүгінде аталмыш топ ауданға қарасты ауылдық округтерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бет жүзіне, лауазымына қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу қажет. Бүкіл халық болып мұндай індетке қарсы тұруымыз керек. Бұл – әрбір адамның азаматтық парызы» деген сөзі әр қазақстандықтың ұраны…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын болып өтті. Бөлім қызметкерлері мен ауданның белсенді жастары қатысқан басқосуға аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің бас маманы Ерлан Қалисаев арнайы шақырылды. Жиынды бөлім басшысы Белғалы Сергеев ашып, жүргізді. Ол сыбайлас жемқорлықпен күресте жазалаудан бұрын оған төзбейтін мәдениет қалыптастыру керек екенін, ол үшін бармақ басты, көз қысты әрекетпен қоғам болып жұмылып күресу қажет екенін ескертті.– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту туралы тапсырма берген болатын. Елбасының соңғы Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа байланысты қоғаммен жұмыс жүргізу керектігі нақты айтылды. Бұдан бөлек, қоғамда сыбайлас…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүгінгі қоғамда күн тәртібінен түспей келеді. Сол үшін де ұйым-мекемелерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, оның алдын алу жөнінде кеңесіп, әңгіме қозғалады. Осындай маңызды шаралардың бірі аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында өтіп, келелі мәселе сөз болды.Басқосуға ұйытқы болған орталық басшысы Еркебұлан Жұмажанов жиынның маңыз­дылығына тоқталып, арнайы шақырылған қонақтармен таныстыра келе: – Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететін, әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі болатын ең қауіпті құбылыс, – деді.Еркебұлан Ескермесұлының сөзін салмақтай түскен аудандық прокуратураның аға прокурорлары Азамат Мукаев пен Ұлан Қосановтың және аудандық мәслихаттың депутаты Нәйлә Ерғазиеваның сөздері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті бірлесе жүргізуге саяды.Жиында сыбайлас жемқорлыққа…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі күнде өзекті мәселеге айналған. Қоғамдағы әділетсіздіктер мен заңсыздықтар сыбайлас жемқорлық салдарынан орын алып жатады. Онымен күрес әрбір азаматтың міндеті болса керек. Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Ғани Сейдуанов өткізген «Мемлекеттік органдардағы жемқорлық әрекеттерінің куәсі болғанда не істеу керек?» атты «дөңгелек үстел» отырысында басқарманың жетекші маманы Саида Шалимбетова салмақты әңгіме қозғады. – Жемқорлық – қызметтік лауа­зым­ды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану. Ол мемле­кеттік басқару жүйесін бұзып қана қоймай, экономикамыздың дамуын шектейді, әсіресе экономика саласында ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді. Алайда, көп жағдайда азаматтардың өзі лауазымды қызметкерлердің осын­дай қадамға баруына себепші болады. Сондықтан да…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Сыбайлас жемқорлық кең етек жайған қоғамда заңсыздықтан бөлек біреуді-біреу жолдан ығыстыру, нақақ жала жабу секілді әділетсіздіктер мен адамгершілікке жат түрлі әрекеттер де пайда болады. Бұның мемлекеттік құрылымды бұзып қана қоймай, еліміздің дамуына кері әсерін тигізетіні аян. Қоғамдағы көптеген әділетсіздіктер, заңсыздықтар сыбайлас жемқорлықтың өрбу салдарынан орын алады. Онымен күресте кез-келген азамат енжарлық танытпауға тиіс. Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» отырысында мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы Саида Шалимбетова осындай пікір білдірді. Өз баяндамасында ол адаммен адам тікелей қарым-қатынас орнатқан жерде міндетті түрде заңсыздыққа жол берілетінін айтып, ХХІ ғасырдағы техника-технологияның даму үдерісіне…

Серіктестер