Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Елдігіміз бен егемендігіміздің тірегі – Ата Заң. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған күн айтулы мерекеге айналғаны арайлы күннің айғағы. Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,Тікелей әсер еткен ғұмырына.Айналды Ата Заңым мызғымайтын,Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!Өмірден әділдік пен бақ табатын,Құқығым қорғалды деп шаттанатын,Өрімдей жас өркендер келеді өсіп,«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын. Абыройы асқақ айбынды Ата Заңға құрмет – бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан көп ұлтты мемлекетіміздің уығы мен керегесі тәріздес деуге болады. Сондықтан, әрбір азаматтың ізгі ниеті, үлесі игілік жолына айналары анық. Осындай игі мақсаттағы іс-шаралар Конституция күні мерекесінде ауыл-аймақтарда ұйымдастырылып, көпшілікке арналған концерттік бағдарламалар, мәдени және спорттық шаралар өтті.Аса ауылының орталық…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
ҚР Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда дауыс беру арқылы қабылданды. Содан бері 30 тамызда Ата Заңымыз аталып өтіледі. Осы мерекеге орай «Сәуле» бөбекжайының тәрбиешілері Айман Тажикеева, Әсел Ақмолдаева, Сандуғаш Әуелбаева, Ақбота Бесбаеваның ұйымдастыруымен, «Құлыншақ» және «Гүлдер» тобының қатысуымен «Ата Заңым – ардағым» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте бүлдіршіндер әсем ән шырқап, мың бұрала биледі. Өлең шумақтарын оқыды. Ата Заңды құрметтеу балалық шақтан басталатынын ескерген бөбекжай тәрбиешілері мұндай патриоттық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізді.Әзима Қылышбаева,«Сәуле» бөбекжайының музыка жетекшісі.

Ата Заңым – ардағым Таңдаулы

Бөлім:  Конституция
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Кеше аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салттанатты жиын өтті. Алдымен әскери марш ырғағымен сахна төріне Мемлекеттік Ту әкелініп, еліміздің Әнұраны шырқалды.Бұдан кейін мінбеге көтерілген өңір басшысы көпшілікті мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін арнады.– Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды елдігіміздің бас құжаты, мемлекетіміздің мызғымас іргетасы – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы халықтың ерік-жігерін көрсетті және мемлекеттің демократиялық құрылысының іргетасын қалады. Қолданыстағы Конституция тәуелсіз Қазақстан қоғамының негізгі тірегіне айналып, уақыт талабына сай, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Ата Заңымыздың нормалары мен…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Ата-бабамыз аңсаған егемендікке қол жеткізуіміздің арқасында осыдан жиырма екі жыл бұрын тәуелсіз Қазақстанның жаңа тұрпаттағы Ата Заңы қабылданды. Бодандықтың қамыты біржолата сыпырылды. Азаттықты армандаған қазақстандықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саясатын қызу қолдай отырып, демократиялық даму жолын таңдады. Еліміздің мәдени, қоғамдық, саяси өмірінде ғасыр жүгін арқалайтын ұлы өзгерістер мен тың бастамалар жүзеге асырыла бастады. Қазақстанның тәуелсіздігін әлем мойындап, тығыз әріптестік қатынастар орнатылды.Зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің шекарасы бекітілді. Мемлекеттік рәміздер қабылданып, ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. БҰҰ-ның тұрақты мүшесі болдық. ТМД елдері арасынан суырылып шығып ЕҚЫҰ-на, Ислам конференциясының жұмысына басшылық жасап, еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға, төрткүл дүниедегі сан…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 30 маусымында Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңына қол қойған болатын. Заң «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар кешені туралы» Елбасының осы жылғы 13 наурыздағы №437 Жарлығын орындау үшін әзірленген.Осы орайда Жамбыл ауданы прокуратурасының аға прокуроры Азамат Мұқаев аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында ауылдық округтердің әкімдері, әкімдіктегі бөлім басшыларының қатысуымен жиналыс өткізді.Жиында сөз алған аға прокурор:– Ата Заңның 83-бабының 1-тармағына прокуратура қызметінің аясы сипатталып көрсетілген өзгерістер енгізілді. Жаңа Заңда еліміздегі прокуратураның мәртебесі, құзыреті, қызметін ұйымдастыру тәртібі айқындалған. Заңның 1-бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан заңда…

Серіктестер