Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Тазалық және абат жұмыстары біздің ауданда әрдайым басты назарда. Бұл бағытта ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде тұрақты түрде сенбіліктер өтіп, айналаны күл-қоқыстан арылту мақсатында талай тірлік тындырылды. Соның бір көрінісі, Аса ауылдық округі әкімінің аппараты аудан әкімінің ағымдағы жылдың 14 тамыздағы «Күзгі тазалық жұмыстары туралы» №385 қаулы­сына сәйкес ауылдағы орталық көше – Абай көшесінің бойына 28 түп арша (можжевельник) отырғызып, 12 қоқыс жәшігін орнатты. Сонымен қатар қоғамдық жұмысқа тартылған қызметкерлеріміз өздеріне бекітілген аумақтарды күнделікті тазалап тұрады. Әр аптаның дүйсенбі-жұма күндері аралығында ауылдағы көшелерді арнайы қоқыс таситын көлік аралап, жергілікті тұрғындардың қоқысын жинайды. Ауыл – бәрімізге ортақ. Осыны ауыл тұрғындары жете…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Бүгінде қаланың да, ауылдың да шырайлана түсуіне, сәулетіне сәні, тазалығына мәні сай келуіне қолдан келгеннің бәрі жасалынуда. Әсіресе, ауылішілік, қала мен ауданаралық жолдардың таза болуына айрықша көңіл бөлініп келеді.Жылдағы қалыптасқан дағды бойынша биыл да жыл басынан бері Аса-Тараз бағытындағы автомобиль жолы бойына тазалық жұмысы жүргізілуде. Өткен сенбі күні осы жол бойында арнайы сенбілік ұйымдастырылып, оған аудандағы барлық мекеме-ұйымдар тартылған.Біз сенбіліктің өту барысын білмек болып аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ербол Жайлаубековтен сұрағанымызда, ол:– Сенбілікті ұйымдастырудағы мақсат – қала мен аудан орталығын байланыстырып тұрған жолды таза ұстау. Жол бойындағы шөптерді шабу, қураған талдарды…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Отырған орның былғаныш, киген киімің кіршең болса, оны көрген адамның көңілі құлазып қалатыны жасырын емес. Ал, қоршаған ортаның лас болуы, тіпті көңілге кірбің түсіреді. Осы келеңсіз көріністі жою мақсатымен ауданымызда тазалықтың 2 айлығы ұйымдастырылып, ұйым-мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақты күл-қоқыстан арылтып, белсенділік танытуда.Күз айының алғашқы айы аяқталып, екінші айы орталап қалды. Тап осы мезгілде талдар басынан жапырақ жауып, тазалық жұмысына шыққандардың жұмысы көбейе түседі. Бұл – үйреншікті жағдай. Әйтсе де арық-атыздардағы, күл-қоқыстарды, жер бетін жапқан жапырақтарды қалдықсыз сыртқа шығару олардың төл міндетіне айналса керек. Сол міндетті орындау жолында Марат Бұралқиев басшылық ететін «Аса-су» КМК қызметкерлері тазалық жұмысына аса ден қойған.…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
«Өңір тазалығы – көңіл тазалығы» демекші, Қара­кемер ауылдық округінің әкімі Ердос Бейсенов ауылдың ажарына, тазалығына ерекше мән беріп келеді. Ауыл айналасындағы қураған шөптер мен тұрмыстық қатты қалдықтар, бейберекетсіз өскен шеңгел мен жиде талдар – көңіл құлазытатын көріністер. Ауыл әкімі осындай келеңсіз көрініске жол бермеу мақсатында жүйе­лі жұмыстарды қолға алған. Күні кеше әкімінің ұйым­дас­тыруымен, ауыл тұрғындарының қолдауымен округке қарасты жол жиегіндегі жабайы жиде талдар оталды. – Ауылың айнадай болып жарқырап тұрғанға не жетсін. Жиде талды шабу, жинау бір күнде бітетін шаруа емес. Мұндай игі істер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады, – дейді Ердос Елібайұлы.Іңкәр Сүлеймен.

Серіктестер