Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Қала аумағында ғана емес, бүгінде ауылдық жерлерде де мейрамханалар көбейе түскен. Солардың бірі – Жалпақтөбе ауылындағы «Юнчи» атты мейрамхана.Елу адамға арналып жабдықталған мейрамхананың іші-сырты алыстан менмұндаласа, дастархандағы ас мәзірі де дәмділігімен, құнарлылығымен тіл үйіреді. Әрине, мұндайда аспаздардың еңбегін айрықша атап өткен жөн шығар. Мейрамхана меңгерушісі Хамидахон Мұсаевамен, оның қызы, аға аспаз Халимахан Мұсаеваның қолынан дәм татуға көпшіліктің ықыласы ерекше. – Өзім Тараз қаласында еңбек еткеніммен, түскі асымды осы жерден ішемін. Өйткені, мұндағы тағамдар дәмді, мейрамхана іші мұнтаздай таза. Қызмет көрсететіндер де сондай биязы, кішіпейіл жандар. Қашан келсең де «Қош келіпсіздер» деп иіліп тұрғаны. Қайтар тұста «Қош болыңыздар, келіп тұрыңыздар» деп…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Тірліктің тетігін тауып, ісін дөңгелетіп әкеткен кәсіпкерді көргенде «Кәсіпкерлікке – кең өріс», «Кәсібің – нәсібің» дегеніміз осы да деп жатамыз. Ол рас, кейінгі жылдары елімізде кәсіппен айналысамын, шаруамды жүргіземін деушілерге мемлекет үлкен қолдау көрсетіп келеді.Осындай істің көзін тауып, халықты да, өзін де қарық етіп жүрген азаматтар ауданымызда жоқ емес. Оған өткен жұма күні аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» мәжіліс залында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық филиалының директоры Жолдығұл Тоғанбаев ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баян еткенде көзіміз жетіп, көңіліміз сенген. Баяндамада айтылған деректерге көз жүгіртсек, 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында шағын және орта бизнес…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Сонау ашаршылық тұсында ата-аналарымыз көл жағалауында тұрғанымен, балыққа мән бермеген. Келе-келе балық еті бар қазақтың әуес асына айналған. Бүгінде 7-8 жастағы бала да, 70-80-дегі қарт та көл жағалап, балық аулауға бейіл берген. Бүгінде үкіметтің қолдауымен арнайы мекемелер құрылып, су қоймалары жасалынып, арнайы балық өсіру қолға алынған. Соның бірі – Гродеково ауылындағы кәсіпкер Дильмурат Хусаин-Ахунов жетекшілік ететін «Сандель» шаруа қожалығының су қоймасы. Шаруашылық, негізі­нен, шабақ өсірумен айналысады.Біз болған күні шаруашылықта нағыз қарбалас шақ туған. Су қоймасының етегінде суға толы бір КамАЗ автокөлігі тіркемесімен тұрды. Бақсақ, мемлекеттік тапсырыс бойынша осындағы шабақтарды Қапшағай су қоймасының №13 қосалқы учаскесіне жөнелтпекші екен.«Сандельдіктер» жұмысына төселіп қалған…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Отандық фермерлер мен елді мекендерді қолдау мақсатында AgroBiz.kz атты көпфункционалды интернет-портал іске қосылды. Бұл жоба ел экономикасын цифрландыру саясаты шеңберінде Үкіметтің және USAID агенттігінің қаржыландыруымен жүзеге асуда. Порталдың идеясы – еліміздегі барлық шаруа қожалықтары мен ауылдық округ­тер­дің, жүздеген аграр­лық ғалымдар мен сарап­шы­лардың, мыңдаған агро кәсіпорындардың бір­тұтас дерекқорын жасау.Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Әлемде кезекті, төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Үкімет ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Бұл – маңызды кешенді міндет. Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс. Әкімдер өңірлерде бизнес жүргізу үшін жағдайды жақсарту жөнінде нақты жоспарлар әзірлеу қажет» деген еді. Осы бағытта…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Осы апта жасөркендіктер үшін жағымды жаңалықпен басталды. Олай дейтініміз, дүйсенбіде жасөркендік Замишевтер әулеті ауылдан 350 орындық мейрамхана ашты. Оның ашылуына келген жергілікті тұрғындардың қарасы көп болды. Ағайынды Ерсін мен Батырбек Замишевтер, ауыл ақсақалы Сейітбек Айтназаров салтанатты жағдайда мейрамхананың кермесін қиды. Әрі қарай қуанышқа жиналған көпшілік ішке кіріп, дастарханнан дәм татып, ақжарма тілектерін айтты. Енді жасөркендіктер тойларын Тараз қаласына бармай-ақ жергілікті мейрамханада өткізе алатындарын тілге тиек етті. Біз әулеттің үлкені Ерсін Замишевті әңгімеге тартқанымызда ол: «Ауылда бұрын-соңды мейрамхана болмаған. Мұны қаперге алған біздің әулет ауылға 350 орындық кең мейрамхана салуды жөн көрді. Өздеріңіз көріп отырғандай, ойымыз іске асты. Жергілікті жерден 20…

Серіктестер