Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Таяуда облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Серғали Айдапкелов 2017 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және алға қойған мақсаттары туралы есеп берді. Облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов қатысқан есепті кездесуде Серғали Өмірзақұлы басқарманың еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғау барысында атқарған жұмыстары туралы кеңінен баяндады.Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек испекциясы атқарған кешенді жұмыстардың нәтижесінде 5590 кәсіпорында ұжымдық шарттар мен меморандумдар қабылданып, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік әріптестіктің тетіктері заң талаптарына сәйкес іске асырылуда. Бұл көрсеткіш жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 72,8 пайызын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға жоғары болып қалыптасты. Нәтижеде бас­қармаға жеке және заңды тұлға­лардан келіп түскен…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың аудан халқы алдындағы есепті кездесулерінде жұртшылық 2017 жылы атқарылған шаруалар мен алдағы жұмыстардың жоспарына қанығуда. Жұма күні Ақбұлым, Қарой, Бесағаш ауылдық округтерінде жалғасқан жиындарда да Бақыт Алпысбайұлы халыққа қажетті ақпараттарды нақты, ұғынықты тілде жеткізген. Тұрғындар қойған сұрақтар бойынша өзі ғана емес, сала басшыларының да жауап қайтаруына тура келген. Ақбұлым Көшелер жөнделсе деген тілек бар Осында өткен жиында алдымен ауылдық округ әкімі Сағынбек Жанысбаев есепті мерзімде атқарылған жұмыстар мен перспективалық жоспарлар жайында баяндап берсе, аудан әкімі Бақыт Қазанбасов ауданның 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы уақытта атқаратын жұмыстары жайында кеңінен әңгіме қозғады.Ауыл, аудан әкімдерінің есептеріне құлақ…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшысының, әкімдердің, ұлттық жоғарғы оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес 2018 жылдың 17-26 қаңтары аралығында Жамбыл ауданы бойынша ауылдық округ әкімдерінің өз елді мекендерінде тұрғындар алдында есеп беру кездесулері өтсе, 31 қаңтарда аудан әкімінің ауылдық округтерде есеп беру кездесулері басталды. Өмір шырайын ашқан әрбір жақсы істі, көңілге жаққан жаңалықты, өңір жетістігін, алда атқарылар қабырғалы жобаларды естіп, көрудің өзі бір ғанибет. Аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы Қазанбасовтың есептік кездесуде жасаған баяндамасынан осыны байқадық. Сәрсенбі және бейсенбі күндері аудан басшысымен бірге халық алдында есебін берген Ерназар, Өрнек,…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Өткен жыл ауылдарымыз үшін өте табысқа толы жыл болды. Бұған біз ауданға қарасты округ әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесулерінде көз жеткіздік. 17 қаңтар күні басталған есеп беру кездесулері жұма күні аяқталды. Ауыл тұрғындары көкейде жүрген көп сауалды ортаға салып, түйткілді мәселелерді көтерді. Округ әкімдері де өз кезегінде тұрғындардың тілегін елеусіз қалдырмай, әр сұраққа жіті назар аударып, тұщымды жауаптар берді. Әкімнің жұмысына – оң баға Өрнек ауылдық округінің әкімі Қанат Темешбаев өзінің есеп беру кездесуін Жұма стансасы тұрғындары алдында өткізді. Аталмыш кездесуге аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспар­лау бөлімінің басшысы Қуаныш Бүркітәлиев, аудандық мәслихат депутаты Талап Әбдібеков қатысып отырды. Округ…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша жергілікті атқарушы органдар басшылары мен түрлі деңгейдегі әкімдер, сондай-ақ ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары жыл ішінде атқарған жұмыстары жайлы халық алдында есеп беруі қажет. Осыған байланысты өткен сәрсенбі күні басталған ауданға қарасты ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесулері жалғасуда. Кездесулерде жергілікті тұрғындар округ әкімдерінің өткен жылғы атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Ауылдың өзекті мәселелерін сөз етті. Мектеп мәселесі көтерілді Гродиково ауылдық округінің әкімі Болат Қожабековтің халық алдындағы есеп беру кездесуі Қызылдихан ауылында өтті. Аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қуаныш Бүркітәлиев қатысқан кездесуде ауыл тұрғындары округ әкімінің өткен…

Серіктестер