Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Сәрсенбі күні ауданға қарасты ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесулері басталды. Кездесулерде жергілікті тұрғындар округ әкімдерінің есебіне құлақ түріп, көкейкесті сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін, талап-тілектерін жеткізді. Елге ортақ өзекті мәселелерді қаузады. Клуб жөнделсе деген сұраныс бар Ақбастау ауылдық округінің әкімі Нұрсұлу Дүзееваның халық алдындағы есеп беру кездесуі Октябрь-Жеміс орта мектебінде өтті. Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Белғали Сергеев қатысқан кездесуде ауыл тұрғындары округ әкімінің өткен жылда атқарған жұмысы туралы есепті баяндамасын мұқият тыңдап, көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Ауыл ақсақалы Мәмбеталы Зарпулов ауылға таза ауыз су құбыры қашан тартылатынын сұраса, зейнеткер Мұрат Тілеубердиев ауылдық клубты күрделі жөндеуден өткізу мәселесін…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің ұйымдастыруымен 28 желтоқсан күні аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында ауылдық округ әкімдерінің, аудан әкімдігі бөлімдері мен мекеме-ұйым басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.Семинар барысында аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы Ж.Оспанова Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын, Әдеп кодексін сақтау мәселелері және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру оқу-семинарына енгізілген өзгерістер, мемлекеттік қызметшілердің жылдық бағалау қорытындысы бойынша баяндама жасады.Бөлімше басшысы Қазақстан Респуб­ликасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағы 17)…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілгендей, әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру бойынша, яғни 84-қадамын жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана беріледі. Ол дегеніміз, кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысқан жағдайында ғана тағайындалатын болады.Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін түсіндіру мақсатында құрылған жұмыс тобы 3 топқа бөлініп, Аса, Ерназар, Өрнек, Қаракемер, Жамбыл, Айшабибі, Қаратөбе, Қарой, Полатқосшы, Қызылқайнар, Бесағаш, Гродеково ауылдарында тұрғындармен кездесу өткізді. Аталған жұмыс тобының мүшелері –…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылдың 13 қарашасында еліміздің Ұлттық валютасы – теңгені айналымға енгізу жөнінде Жарлыққа қол қойған болатын. Сол жылдың 15 қарашасынан бастап қазақ елінің ұлттық валютасы ел экономикасына белсенді қызмет етіп келеді. Биыл төл теңгемізге 24 жыл толып отыр. Мемлекеттілікті анықтайтын факторлардың бірі – ақша айналымы болып табылса, онда біздің «теңге» ата-жұрттың мәнділігін және басқа мемлекеттермен теңдігін анық байқатты. Осынша белестің сын жолынан мүдірмей өтіп, теңгеміздің тұғыры темірдей тегеурінге ие болып, қаржы әлемінде лайықты орын алды. Елбасының дәйекті саясатының арқасында ұлттық валюта егемендіктің символына айналып, тәуелсіздіктің сенімін одан әрі нығайтуда. Ұлт Көшбасшысының қаржыгерлерді мемлекеттің стратегиялық мақсаттағы жобаларын бірлесіп…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Өмір шырайын, өңір келбетін ашқан әрбір игі іс, көңілге қонған жағымды жаңалық, алда атқарылар қабырғалы жобалар өркен­де­гені­мізді, жаңар­ға­ны­мызды көрсетсе керек. 19 қазан күні ауданымызда жұмыс сапары­мен болған Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Еркін Сейілханұлы Базарханов аудан аумағындағы бірқатар нысандарды аралай жүріп өсіп-өркендегенімізді, жаңарып-жақсарғанымызды көріп, оң бағасын берді.Мемлекеттік инспектор сапарының негізгі мақсаты ауданның әлеуметтік-экономикалық даму серпінін байқау, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында атқарылып жатқан жұмыстарды көзбен көру, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысымен танысу болатын.Ол алдымен Жалпақтөбе ауылындағы ысталған және бұқтырылған шұжықтың көптеген түрін шығаратын жеке кәсіпкер Саид Берсенукаевтың цехына бас сұқты. Цехты аралай…

Серіктестер