Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Сәрсен­біде ауданы­мызға жұмыс сапарымен арнайы келген Қазақстан Респуб­ликасы Президенті Әкім­шілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Еркін Базарханов аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізді.Қабылдауға келген тұрғындардың сауалдары мен өтініштерін көңіл қоя тыңдаған Еркін Сеилханұлы нақты әрі түсінікті етіп жауап қайтарды.Бұдан кейін инспектор аудандық емханаға бас сұғып, ондағы тіркеу бөлімінің қызметімен, амбулаториялық хирургия бөліміндегі, гепатит, бруцеллездарды тексеретін арнайы кабинеттердегі және рентген, биохимия бөлімдеріндегі аппараттардың жұмысымен танысты.Көлқайнар ауылдық округі аумағындағы «Аса-Даму» құс фабрикасына аялдаған Еркін Сеилханұлы мұндағы өндірістің қарқынды жүріп жатқанын көріп, жұмысшыларға табыс тіледі.Ауданымыздың тыныс-тіршілігімен танысқан мемлекеттік инспектор түс ауа аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Өңірде өркендеу бар Аудан тұрғындары алдында 2017 жылды қорытындылаған аудан әкімі Бақыт Қазанбасов Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерге тоқталып, ел экономикасының дамуына жамбылдықтар да өз үлестерін қосып отырғанын тілге тиек етті. Аудан әкімінің қорытынды есебі басталмас бұрын жиналған көпшілік аудандық Мәдениет үйінің кіреберіс дәлізіндегі көрмені тамашалады. Онда ауданның барлық саласының көрсеткіштері айшықты етіп қойылып, көрнекі көрмелер қатары сап түзеген. Стенділердегі әрбір салаға қатысты жетістіктерді көріп, өңірдің өркендегенін аңғару қиын емес еді. Ал, мәдениет ошағының оң қапталындағы аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты мектептердің өнерлі өрендерінің шебер қолдарынан шыққан сан алуан сәнді бұйымдар мен әшекейлер…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Өткен жұмада аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың ауылдық округ тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулері Қаракемер және Аса ауылдық округтерінде өтті. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбеков, аудан әкімдігінің бөлімдері мен мекеме-ұйым басшылары қатысқан жиындарда өңір басшысымен бірге аталған округтердің әкімдері Ердос Бейсенов пен Бауыржан Қалшымбетов есеп берді. Өткен жылды қорытындылап, алдағы жұмыс жоспарымен таныстырған аудан және ауыл әкімдері тұрғындар тілегін тыңдап, ұсыныс-пікірлерін назарға алды. Қаракемер Тұрғындар тілегін айтты Есепті кездесуде сөз алған Қаракемер ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі А.Балқыбеков аудан және ауыл әкімінің есебін қанағаттанарлық деп бағалап, Қаракемер және Құмтиын ауылдарына газ құбырын тарту, Қаракемер ауылындағы ауызсу жүйесін…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің Жамбыл ауданындағы жұмыс сапары Қызылқайнар ауылдық округіне қарасты Қызылқайнар елді мекеніне қауіп төндіріп отырған Талас өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарымен танысудан басталды. Өткен жылы аудандық бюджеттен қарастырылған 39 миллион теңгеден астам қаржыға өзен жағалауындағы бөгеттер нығайтылды. Ағымдағы жылы өзеннің оң және сол жақ беттерінің 9353 метр қашықтығына жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлу мәселесі туындап отыр. Келесі сәтте өңір басшысы «Алтын белгі» өндірістік кооперативінде болып, 22 шаруа қожалықтың басын біріктірген кооперативтің тыныс-тіршілігімен танысты. Өткен жылдың наурыз айында құрылған өндірістік бірлестіктің иелігінде 275 бас ірі қара мал бар. Оның 148 басы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың ауылдық округ тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулері жалғасуда. Аудандық мәслихаттың хатшысы Рүстем Бегалиев, аудан әкімдігінің бөлімдері мен мекеме-ұйым басшылары қатысқан жиындарда өңір басшысымен бірге есеп берген Жамбыл, Қаратөбе, Айшабибі, Полатқосшы, Гродиково, Қызылқайнар ауылдық округтерінің әкімдері Бақыт Садырбаев, Қайрат Жатқанбаев, Райымбек Сеитов, Ержан Данаев, Болат Қожабеков, Зайнилда Сматовтың жұмысын ауыл тұрғындары лайықты бағалады. Өз кезегінде сөз алған ауыл тұрғындары жеке бастың мүддесін емес, ауылда шешімін таппай тұрған мәнді мәселелерге мән берді. Жамбыл Зауыт қалдығынан қауіп бар Есепті кездесуде сөз алған Бесжылдық ауылының тұрғыны, ардагер-ұстаз Шаяхмет Болысбеков Ә.Ысмайылұлы атындағы орта мектептің спорт және акт залы мен асханасы жұмыс…

Серіктестер