Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Қазақстан халқының соғыс және еңбек майданында көрсеткен ерлігін паш етуді мақсат еткен Көлқайнар ауылдық округінің тұрғындары ауылдық клубта бас қосып, кейінгі ұрпаққа бейбіт күндерді сыйлаған соғыс ардагерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Ескерткішке гүл шоқтарын қойды.Ауыл әкімінің міндетін атқарушы Марат Қошайбаевтың ұйымдастыруымен Жеңіс мерекесі күніне орай «Бейбітшілік – баға жетпес бағымыз» атты мәдени іс-шара өтті.– Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары,Жігер менен құштарлықтың құралы.Күрескердің арманы мен ұраны,Қуаныш пен мерекенің бұлағы, – деп тебіренген кеш жүргізушісінің жауқазын жыры, салмақты ойы кім-кімді де қуанышқа жетелегені анық. Олардың көңілінен «Бейбітшілік – баға жетпес бағымыз» деген ойды оқу қиын емес еді. Жас та, жасамыс та…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Күні кеше ғана Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесін атап өттік. Астанада әскери парад өтсе, еліміздің басқа өңірлерінде де ұлы күнді ұлықтаған Қазақстан халқы мәре-сәре күй кешті. Соғыс ардагерлеріне деген құрмет осындай-ақ болар.Ұрпақ барда майдан даласында Отан қорғап от кешкен жауынгерлердің есімдері ұмытылмақ емес. Олар бүгінгі бейбіт күнге, тәуелсіз еліміздің жетістікке жетуіне, осындай мамыражай тыныш күн кешуімізге ашық та жарқын жол ашты. Олар ел мен жер үшін, болашақ ұрпақ үшін соғыс даласында жан алысып, жан берісті.Ұлы мереке күні ешкім қарап жатпасы анық. Бірі жырдан шашу шашса, бірі ән арнады. Енді бірі ескерткішке гүл қойып, құрмет көрсетті.Осы күні өрнектіктер де өрелі іске…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Соғыс... Сол сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады, қанша үйдің шамын сөндірді. Қаншама ару жесір қалып, қаншама сәби жетімдіктің зарын тартты. Ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей, ұлдарын өмірден өткенше күткен аналарымыз фашистерге лағнет айтып өтті. Дүниені дүр сілкіндірген соғыста оқ пен оттың, өмір мен өлімнің ортасынан аман-есен елге оралған кешегі Жеңіс солдаттары бүгінде асыл қазынамызға, ақын-жазушылардың таусылмас тақырыбына айналды. Жастарымыз ардагерлерді құрмет тұтып, қазіргі күндері әр ауылда бой көтерген ескерткіш маңындағы тақтаға ойып аттарын жазды.Бұл құрметтің бір ұшқыны ғана. Күн сайын, әсіресе, Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында ұлы күнді ұлықтау игі дәстүр болып қалыптасқан.Осы дәстүр биыл да жалғасын тауып, «Нұр…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Халқымызда «Әкем өлсе де, әкемнің көзін көрген өлмесін» деген тәмсіл бар. Аса ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері ұйымдастырған кездесуге келгендер соғыс тұсында жарық дүние есігін ашқандар болғандықтан, осы бір аталы сөз ойға орала берген. Олардың алды бүгінде 85-86 жасқа келгендер болса, соңы 75-76 жасқа толғандар еді. Бәрінің де көкейі сырға тұнған, әрқайсысының жүзінен сағыныштың лебі байқалады. Әрине, олар соғыс ұрлаған жастық кезеңін, техника орнына ауыр жұмысқа жегілгенін, бірі ардақты әкесін, бірі асыл жарын, енді бірі бауырын сағынышпен еске алады.Ауыл әкімі Бауыржан Қалшымбетов тыл ардагерлерін дастархан басында кездесуге шақырғаны кездейсоқ болмаса керек. Жыл сайын осы үрдіс жалғасып келеді.Биылғы кездесу «Аида» мейрамханасында…

Экранда — әскери шеру Таңдаулы

Бөлім:  Ұлы Жеңіс
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Отан қорғаушы күні аудандық Мәдениет үйінде аудан жұртшылығы тікелей көрсетілімнен Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылуына 25 жыл толуына арналған әскерилер шеруін көрді. Астанадағы «Қазақ елі» алаңында өткен ел тарихындағы ең ірі әскерилер шеруін Қазақстан Президенті – Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев ашты. «Ел тәуелсіздігімен бірге биыл Қарулы Күштеріміздің 25 жылдық мерекесін атап өтіп отырмыз. Мен ширек ғасыр бұрын дәл бүгінгі күні Тәуелсіз еліміздің төл армиясын құру туралы Жарлыққа қол қойғанмын. Содан бері аз ғана уақыт өтсе де, Қарулы Күштеріміз бес қаруы сай заманауи үлгідегі айбынды армияға айналды. Сайыпқыран сарбаздарымыз бүгінде ұлы даланың сенімді қыраны, азаматтығымыздың алмас алдаспаны. Біз қазіргі заман талаптарына сай…

Серіктестер