Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Газетіміздің өткен санында хабарланғандай, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының кезектен тыс ХХ конференциясында аудан әкімі Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы болып сайланды. Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы 1961 жылы 16 шілдеде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Шайқорық ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1996 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын инженер-технолог, 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін қаржы мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 1981 жылы Тараз қаласындағы №2 астық комбинатында слесарь болып бастаған. 1983-2001 жылдар аралығында Тараз қаласындағы №2 астық комбинатында үгітуші, аға үгітуші, ұнтақтаушы, бөлімше меңгерушісі, цех бастығы, қосалқы шаруашылық меңгерушісі,…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Сәрсенбіде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанты Бақытжан Кикбаев аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығына» барып, онда келген аудан тұрғындарынан орталықтың қызмет көрсету сапасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша сауалнама алды. Жергілікті тұрғындар сыбайлас жемқорлық тақырыбына, орталық қызметкерлерінің қызметіне, жұмыс сапасына байланысты бірқатар сауалдарға жауап берді. Сауалнама жабық түрде өткізілді. Ильяс Қалыбеков,«Шұғыла».
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Кеше аудандық Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының кезектен тыс ХХ конференциясы болып өтті. Партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбеков жүргізген конференцияға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат қатысты.Конференцияда «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы болып аудан әкімі Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы сайланды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгертулер енгізілді және «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХ конференциясына делегаттар сайланды. Партия жиынында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасының Жамбыл ауданында орындалу барысы туралы партия аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі,…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Дүйсенбі күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Орталық» бастауыш партия ұйымының кабинетінде партия облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Бахыт Төлемісова мен партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбеков «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында көшпелі қоғамдық қабылдау жүргізді.Қабылдауға келген Аса ауылының тұрғыны Балауса Сансызбаева кішігірім киім-кешек дүкенін кеңейтіп ашуға Жұмыспен қамту орталығынан шағын несие алуға бола ма деген сауалын жолдаса, шайданалық Ермек Күзембаев шаруа қожалығын ірілендіру мақсатында аталмыш орталық арқылы алатын несиенің берілу уақытысынан кешігіп қалғанын айтып, енді қайта алуға қандай әрекет жасау керектігін сұрады. Сонымен қатар қабылдауда болған асалық Гүлнар Байзақова…

Сала жұмысы сараланды Таңдаулы

Бөлім:  Нұр Отан
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы аталған кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиевтің басшылығымен өтті. Отырыста аудан әкімдігі ветеринария бөлімінің басшысы Сәкен Нұржаубаевтың 2016 жылы және 2017 жылдың екі тоқсанында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.Сала жетекшісінің айтуынша, бөлімде арнайы әзірленген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдаулар жүргізіліп тұрады. Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер мен арыз-шағымдарға, жеке қабылдауға келген азаматтарға заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауаптар қайтарылған. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес 16 ветеринариялық қорытынды, 922 ветеринариялық анықтама берілген. Тоқсан сайын іс-шаралар жоспарына сәйкес «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілген. Бөлім қызметшілері…

Серіктестер