Дәстүрлі турнир Таңдаулы

Бөлім:  Спорт
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Апта аяғында Ю.Гагарин атындағы орта мектептің спорт залында баскетболдан ерлер арасында Ауған соғысында қаза болғандарды еске алуға арналған аудандық турнир болып өтті. Дәстүрлі турнирді аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы ашты.– Ауғанстанда 10 жылға жуық уақытқа созылған сұрапыл соғыс мыңдаған адамның өмірін қиды. Майдан шебіне Кеңес одағынан 620 мың адам азаматтық борышын өтеуге аттанса, 22000 сарбаз біздің елден барды. Қазақстандық мыңға жуық жауынгер Ауған жерінде қаза тауып, тағы 21-і із-түзсіз жоғалды. Жамбыл ауданынан Ауған соғысына аттанған азаматтардың алтауы майданда қаза тапты. Жерлестеріміздің ерлігін мәңгі есте сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз. Елі барда ерлер есімі ешқашан ұмытылмайды. Бүгінгі өткелі тұрған…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру және «Қазақстан-2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Саламатты Қазақстан» атты спорттық шара өтті. Шара басталар сәтте «Жастар ресурстық орталығының» директоры Маханбет Рақымжанов сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.Аталмыш жарысқа ауданға қарасты ауылдық округтерден 100-ден аса қатысушы асық ату, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисі сынды спорт түрлерінен сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша асық атудан I орынды өрнектік Қ.Райымбек, үстел теннисінен асалық Ж.Ағайдаров, тоғызқұмалақ ойынынан Ақбастау округінен келген А.Әбілқас алса, шахмет пен дойбыдан I орынға Д.Мұқашхан мен Д.Жаманқұл лайық…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жуырда Тараз қаласындағы №6 спорт мектебінде 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында бокстан облыстық чемпионат өтті. Тараз қаласы мен аудандардан келген спортшылардың бәрі де кіл мықтылар. Талай додада топ жарып жүрген жамбылдық жігіттердің бұл жарыста мерейі үстем болды. А.Қыдыралиев басшылық ететін Түрксіб спорт мектебінің шәкірті Д.Әбумомынов 81 келіде ақтық сынға шығып, қарсыласына есе жіберіп (жаттықтырушысы А.Нұрахынов) күміс медальға қол жеткізсе, 75 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Т.Тоқтарбаев (жаттықтырушысы Б.Рахымбеков) пен 56 келіде жұдырық түйістірген Ж.Дүйсенбек қола медальды қанағат тұтты.Құрбанәлі Шахабай,«Шұғыла».
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Ю.Гагарин атындағы орта мектепте аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен футболдан жолдастық турнир өткізілді. Турнирге аудандық Мәдениет үйінің ұжымы, айтыскер ақындар, «Жастар ресурстық орталығының» ұжымы, облыстық баспасөз саласының қызметкерлері, Ю.Гагарин атындағы орта мектептің оқушылары және ұстаздарынан құралған жалпы саны 6 команда қатысты.Турнир басталар сәтте «Жастар ресурстық орталығының» директоры Маханбет Рақымжанов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жеребе бойынша жұпталған командалар бір-бірімен тартысты әрі қызықты кездесулер өткізді.Шара соңында қатысушы командаларға арнайы дип­лом­дар мен кубоктар табыс етілді.Құрбанәлі Шахабай,«Шұғыла».
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Бокс – бұл әлемдегі кең тараған спорт түрлерінің бірі. Кезінде осы спорт түрінен әлемдегі үшінші держава атанған елімізде бокс қарқынды түрде дамып, кеңге қанат жайды. Талай байрақты бәсекелерде ел мерейін үстем етіп жүрген боксшы оғландарымыз жетерлік. Ерлермен қатар, дүбірлі додаларда намыс туын жықпай, атой салып жүрген қыздарымыз да баршылық. Солардың бірі – айшабибілік ару Арайлым Бегділда. Арайлым жақында Үндістанда қыздар боксынан жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатынан алтын жүлдемен оралды. 38 мемлекеттен, 150 былғары қолғап шебері қатысқан жаһандық додада Арайлым қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ел намысын қорғаған 10 боксшының ішінде жалғыз алтын медальға ие болған да…

Серіктестер