Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы №405-V Заңы – азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында медициналық сақтандыру жүйесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналарды есептейтін және қорға аударатын төлеушілер болып табылады.Жұмыскерлердің жарналарын есептеуді және қорға аударуды жұмыс берушілер жұмыскерлердің кірістері есебінен жүзеге асырады.Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді және қорға аударуды Қазақстан Республикасының салық заңнамасында…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жуырда аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманованың төрағалығымен Ана мен бала өлімін болдырмау және жүрек қан айналымы ауруларының алдын алу бойынша кеңейтілген штаб отырысы өтті. Штаб отырысына аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Сәуле Сұлтанова, ауылдық округ әкімдері, акушер-гинекологтар, фельдшерлер мен медбикелер қатысып, ана мен бала өлімін болдырмау, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету, ауылдық округ әкімшілігі мен медицина қызметкерлерінің ынтымақтаса мобилді іс-қимылдар жасау мәселелері қаралды. Аудандық аурухана бас дәрігерінің ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Гаухар Көбеева өңіріміздегі ана мен бала денсаулығының салыстырмалы жағдайы туралы баяндама жасады. – Жыл басынан бері 833 жүкті әйел есептік бақылауда болғанымен, жүктілігі үзілген, яғни…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Пенде болған соң, бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмайды. Осындайда баратын жерің – емхана, көрінетінің дәрігер екені анық. Ал, сондайда өзіңді білікті маман-дәрігер қабылдап, тегін кеңес берсе қалай болады? Қуанасың, әрине.Осындай қуанышты сәтті Өрнек, Ерназар, Тоғызтарау ауылдарының үлкен-кіші тұрғындары бастан өткеріп, риза болысты.Олардың риза болатыны, «Денсаулық жолы-2017» акциясы аясында Жамбыл облысы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен құрамында білікті дәрігерлері бар топ облыс аумағындағы аудан тұрғындарын қабылдап, кеңес беру үшін жолға шыққан-ды. Осы бригада құрамының екінші тобы Жамбыл ауданында болып, Өрнек, Ерназар, Тоғызтарау ауылдық округтерінің үлкен-кішісін қабылдап, кеңес берді. Топ құрамында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Меруерт Кейкиева (топ…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Арамызда баласына екпе егуге қарсылық танытып жүрген ата-аналардың бар екені әр жерде бір айтылып қалып жүр. Бүгінгідей әлемдік медицина қарыштап дамыған заманда екпе егуден бас тартатындар бұл іске нендей мысалға сүйеніп, қадам басуда? Бүлдіршіндердің жасына қарай вакцина егу – балалар арасында кезде­сетін жұқпалы аурудың алдын алудың ең тиімді тәсілі. Осы мәселеге медицина мамандары тұрмақ, қоғам болып алаңдауға тиіспіз. Өйткені бұл еліміздің эпидемиологиялық ахуалына, түрлі жұқпалы аурулардың өршуіне, әлеуетіміздің нашарлауына тікелей ықпал ететін құбылыс қой. Биыл Ұлттық егу күнтізбесіне өзгерістер болып, күнтізбеге әлсіздендірілген және реактогенділігі аз аралас (комбинирленген) вакциналар енгізілген екен. Бұдан инъекциялар саны, балалар травматизмі азайып, постинъекциялық асқынулардың даму қаупі…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Елімізде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және біздің облыс Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы індетінің табиғи ошағы болып саналатыны белгілі. Жалпы, облыста біздің ауданды қоса есептегенде Талас, Сарысу, Мойынқұм аудандары – осы кеселдің нақ ордасы. Ауданымыз бұрын кене тарататын ошақ ордасы болып саналмайтын. Өкінішке қарай, тек алдыңғы жылы аудандағы Қапал және Шайдана ауылдарының 2 тұрғынын кене шағып, елдің дүрліккені бар. Себебі, кененің кесірінен шайданалық арыстай азамат бақилыққа аттанып кете барған. Сол кезде аудан аумағындағы эпидемиологиялық жағдайды болжау үшін қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ұсынысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мен ветеринариялық қызмет мамандары ауыл шаруашы­лығындағы түліктер мен кенелерден сынама алып, олардың қандай және қаншалықты індет тарататынын…

Серіктестер