Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Сейсенбіде аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «АИТВ-мен күрес» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысын өткізді. Аудандағы білім беру, медицина салаларының өкілдері бас қосқан отырысты басқарма басшысы М.Ақтанова ашып, АИТВ, ЖИТС туралы әңгіме өрбітті. – ЖИТС – инфекциясы білінбей өтетін ауыр ауру. АИТВ инфекциясының соңғы сатысы болып табылады. АИТВ – адамдардағы иммунтапшылығы вирусы. Бұл вирус адамдарға қорғанбай жыныстық қатынасқа түскенде, инъекциялық есірткі қолдану және зарарсыздандырылмаған құралдар арқылы, жүктілік кезінде, босанғанда және емізгенде ауру жұқтырған анадан балаға жұғады. Адамдар ауруды жұқтырғанын немесе жұқтырмағанын АИТВ-ға тексерілу мен тестілеуден өту арқылы ғана біле алады. АИТВ инфекциясын диагностикалау мен емдеу елімізде…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
«Денсаулық – зор байлық» деген. Емдеу орталықтарының есігін қағушылардың саны осы мезгілде көбейе түседі. Науқастарды медициналық тексеруден өткізу үшін жеңілдіктер қарастырылған ба және емханаларда қажетті техникалық аппараттар мен құрал-жабдықтар толық жетілген бе? Осы мақсатта сенбі күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой Аса ауылына келді. Емханаға бас сұққан вице-министрді қарсы алған аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Алтай Саурықов емхананың жаңа электрондық кезек жүйесіне көшкенін айтып, рентген және мамография кабинеттеріндегі жаңа аппараттарды көрсетті. Негізі, бұл орталық емхана 2018 жылы 70 пайызға электрондық кезек жүйесіне көшу керек болса, бүгінде оның 60 пайызы осы жүйеге көшіп үлгерген. Артықшылығы сол, қабылдауға келген тұрғындар…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Қазан айының 1-ші жұлдызынан бастап тұрғындарға тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады. Елімізде тұмауға қарсы екпенің 3 түрі егіледі. Олар: «Ваксигрипп» (Франция), «Инфлювак» (Нидерланды) және «Гриппол-плюс» (Ресей Федерациясы). Аудан тұрғындарының 10 пайызын екпемен қамту жоспарланған. ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 12 ақпандағы №194 бұйрығының 303-бабы 5-тармағына сәйкес эпидемия алдындағы кезеңде медицина қызметкерлерін, медицина ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған балаларды, әлсіз және алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, мүгедектерді, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша жүкті әйелдерді жыл сайын тұмауға қарсы вакцинациялауды жүргізу қамтамасыз етіледі. Осыған орай ауданда осы жылы жоспар бойынша 8350 азаматқа екпе егіледі. Соның ішінде жүкті әйел…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Екпе – ғалымдар мен медицина мамандарының бірнеше ғасыр бойы іздеп тапқан дәрісі. Ол – халықты жұқпалы іңдеттерден, оның ішінде балаларда кездесетін түрлі жұқпалы аурулардан: қырылдауық, көкжөтел, қызылша, туберкулез, сіреспе, В гепатиті, сал және гемофильден сақтандырудың бірден-бір жолы. ХХ ғасырдың басында екпе әлі енбеген заманда қаншама сәби шетінеп, тіпті бір отбасының қырылып қалғанын тарихтан білеміз. Сол себепті адамның денсаулығын нығайтуға, өмірін ұзартуға жетелейтін екпеге (вакцина) қарсы келмеуіміз керек. Аурудың алдын алатын, ауруды болдырмайтын вакцина салынса, одан адам еш ұтылмайды. Мұның бәріне ғылыми жетістіктердің арқасында қол жеткізілді. Денсаулықты сақтап қалатын жетістіктерді пайдаланбау – өлімге итермелеу. Біздің мақсат – адамзаттың өмірін сақтап қалу.…

Шипажай ашылды Таңдаулы

Бөлім:  Денсаулық
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Қасиетті Құрбан айттың алғашқы күнінде Жамбыл ауданының Қызылтаң ауылынан «Айша бибі» шипажайы ашылды. Шипажай 120 емделушіге арналған. Бұл жер сонау Кеңес кезеңінде емдеу орталығы болған екен, соңғы жылдары №1 жүйке аурулары интернаты атанғаны бар. Ғимарат тозығы жеткен, ескі болатын. Ол мекеме басқа жерге ауыстырылып, екі жыл бұрын осында елімізде теңдесі жоқ шипажайдың құрылысы қолға алынған. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 520,4 миллион бөлініп, мұнда қызу құрылыс жұмыстары жүрген. Мердігер компания «Бином Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – талай құрылысты жауапкершілікпен жүргізген ұжым. Бұл жолы да сапаға көңіл бөлгені көрініп тұр. Ғимараттың сыртқы сұлулығының өзі көрген көздің жауын алады. Шипажай кіші Ақкөл көлінің…

Серіктестер