Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Мойынқұм өңіріне қар түспесе де, екпіндей соққан желі, денені дірдек қаққызатын салқыны қыр астында қыс мезгілінің тұрғанын сездіргендей-ақ. Әсіресе, түнгі уақытта қойын-қонышыңа кіріп кететін қара суығының түрі алабөтен. Бұл қиындыққа малшылар қалай шыдас беріп жүр деген ой көңілімізді мазалайтыны жасырын емес. Осындай жай-күйді біз өткен сейсенбі, сәрсенбі күндері аудан әкімі Бақыт Қазанбасов бастаған топпен бірге Мойынқұм өңіріне барғанымызда бастан өткергенбіз. Жұмыс сапарымыздың басты мақсаты осындағы малшылардың мал қыстатуға дайындығымен танысу болатын.Өңір басшысымен бірге аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Аманалы Құрбанов, ветеринария бөлімінің басшысы Сәкен Нұржаубаев, аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің директоры Жұмабек Байділдаев, аудандық…

Салада даму бар Таңдаулы

| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Ертең жыл сайын атап өтілетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күні. Осы кәсіби мерекеге орай біздің тілшіміз аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлымен сұхбаттасқан еді. – Ерлан Қыдыралыұлы, мереке құтты болсын! – Рахмет.– Әңгімемізді аудан ахуалынан бастасақ.– Ауыл шаруашылығы – халықты асыраушы сала. Ет те, сүт те, көкөніс те сала еңбеккерлерінің қолынан шығады. Сол игілік өндірушілер арасында ауданымыздың азаматтары да көптеп кездеседі. Ендеше, ауыл шаруашылығында атқарылған тірліктер төңірегінде әңгімелесек, ауданда жалпы жер көлемі 431318 гектарды құраса, оның 414832 гектары ауыл шаруашылығы алқаптарына тән. Егістік жер көлемі 64087 гектар болса, оның 30176 гектары – суармалы. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланып жатқан егістік жер – 57969…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Ауыл шаруашылығы өніміне жаһандық сұраныс ұдайы өсіп отырған жағдайда еліміздің ауыл шаруашылығы саласын ауқымды жаңғырту қажет» деп атап өткендігі белгілі. 2015 жылғы 29 қазанда Президент «Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» Заңға қол қойған болатын. Бұл заң түрлі ауылшаруашылық өндірушілердің экономикалық бірлестіктері үшін негіз болды. Ұлт жоспары – «Бес институционалдық реформаны» жүзеге асыруға және ауылшаруашылық кооперативтері мен олардың қауымдастықтарының қызметін кешенді түрде реттеуге бағытталғаны тағы бар.Бірлесіп бас қосып, кооперативтер құру – заман талабы. Қазіргі кез жұмыла еңбек ететіндердің заманына айналуда. «Жалғыздың үні шықпас» дегендей, кәсіпкерлер үшін де мәселемен жалғыз айналысқаннан гөрі, бірлесе шешкен тиімді болуда. Қазір мемлекет қолдауының…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Дүйсенбіде аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Жамбыл облыстық фермерлер одағының төрағасы Жигули Дайрабаев аудан шаруаларымен кездесті. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Аманалы Құрбанов, «Амангелді» өндірістік кооперативінің төрағасы Қасымхан Қанаев, аудандағы бірқатар шаруа қожалық жетекшілері қатысқан кездесуде төраға өңірімізде ауыл шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бұл салада ілгерілеушілік бар екенін сөз етті. Республика бойынша осы жылы 18 млн тонна астық жиналғанын, қант қызылшасы биыл облыс бойынша 9 мың гектар жерге егілгенін мысалға келтірді. Мал, егін шаруашылығындағы проблемаларды тілге тиек етіп, шаруаларға жағдай жасалуы керектігін алға тартты. Әркім өзі үшін деген ұстанымның ескіргенін, шаруалар алдынан шығатын қазіргі киындықтарға немқұрайды…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Бүгінде ауа райына сенбей қалдық қой. Қазір күліп тұрып, артынша жылай салатын бала сияқты. Сондықтан да күнге сенбей, қызылша қазығын қант зауыты ашылған күннен қолға алып, сол күні-ақ тәтті түбірді тасымалдай бастағанбыз. Биыл 8 гектар алқапта қызылша өсірдік. Алынған өнім көңіл көншітеді. Қазық жұмысын аяқтадық. Науқан барысында бізге көмек қолын созған ауыл әкімі Нұрсұлу Дүзееваның басшылығымен әкімдіктің және Бірлесу-Еңбек, Октябрь-Жеміс орта мектептері ұжымдарының белсенділігі арқасында жиын-терін жоғары қарқынмен жүргізілді.Нұрсұлу Лутфуллақызына рахмет. Таңсәріден қас қарайғанға дейін алқап басында жүргені. Әрине, әкімшілік және мектептерден келіп жәрдемдескен жігіттер мен қыз-келіншектерге де ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, даяр өнімді қант зауытына жеткізуге көмектескен «Аса-су» мекемесінің басшысы…

Серіктестер