Жылы лебіздерін арнады Таңдаулы

Бөлім:  Білім
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Білім күні мерекесіне орай аудан әкімі Бақыт Қазанбасов еңселі білім мекемелерінің бірі – Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектепке арнайы барды. Облыстық бюджеттен 161 млн теңгеге жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесін көру мақсатында мектеп ішін аралап, білім ордасының жай-күйімен танысты.Күмбірлейді туған жердің бел, өрі,Күмбірлейді қайың, шырша, терегі.Балбұлақ та қоңырау болып кеткендей,Бүгінгі күн білім күні себебі, – деп басталған алғашқы қоңырау салтанаты «Бұраңбел» бишілер тобының биімен ашылды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандар мен жас түлектер қаз-қатар тізіліп келіп, безендірілген алаңда сап түзеген сәтте мемлекеттік Гимн орындалды. Аудан басшысы Бақыт Қазанбасов мектеп ұстаздары мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, қырық жылдан…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Сенбі күні аудандық Мәдениет үйінде білім қызметкерлерінің Тамыз кеңесі салтанатты жағдайда өтті. «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» атты тақырыпта өткен кеңеске аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, аудандық мәслихаттың хатшысы Рүстем Бегалиев, облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жамиля Бекбатырова, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім, мекеме-ұйым басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, мектеп директорлары, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің меңгерушілері қатысты. Кеңеске келген көпшілік әуелі Мәдениет үйінің кіреберіс дәлізіндегі білім мекемелері мен озат оқушылардың, ұлағатты ұстаздардың жеткен жетістіктерінен хабардар етіп тұрған стендіні тамашалап, аудан әкімінің құттықтау сөзіне зейін қойды.– Құрметті ұстаздар! Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Білім ошағы саналатын ғимараттардың жай-күйіне жауапкершілікпен қарауға мүдделі топ аудандағы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын зерделеу мақсатында жолға шықты. Нақтырақ айтқанда, сәрсенбіде аудандық мәслихаттың хатшысы Рүстем Бегалиев пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбеков және аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері әуелі Аса ауылындағы Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектепке барып, ондағы күрделі жөндеуге бөлінген қаражаттың толық игерілуін және құрылысты қолға алған мердігер компаниялардың оқу жылы басталғанға дейін күрделі жөндеуді аяқтауын талап етті. Сондай-ақ Б.Момышұлы атындағы орта мектепте, Қаракемер ауылдық округіндегі Ильич, Төле би атындағы орта мектептер мен Өрнек ауылдық…

Серіктестер