Ұстазым, саған мың алғыс! Таңдаулы

Бөлім:  Білім
| Автор: 
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Сенбі күні Тараз қаласындағы «Арай Плаза» бизнес орталығының ғимаратында аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұстазым, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті. Әуелі, бала бағбанын төл мерекесімен құттықтаған аудан әкімі Бақыт Қазанбасов аудандағы білім саласының жетістіктері мен сол жолда атқарылып жатқан игі істер жайында баяндап, білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін бірқатар азаматтарды марапаттады. Толығырақ тоқталсақ, Амангелді атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мадинахан Сарбашеваны, Жасөркен орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Ардан Кожахметованы, Октябрь-Жеміс орта мектебінің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Гүлсара Сүлейманованы, Б.Момышұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Айнұр Жұмағұлованы, Шайқорық орта мектебінің физика пәнінің…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік болған. Тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді жандарға ілтипат таныту – адамгершіліктің бір белгісі. Ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым ізетпен еске алғаны мәлім.Осындай мамандығына деген сүйіспеншілігінің нәтижесінде көпке үлгі болып жүрген аяулы жандардың бірі – Қ.Сартбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мәрзия Ержанова. Оның оқушыларына берген тәлім-тәрбиесі, махаббаты, жүрегінің тазалығы, көңілінің ақтығы шәкірттерді жоғары жетістіктерге жетелейді. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне аса көңіл аударып жүрген Мәрзия Сейіткерімқызының еңбегі зор деп…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Ахмет Байтұрсынұлы.Аудан орталығында орналасқан білім ошақтарының бірі – Аса дайындық білім беру орталығы. Санаулы жылдардың өзінде білім мен тәрбие ошағына айналып үлгерген орталықта бүгінде 40 шәкірт тәрбиеленуде. Білім мен тәрбиеге негізделген мекемеде бала үшін барлық жағдай жасалғанын естіп-білген ата-аналар сонау шалғайдан арнайы келіп, балаларының осы орталықта оқығандарын жөн көреді екен. Оған қоса, былтырғы жылы осы орталықтан түлеп ұшқан жеті түлектің бәрінің де оқу…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жуырда Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Махамбет Ахметұлы Дүйсембаев ауданымызға арнайы келіп, бірқатар мекемелердің жылыту маусымына дайындық барысымен танысып қайтты. Халық қалаулысы аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова, аудандық Мәдениет үйінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Индира Тоғанбаева, аудан әкімдігі білім бөлімінің маманы Бақытжан Шабанбаевпен бірге Айшабибі, Қызылқайнар, Полатқосшы, Гродеково ауылдық округтерінде орналасқан әлеуметтік нысандарды аралады. Сыйымдылығы 640 орындық Айшабибі орта мектебі газбен жылытылады, 2 автономды жеке қазандық және қосымша тоқ беретін генератормен қамтылған, резервте дизель отыны қарастырылған. Алқалы топ Айшабибі ауылдық округінде орналасқан «Қарлығаш» балабақшасы, дәрігерлік амбулатория, Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте болып, жылыту маусымына дайындық жұмыстарының жай-күйімен танысты. Мекемелердің қазандықтарын көріп, олардың…
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Жан жадыратар алаңсыз күндерін өткізіп, бір жылға есейіп келген жеткіншектеріміз қайта жиналып, сыныптастарымен қауышып, үш ай бойы тұнжырап тұрған мектеп ауласын жарқыратып, шаттыққа бөледі. Бұл күн мектеп оқушыларының есінде мәңгі қалады. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер төңірекке қызыға қараумен әуре. Бөтен аула, бөгде кісілер, танымайтын өздері құралпы балалар олар үшін таңсық көрінетіні анық. Осы сәтте салтанатты жиынды жүргізушінің:– Қуаныш бүгін, мереке,Шуағын шашып тұр әлем.Мектепке келген алғашқы,Бүлдіршінге бір сәлем, – деуі мұң екен олардың жүздерінде күлкі ойнап шыға келген.Салтанатты жиын сәнімен жалғасып, алғашқы сөзді алған Ильич атындағы орта мектептің директоры Ақерке Тлебалдиева: – Биылғы оқу жылы мектебімізде барлығы 148 оқушы…

Серіктестер