Мерейтойлық төсбелгі табыс етті

Бөлім:  Қоғам
| Автор:   11 Сәуір 2018
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Осыдан 100 жыл бұрын, яғни, 1918 жылдың 8 сәуірінде Кеңес Одағында алғаш рет әскери комиссариаттар құрылды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдарының да тыныс-тіршілігі сол жылдармен ұштасып жатыр.
Жергілікті әскери басқару органдары, бұрынғы әскери комиссариаттар, бүгінгі Қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер ҚР Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарын запастағы офицерлермен, сержанттармен және сарбаздармен жасақтауда тынымсыз еңбек етіп келеді.
Қарулы Күштерді жасақтау, ел қауіпсіздігін қамта­масыз ету – мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Сондықтан бұл жұмыстар жергілікті атқарушы органдар, ҚР ҰҚК, ІІМ-нің жергілікті бөлімдері, басқа да мемлекеттік мекемелерімен бірлесе отырып жүзеге асырылады.
Осы уақытқа дейін талай саяси өзгерістерді басынан өткерген әскери комиссариаттардың атқаратын функциясы өзгерген жоқ. Әскери комиссариат үшін ерекше сынақ Ұлы Отан соғысы жылдары болды. Соғыстың бірінші күнінен бастап комиссариаттан әскери бөлімшелер жасақталып, командалық кадрларды даярлау шұғыл қолға алынды. Отты жылдары мыңдаған адам әскери комиссариаттар арқылы ұрыс даласына аттанған. Сол жылдары отбасыларды қауіпсіз жерге көшіру, ұрыс даласынан оралғандарға көмек беру секілді қауырт жұмыстардың барлығын әскери комиссариаттар зор абыроймен атқарған.
Дүйсенбі күні жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 100 жыл толуына орай аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Руслан Намазбаев аудан әкімі Бақыт Қазанбасовқа, орынбасары Үміткен Наймановаға, Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетовке, Пионер ауылдық округінің әкімі Самат Селеубаевқа «Жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 100 жыл» мерейтойлық төсбелгісін табыс етті.

Нұрасыл СҰЛТАНБАЕВ,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Осы категориядағы басқа материалдар: « Шен алып, медаль тақты
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер