Шен алып, медаль тақты

Бөлім:  Қоғам
| Автор:   11 Сәуір 2018
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

6 сәуір. Бұл күн – тергеушілердің кәсіби мерекесі. Бұл күн – тергеушілердің жұмысына баға берілетін күн. Бұл күн – ақ тілектер ағытылатын күн.
Солай болды да. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Талғатбек Тәтенов жеке құрамның басын қосып, салтанатты жиын өткізді.
Биыл тергеушілер қызметінің құрылғанына 55 жыл. Біз қариялардың өсиетін бағалап, сол жолмен жүргеніміз мыңға жуық іс-әрекетке теңеседі. Демек, 55 жылдан бері жалғасқан кәсіби мерекені атап өтпеу мүмкін емес, – деп  сөз бастаған Талғатбек Болатұлы тергеушілердің бүгінгі жұмысына тоқталды. Оң бағасын берді.
Жиынға аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың сәлемін арқалай келген аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Телеуов құттықтау хатын тапсырып: «Әрбір шаңырақ ұрпақты болсын, ұрпақ ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын», – деп тілегін жеткізді. Тілекшілер кезегін АІІБ бастығының орынбасары Талғат Төребеков, ішкі істер органының ардагері Сәкен Әшімалиев, АІІБ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрсейіт Әлімқұлов, ҚР ІІМ еңбегі сіңген қызметкері Сәпілмәлік Тажиев жалғаған басқосуда тергеу бөлімінің аға тергеушісі Назгүл Жампозова жүрекжарды жырларын оқып, әріптестерін бір серпілтті.
Мінбеге қайта көтерілген Талғатбек Тәтенов мерекелік бұйрық бойынша қызметтік борышын адал орындаған тергеу бөлімінің барлық қызметкерлеріне алғыс жариялады. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары Жарас Тохабаев пен әкімшілік полиция бөлімшесі әкімшілік полиция тобының аға инспекторы Евгений Лидің, учаскелік полиция инспекторы Сәкен Сейітовтың омырауына ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалін тақты. ІІІ дәрежелі медаль жергілікті полиция қызметі ұйымдастырушылық-аналитикалық жұмыс тобының аға инспекторы Нұрбол Тұрсыновқа, учаскелік полиция инспекторы Нұржан Жұмағұловқа, айыпталушыларды уақытша қамақта ұстау изоляторының инспекторы Бағжан Жұмабековке, кезекші бөлімнің инспекторы Бақытжан Есеевке, штабтың аға инспекторы Толқынай Шалимбетоваға, табиғатты қорғау тобының аға инспекторы Берік Байдешовке табысталды.
ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығы негізінде АІІБ бастығының қызмет жөніндегі орынбасары Жақсылық Ержановқа «полиция подполковнигі» атағы берілді. Ішкі істер органының ардагері, кезінде тергеуші қызметін атқарған, 65 жасқа толып отырған Есенғали Төлеуішовке құрмет көрсетілді.
Дүйсенбек Орманов,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер