Басқармадағы басқосу

Бөлім:  Қоғам
| Автор:   31 Наурыз 2018
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Таяуда Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Басқосуда басқарманың бөлім басшысы Аслан Турешов «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту барысында бюджеттің 4-ші деңгейінің енгізілуі және 2018 жылдан салық заңдылығының өзгерістері мен толықтырулары туралы» хабарлама жасады.
– «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында енгізілген, яғни жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан астам әкімшілік аумақтық бірліктерде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерлерде мемлекеттік бюджеттің 4-ші деңгейі ретінде енгізілетін болады. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің кіріс көздері айқындалды. Кіріс көздеріне кірістерден алынатын жеке табыс салығы, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы, елді мекендердің жерлері үшін жеке және заңды тұлғалардан алынатын жер салығы, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы жарнаманы орналастыру үшін алынатын төлемақы жатады. Салық төлеушілерден жоғарыда аталған төлемдер бойынша ақша қабылдау кезінде әрбір салық төлеушінің тұрғылықты жеріне мән беру қажет, – деді бөлім басшысы өз сөзінде.
Отырысты басқарма басшысының орынбасары Ғани Сейдуанов қорытындылады.
Жамбыл ауданы бойынша мемле­кеттік кірістер басқармасы жергі­лікті өзін-өзі басқаруды дамыту барысында бюджеттің 4-ші деңгейінің енгізілуі және өзгерістер мен толықтырулар бойынша Пионер, Айшабибі, Көлқайнар, Ақбастау, Ерназар, Жамбыл, Тоғызтарау, Ақбұлым, Бесағаш, Полатқосшы, Гродеково ауылдық округтерінде семинар-кеңестер өткізді.

Ильяс Қалыбеков,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Осы категориядағы басқа материалдар: « Көделіде көп қозы Шен алып, медаль тақты »
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер