Әлеуметтік нысандарды аралады Таңдаулы

Бөлім:  Саясат
| Автор:   31 Наурыз 2018
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Бейсенбі күні Жамбыл ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан іссапармен келді. Халық қалаулысы сапар барысында Айшабибі ауылдық округіне қарасты Қызылтаң ауылындағы «Азиялық Газқұбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «С» желісінің №3-компрессор станциясына ат басын тіреді. Өндірістік нысанды, диспетчерлік пунктті аралаған депутат оның тыныс-тіршілігімен, жұмыс барысымен, ғимараттар мен құрылыстар экспликациясымен, өндірісте қолданылатын заманауи техникалық құрал-жабдықтармен етене танысты. Онда вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылармен хал-жағдай сұрасып, емен-жарқын әңгімелесті.
«Азиялық Газқұбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі қызметі Қазақстан-Қытай газқұбырының бірінші учаскесін жобалау, қаржыландыру, құрылысын салу және оны пайдалану болып табылады. Былтырғы жылы бұл компания Қытай еліне 35 млрд м3 газ тасымалдады. Еліміздегі ірі салық төлеуші болып табылатын серіктестік өткен жылы жергілікті бюджетке 6 млрд 400 млн теңге, республикалық бюджетке 26 млрд теңге салық төледі. 40 адам жұмыс істейтін станцияда қызметкерлердің қауіпсіздік ережелерін сақтауына ерекше назар аударылады. Станцияда апат, өрт, жазатайым оқиғалар, кәсіптік аурулар, өндірістік жарақат фактілері тіркелмеген.
Станцияны мәжіліс депутатымен бірге аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Белғали Сергеев, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиев аралап көрді.

Ильяс Қалыбеков, «Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер