Әлеуметтік нысандарды аралады Таңдаулы

Бөлім:  Саясат
| Автор:   31 Наурыз 2018
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Бопазов ауданымызға арнайы келіп, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көрді.
Марат Дәрібекұлы алдымен «Айша бибі» кесенесіне ат басын тіреді. Бірнеше ғасырлық тарихы бар кесененің шырақшысымен әңгімелесті. «Бұл – тарихи орын ортағасырлық сәулет ескерткіштерінің бірі. Біздің күнге киелі орынның тек батыс бөлшегі сақталған. Кесене 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфиялық белдеумен жасалған», – деді шырақшы депутатқа әңгіме барысында.
Мұнан соң халық қалаулысы Айшабибі орта мектебі мен Б.Момышұлы атындағы орта мектеп ұжымдарымен кездесіп, Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы туралы тарқата түсіндірді. Сондай-ақ депутат ұстаздардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, еңбектеріне табыс тіледі.
Бұдан кейін халық қалаулысы аудандық орталық емханаға бас сұқты. Ондағы жұмыс барысымен, қауіпсіздік шараларымен етене танысты. Емханадағы бөлімдерге кіріп, емделушілердің жағдайын сұрады. Ақ халатты абзал жандармен емен-жарқын әңгімелесті.
Әрі қарай депутат аудандық «Жастар ресурстық орталығына» аялдап, мекемедегі «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жұмысымен, «Рухани жаңғыру» бойынша ұйымдастырылған кітап, фотокөрмелермен танысты. Аудандық тарихи-өлкетану мұражайындағы тарихи жәдігерлерді көрді.
Аудандағы әлеуметтік нысандарды депутат аудан әкімі Бақыт Қазанбасовпен, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Белғалы Сергеевпен, білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжаровамен бірге аралады.
Түс ауа мәжіліс депутаты аудан активімен кездесті. Аудандық мәслихаттың хатшысы Рүстем Бегалиев, аудан әкімінің орынбасары Жалғас Мұртаза қатысқан кездесуде депутат ауданға жасаған сапарын қорытындылады. Ауданда тірліктер тиянақталып жатқанын айтып, қатысушылармен елге ортақ мәселелерді қаузады. Президенттің 5 әлеуметтік бастамасына тоқталды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсы деп бағалады.

Ильяс Қалыбеков,

«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер